Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Арпаны алдын ала қауыздау



Pdf көрінісі
бет69/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Арпаны алдын ала қауыздау. Дəнді алдын ала қауыздауға 
қырғылау немесе АІ-ЗШН-3 машиналары қолданады. Қырғылау 
машинасының құндылығы – оның жоғары өнімділігі мен қуатты аз 
жұмсауы, бірақ ұнтақталған дəн шығымының көп болуы тиімділігін 
төмендетеді, ал ЗШН-3 машинасын қолдануда – ұнтақталған дəн 
аз шыққанымен, электр қуатын көп жұмсайды; тасты дискілер мен 
електі шеңберлері істен тез шығады. Сондықтан алдын ала қауыздау 
үшін бұл екі машинаны алмастырып қолданған тиімді.
Қырғылау машиналарын барлық жүйелерде қолдану, əсіресе 
үшінші жəне төртінші, жүйелерде шағылған дəннің мөлшерін 
көбейтеді. Сондықтан, соңғы жүйелерде АІ-ЗШН машинасын 
қолданған тиімдірек болады.
Қауыздалған арпаның (пенсак) құрамында сынған дəннің 
мөлшері 50%-дан аспауы керек. АІ-ЗШН-3 машинасын қолдану 
қауыздалмаған, сынған дəн мөлшерін азайтады жəне қауыздау 
жүйелерінің санын қысқартады.
АІ-ЗШН-3 қауыздау жəне ажарлау машинасының технологиялық 
сызбасы мына суретте берілген ( 2.17-сурет).
Гүлді қабықтарды қауыздау машиналарынан кейін, желді сорғыш 
қолданып бөліп алады. 
Арпа дəнінен Перловка жəне ұнтақталған жармаларын өндіруге 
дайындау сызбаларының басқа сызбалардан айырмашылығы жоқ.


131
2.7.2. Перловка жармасын өндіру
Перловка жармасын қауыздалған арпаны бірнеше рет қауыздаудың 
жəне жылтыратудың нəтижесінде алады. Оның технологиялық 
сызбасының құрамына арпаны білік станогын қолданып ұнтақтау, 
бұл өнімдерді елеуіште сұрыптау, үш қауыздау жəне үш жылтырату 
жүйелері кіреді. Ажарлау жəне жылтырату үшін АІ-ЗШН машина-
сын қолданады (33-сурет).
Егер алдын ала қауыздауда майдаланған арпа аз алынса, неме-
се ірі нөмірлі жарма алу міндеті тұрмаса, онда қауыздалған арпаны 
ұнтақтайды. Қауыздалған арпаны ұнтақтау алдында екі фракцияға 
бөледі. Ол үшін 4,2 жəне 1 електерді қолданады. 1 електен ұнтақты 
бөліп алады, ал 4,2 мм електен алынған сырғымаларды білікті ста-
нокта ұнтақтайды.
Ұнтақталған өнімдерді елеуіште сұрыптайды: 4,2 мм електен 
алынған сырғамалар қайтадан ұнтақтауға жібереді, ал №1 електен 
өткен ұнтақты тексеруге жібереді: ірі жəне майда фракцияларды 
əртүрлі режимдерді қолданып ажарлайды жəне жылтыратады. Ірі 
фракцияны бірінші қауыздау жүйесіне, ал майд фракцияны үшінші 
қауыздау жүйесіне жібереді.
Үшінші қырғылау жүйесінен алынған жарманың барлығын 
елеуіште немесе жарма бөлгіште фракциялайды. Жарманы бес 
нөмірге бөлуге болады. Соңғы кездерде жарманың 5-нөмірін алмай-
ды, ал қалғанын екі бөлшекке бөледі: бірінші бөлікке бірінші жəне 
екінші нөмірлі жармаларды, ал екіншіге – үшінші жəне төртінші 
нөмірлі жармаларды қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет