Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет64/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

2.11-сурет. Тары дəнінен жарма алу сызба-
сы: 1 – магнитті сепаратор; 
2 – білікті-декалы станок; 3 – аспиратор; 
4 – АІ-БРУ елеуіші; 5 – ажарлау машинасы


123
дəннің мөлшері (1,5 мм електен сырғып түскені) 2%-дан аспауы 
керек, ал ұнтақтың құрамында мүлде болмауы керек. Дəннің жəне 
жаңа қауыздалған дəннің (ядроның) мөлшері қауыздың құрамында 
(1,2 електен сырғып түскені) 1%-дан аспауы керек.
Қауызды құрама жем дайындауға немесе басқа (отынға т.б.) 
қажетке қолданады. 
Ұнтақ құнды жемдік зат. Оның құрамында 10-15%-дай май, 15%-
дай ақуыз, тағы да басқа биологиялық құнды заттар бар. Биологиялық 
құндылығына байланысты оны құрама жем алуда қолданады.
Ажарлауда АІ-ЗШН машинасын қолдану білікдекалық станокка 
қарағанда, жарманың шығымын төмендетеді. АІ-БШП машинасын 
қолдану да осындай нəтиже береді, мұнда жарманың сапасы жоғары 
болады немесе жоғары сұрыпты жарманың шығым мөлшері көбейіп, 
бірінші жəне екінші сұрыптардың мөлшері азаяды.
2.6. Сұлы жармасын алу технологиясы
Сұлы дəнінен сұлы жапалағын, жəне сұлы ұнын (толокно), 
ажарланған жарма алады. Басқа жарма өнімдеріне қарағанда, 
сұлыдан алынған даяр өнімдердің калориясы жоғары, құрамында 
ақуыз бен майдың мөлшері өте көп болады. Олардың құрамында 
көптеген витаминдердің, минералды заттардың, микроэлементтердің 
болуына байланысты диеталық қасиеттері де ерекше.
Сұлы дəнінде басқа жарма дақылдарына қарағанда, қабығының 
мөлшері өте көп 25-30% мөлшерінде. Сұлы дəнінің құрамында 
1,8х20 мм електен өтетін майда дəн көп болады. Олар жоғары сапалы 
(көп мөлшерде) жарма алуға кедергі жасайды. Сондықтан олардың 
мөлшері сұлының құрамында 5%-дан аспауы керек. Сұлы ядросы 
жұқа тұқымдық ұрықтық жəне алейрондық қабықтармен қапталған, 
олардың жалпы мөлшері дəн массасының 9-11%-ын құрайды.
2.6.1. Дəнді жарма алуға дайындау
Дайындауда қолданатын негізгі операциялар: қоспаларды бөліп 
алу жəне дəнді булап ылғалдау (2.12-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет