Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет72/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

2.20-сурет. Бидайдан жарма алу сызбасы: 1 – магнитті сепаратор; 2 – 
қауыздаушы-ажарлаушы АІ-ЗШН-З машинасы; 3 – аспиратор; 4 – білікті 
станок; 5 – елеуіш; 6 – бурат; 7 – жарма бөлгіш.


137
жылтырату арқылы алады (2.20-сурет). Ажарланған өнімдерді 
елеуіште сұрыптап, бірнеше фракциялар алады. Саңылауы 3,3-
4,0мм електен алынған сырғымаларды білік станокта қауыздайды. 
Ұнтақталған заттарды желсорғыштан өткізіп, АІ-ЗШН машинасын-
да өңдеп, елеуіште сұрыптайды.
Елеуіштерде ұнтақтарды бөліп алады, ал қалғандарын ірі жəне 
майда фракцияларға бөледі. Бұл фракцияларды жеке жылтыратады.
Əр жүйедегі Аі-ЗШН-3 машинасында қауыздау ұзақтығы 12-
25 сек, ал жылтырату 15-30 сек. Дискілердің айналу жылдамдығы 
қауыздауда 16-18 м/сек, жылтыратуда 20-22 м/сек. 
Екінші жылтырату жүйесінен кейін, жарманы қалған қабықтар 
мен ұнтақтардан тазалау үшін, желсорғыштан өткізеді. Өлшемдері 
біркелкі емес жармаларды үшінші жылтырату жүйесінде өңдеуден 
өткізіп, жармаларды нөмірлерге бөлу үшін, тексеруге түседі. Барлық 
елеуіш машиналардан жəне АІ-ЗШН циклондарынан алынған 
ұнтақтарды тексеруге жібереді. Дəннің бөлшектерінің мөлшері 
ұнтақтың құрамында 5%-дан аспауы керек. 
Тұрақты көрсеткіштегі бидайдан алынатын дайын өнімдердің 
шығым мөлшері 2.15-кестеде көрсетілген. 
2.15-кесте. Бидайдан алынған дайын өнімдердің шығым мөлшері, % 
есебімен
Өнімдер Шығымы 
Өнімдер Шығымы 
Полтава жармасы:
№1, 2
8,0
Жемдік ұнтақ
30,0
№2, 3
43,0
І, ІІ катег. қалдық
5,3
Артек жармасы 
12,0
ІІІ катег. қалдық
0,7
Барлық жарма
63,0
Кебуі 
1,0
Барлығы 100,0
2.9. Асбұршақ жармасын алу технологиясы
Асбұршақ көп тараған дақылдардың бірі. Қазіргі кезде 
асбұршақтан екі түрлі жарма алады: тұтас қауыздалған ажарланған 
жəне жартылай қауыздалған ажарланған асбұршақ дəні.
Ірі асбұршақтың құрамында жартылай асбұршақтың 
қосындылары 10%-дан, ал жартылай асбұршақтың құрамында тұтас 
асбұршақтың мөлшері 5%-дан аспауы керек.
Асбұршақ дəнінде эндосперм болмайды, беті тұқымдық 


138
қабықпен жабылған. Оның мөлшері 10% шамасында. Асбұршақ 
дəнінде ақуыздың мөлшері көп (28-36%), ал крахмал аз болады 
(44-54%), ал қанттары 3-6%, клетчатка 4-7%, май 0,8-2,0% шама-
сында.
Жарма өнеркəсібінде тағамдық біртипті асбұршақты 
қолданады, ол сары асбұршақ жəне жасыл асбұршақ болып екі 
подтипке бөлінеді. 
2.9.1. Асбұршақты жарма алуға дайындау
Асбұршақты жарма алуға дайындаудың технологиялық сызбасы 
2.21-суретте көрсетілген. Қоспаларды бірінен соң бірі орналасқан 
екі желді-електі сепараторларында бөліп алады. Майда қоспалар 
мен майда асбұршақтарды саңылауы 5 мм електен елеп бөледі.
Асбұршақты ылғалдау жəне булау сызбасының құрамына дəнді 
булау, кептіру, суыту кіреді. Асбұршақты будың 0,1-0,15 МПа 
қысымымен 2,0-2,5 минут аралығында булайды. Одан жоғары 
қысымды қолданса, жарманың тағамдық қасиеті төмендеп, түсі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет