102
лардан екі зат алынуы тиіс: 1) ядро, оны тікелей жармаға (қарақұмық
ядрицасы) немесе ажарлап, жылтыратып (күріш пен сұлының
ядросы),
жармаға жібереді, 2) қауыздалмаған дəн, оны қайтадан
қауыздауға жібереді (23-сурет).
Егер сұрыптағыш машинаға түскен затты 100% деп алсақ, онда
оның құрамын былай жазуға болады:
К + Н = 100%, мұндағы
К –
қауыздалған дəннің мөлшері % есебімен;
Н – қауыздалмаған дəннің
мөлшері, % есебімен.
Бөлу жүйесінде екі зат алынады. «А» əрпімен көбінесе
қауыздалған дəндерден тұратын (құнды заттардың шығым мөлшері),
ал «В» əрпімен көбіне қауыздалмаған дəндерден
тұратын заттардың
шығым мөлшерін белгілесек, онда
А+В=К+Н=100% есебімен.
Егер сұрыптағыш машина дұрыстап, жақсы жұмыс істесе, онда
А=К-ге, В=Н-қа тең болуы керек. Бірақ қазіргі сұрыптағыштар
ондай нəтиже бере алмайды: қауыздалмаған дəннің құрамында
қауыздалған, ал қауыздалған дəннің ішінде қауыздалмаған дəндер
болады. Сондықтан сұрыптағыш
машиналардың жұмыс сапасын
анықтап білу керек.
Сұрыптағыш машинаның технологиялық сапасы, оған түскен
қоспаларды дұрыс бөлу – α (альфа) жəне β (вета), сұрыпталған
ядроның тазалығы γ (гамма) арқылы анықталады. Бұл үш
көрсеткіштердің екеуі сұрыпталған дəндердің мөлшерін көрсетеді.
α – бөлініп алынған қауыздалмаған ядроның мөлшері, ол бөліп
алған ядроның (К
1
) машинаға түскен қоспалардың ішіндегі ядроның
мөлшеріне (К) қатынасы:
Į =
;
(2.5)
β – сұрыптап алынған қауыздалмаған дəннің мөлшері, ол
бөліп алған дəннің мөлшерінің машинаға түскен
қоспалардың
құрамындағы қауыздалмаған дəндердің мөлшеріне қатынасы
арқылы есептеледі:
ȕ = ;
(2.6)
γ – сұрыптап алынған қауыздалған дəндердің тазалығын
көрсетеді, ол сұрыпталып алынған қауыздалмаған дəндердің
құрамындағы таза ядроның (К
1
), сұрыпталып алынған дəндердің
жалпы мөлшеріне қатынасы арқылы есептеледі:
103
Ȗ =
;
(2.7)
Сұрыптау жүйесінің технологиялық сапасы – η
кр.
, осы үш
коэффицентті көбейту арқылы анықталады:
η
кр.
= α·β·γ; (2.8)
2.3-суретте қауыздалмаған жəне қауыздалған дəндердің
қоспаларын падди-машинаны қолданып сұрыптаудың сызбасы
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: