90
жарманың сапасы, дəмі, түрі-түсі, пісіп жетілу уақыты, көлемінің
жəне салмағының өсуі немесе ұлғаюы жатады.
Дəнді жармаға айналдыратын технологиялық сызбаларды
құруда өндіретін жармалардың түрлері (тұтас дəннен
алынған жар-
ма, ұнтақталған дəннен алған жарма, ажарлап немесе ажарламай
алынған жармалар, т.б.) жəне дəннің табиғи құрылысы –
ядро мен
қабығының байланысы, ядроның қаттылығы, дəннің түрі, т.б. əсер
етеді.
Технологиялық жүйелерді құрудың жалпы талаптарына қарай
барлық жарма дақылдары дəндерін екі үлкен топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, қабығы ядромен тығыз
байланыспаған дақылдар жата-
ды. Бұлардан көбіне ұнтақталмаған (тары, күріш, сұлы, қарақұмық)
жармаларын алады, екінші топқа, қабығы тығыз байланысқан
дақылдар жатады. Олардан көбіне ұнтақталған жармалар алады, тек
қана бұршақтан жартылай жəне тұтас жармалар тепе-тең алынады.
Ал арнайы шығарылған – жапалақ,
сұлы ұны, диеталық ұн, тағы
басқалардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: