128
2.7. Арпа жармасын алу технологиясы
Арпадан екі түрлі жарма өндіреді: ірі (перловка) жəне ұнтақталған
(ячнелі). Ірілігіне қарай Перловка жармасын беске дейін бөліп,
нөмірлейді, ал ұнтақталған арпа жармасын үшке дейін бөліп
нөмірлейді (2.11-кесте).
2.11-кесте. Арпа жармаларының өнімдері жəне біркелкілігі
Жар-
маның
№
Қос
електің саңылауы-
ның диаметрі, мм
Біркел-
кілігі,
%
Жар-
маның №
Қос електің
саңылауының
диаметрі, мм
Біркел-
кілігі,
%
Өткені Сырғымасы
Өткені
Сырғымасы
1
3,5
3,0
80%
кем
бол-
майды
1
2,5
2,0
75%-
дан кем
бол-
майды
2
3,0
2,5
2
2,0
1,5
3
2,5
2,0
3
1,5
0,56
4
2,0
1,5
5
1,5
0,56
Перловка жармасына гүлді қабығынан босатылған, жақсы
ажарланған
арпа ядросы жатады; №1 жəне №2 жармалар ұзын
пішінді, ал №3, №4, №5 жармалар шар пішінді болады.
Ұнтақталған арпа жармасына ұнтақталған ядроның бөлшектері
жатады. Олардың ірілігі, түрі əртүрлі болып келеді, гүлді
қабықтарынан түгелімен, ал тұқымдық
қабықтарының көбінен
ажыратылған болады.
Ірілігі бойынша Перловка жармасының біркелкілігі 80%, ал
ұнтақталған жармасы 75%-дан кем болмауы керек. Перловка жəне
ұнтақталған жармалар сұрыпқа бөлінбейді.
Арпа дəнінің сыртқы тұқымдық (3,5-4,0%) қабығы тығыз байла-
нысты (8-17%) гүлді қабықпен жабылған. Ұрықтық жұқа қабықтың
құрамында (2,0-2,5%) ақшыл-сары немесе көкшіл-жасыл пигмент-
тер болады. Сондықтан жарманың түрі ақшыл-сары немесе көкшіл-
жасыл болады.
Басқа дақылдарға қарағанда, арпа дəнінің алейрон
қабаты 2-4 қатар ірі қалың жасушалардан (клеткалардан) тұрады,
оның мөлшері дəннің салмағының 12-14%-ын құрайды, ұрығының
мөлшері 2,5-3,0%, эндосперм 63-69% болады.
2.7.1. Арпаны жарма алуға дайындау
Арпа дəнінен Перловка жəне ұнтақталған жармаларын алуға
дайындаудың ерекшелігіне дəнді қоспалардан
тазаланғаннан кейінгі
қауыздау жатады.