141
Ажарланған жүгері жармасы – тұқымдық қабықтарынан жəне
ұрығынан ажыратылған, ажарланған, ұнтақталған ядросы. Ажарланған
жарманы ірілігіне қарай беске бөліп нөмірлейді (2.17-кесте).
Жапалақ жəне көлемі ауамен өсірілген дəнді алу үшін
қабығынан
жəне ұрығынан ажыратылған ірі жүгері жармасын қолданады. Ірі
жармаға 7 мм елек саңылауынан өтетін, бірақ 5 мм елек саңылауынан
өтпейтін өнімдер жатады.
2.17-кесте. Ажарланған жүгері жармасының ірілігі
Жарманың нөмірі Қос електің саңылауы,
диаметрі, мм
Біркелкілігі, %
өткені
сырғымалар
1
4,0
3,0
80
2
3,0
2,5
80
3
2,5
2,0
80
4
2,0
1,5
80
5
1,5
№056
80
Жүгері түтікшесін алу үшін тұқымдық қабықтарынан, ұрығынан
жəне ядродан тазаланған майда жүгері жармасын қолданады. Оның
ірілігі 1,2 мм сым темір елегінен өтіп, 067 мм өтпеген өлшемдермен
сипатталады, ал біркелкілігі 80% кем емес болмауы керек.
2.23-сурет. Жүгері дəнін
жарма
алуға дайындау сызбасы: 1 –
автоматты таразылар; 2 – желді
електі сепаратор; 3 – магнитті
сепаратор; 4 –
жарма бөлгіш;
5 – тас бөлгіш; 6 – ылғалдаушы
машина; 7 – ылғалданған дəн
қорабы.
142
Жүгері дəнінің сипаттамасы: дəні ірі, ұрығы көлемді, оның
мөлшері (дəннің салмағына қарағанда) 15%, қабықтары 4-5%,
эндоспермі 80-83%. Дəннің сыртқы қабаттары шынылы,
ал орталық
қабаттары ұн тəрізді болады. Ақуыздың мөлшері басқа дақылдармен
бірдей, тек олардың биологиялық құндылығы төмендеу болады.
2.10.1. Жүгері дəнін жарма алуға дайындау
Дəнді қоспалардан тазалап, ылғалдайды немесе булайды (2.23-су-
рет). қоспаларды ретімен екі желді-елек сепараторларында тазалай-
ды: ірілерін – саңылауы 12 мм
електен, майдасын – саңылауы 5 мм
жəне 2,7х20 мм електерден өткізеді, ауыр заттардан тас бөлгішті
қолданып тазалайды.
Қабықтары мен ұрығынан ажыратуды жеңілдету үшін жүгеріні
ылғалдап булайды. Дəнді температурасы 40
0
С сумен ылғалдайды не-
месе қысымы 0,07-0,10 МПа бумен 3-5 мин булайды. Өндірілетін
өнімдердің түріне қарай, дəннің ылғалын 15-16% немесе (жарма-
дан жапалақ алу үшін) 20-22%-ға жеткізеді. Дəнді
ылғалдау майда-
лануын төмендетеді. Ылғалдаудан немесе булаудан кейін дəнді 2-3
сағатқа бөктіріп, жарма алуға жібереді.
2.10.2. Жүгеріден жарма өндіру
Жарманың барлық түрлерін шығарудағы негізгі операциялардың
бірі – ұрығын бөліп алу. Ол үшін білікті станоктан өткізіп,
ұрығын
бөлгіш машинада бөліп алады. Ұрығын бөліп алу жарманың бүлінбей
сақталу мерзімін ұзартады. Екіншіден, жүгері ұрығын өсімдік май-
ын, фосфолипидтерді, токоферолдарды, т.б.
биологиялық белсенді
заттарды алуға қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: