143
2.24-сурет. Жүгеріден жылтыратылған жарма алу сызбасы: 1 –
дежерминатор; 2 – елеуіш; 3 – магнитті сепаратор; 4 – білікті станок;
5 – аспиратор; 6 – желмен бөлгіш үстел; 7 – қауыздаушы-ажарлаушы
АІ-ЗШН-З
машинасы; 8 – жарма бөлгіш; 9 – кептіргіш аппарат
Ұрығынан тазаланған жарма қосымша желсорғыштан өтіп
бірінші қырғылау жүйесіндегі АІ-ЗШН-3 машинасына түседі. Жар-
маны ажарлау үшін төрт жүйе қолданады. Əр жүйенің АІ-ЗШН-3
машинасында өңделген өнімдер елеуіштерде сұрыпталады: бірінші
жүйеде
ұнтақты бөліп алады, ал қалғандарында ұнтақталған
бөлшектердің қоспасын бөліп алып, оларды ұн мен ұнтақ алу үшін
ұнтақтау жүйесіне жібереді. Бұл жүйелерге сонымен қатар алғашқы
ұнтақтау жүйесінен алынған майда бөлшектер де түседі. Соңғы
ажарлау жүйесінен алынған жарманың
қоспаларын елеуіште беске
бөліп нөмірлейді.
Жапалақ жəне түтікше шығаруға арналған жүгері жармасын
алу. Технологиялық сызба бір мезгілде жапалақ алуға арналған ірі
жүгеріні жəне түтікшеге арналған жармаларды өндіруге арналған.
20-22% ылғалдап бөктірілген жүгеріні дежерминатор немесе білікті
станок арқылы ірілігі 5-7 мм бөлшектерге майдалап, 15%-ға
дейін
кептіріп, елеуіште бірнеше бөлшектерге бөледі. Електің 3 мм
саңылауынан өткен сырғымаларды қайтадан ұнтақтауға қайтарады.
Електің 3 мм-нен өтпеген сырғымаларды сұрыптап жармалар ала-
ды. Ол жармаларды желсорғыштан өткізіп, пневмосұрыптаушыда
ұрықтар мен қабықтарын бөліп алады.
Елеуіште жарманы үшке бөледі: електің 3 мм-нен сырғып
144
алынғаны
қайта ұнтақтауға жіберіледі; електің 8 мм-лік саңылауынан
өтіп, 5 мм-лік саңылауынан өтпеген ірі жармаларды електе елеп,
желсорғыште желдетіп, пневмоүстелде ұрықты бөліп жапалаққа
арналған жармаға жібереді. Електің 5 мм
саңылауынан өткен жар-
мадан пневмоүстелде ұрықты бөліп бірінші ұнтақтау жүйесіне
жібереді. Жарманы төрт жүйеде ұнтақтайды. Ұнтақталған өнімді
елеуіште сұрыптап, екі рет желді-електе тазалап түтікшеге арналған
майда жармаларды бөліп алады. Жүгеріні өңдеп ұн алады,
бөліп
алынған ұрықты кептіргіш аппаратта кептіреді.
Тұрақты көрсеткішке сай жүгеріден өндіретін даяр өнімдер сапа-
сы жəне шығымы 2.18-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: