Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет81/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Бақылау сұрақтары:
1. 
Жармалық дақылдардың технологиялық қасиеттері
2. 
Жарма дақылдарын дайындау технологиясы 
3. 
Жарма дақылдарын булау жəне ылғалдау
4. 
Қауыздау бөлімінің жүйелері
5. 
Қауыздаудың технологиялық сапасын бағалау 
6. 
Жарма алу бөлімінің жүйелері
7. 
Жарма бөлгіш машиналар жұмысының технологиялық сапа-
сын бағалау
8. 
Ядроны ажарлау жəне жарманы жылтырату 
9. 
Жарма бөлімінің жарамсыз заттарын тексеру
10. Күріш дəнін дайындау технологиясы 
11. Күріш дəнін қауыздау технологиясы 
12. Қарақұмықты қауыздау технологиясы 
13. Қарақұмықтан жарма алу технологиясы 
14. Тары дəндерін жарма алуға дайындау
15. Тары дəндерінен жарма алу 
16. Сұлы дəндерін жарма алуға дайындау
17. Сұлы дəнінен жармалар өндіру
18. Арпа дəндерін жарма алуға дайындау
19. Перловка жармасын өндіру технологиясы 
20. Ұнтақталған арпа жармасын өндіру технологиясы
21. Бидай дəндерін жарма алуға дайындау
22. Бидай жармасын алу технологиясы
23. Асбұршақ жармасын алу технологиясы 
24. Жүгері дəнін жарма алуға дайындау
25. Жүгеріден жарма өндіру технологиясы 


154
3-ТАРАУ
ҚҰРАМА ЖЕМДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1. Құрама жем туралы түсініктеме
Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл 
шаруашылығы малдарын азықтандыру мəліметтері негізінде 
құрылған құрама жемнің маңызы зор.
Жеке азықтар (дəн, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық ұны 
жəне т.б.) немесе біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай 
немесе бидай кебегі) малдың қоректік заттарға деген қажеттілігін 
толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл қоспаға кіретін 
қоректік заттардың құрамы біртекті жəне организмге қажетті ақуыз, 
минералды тұздар, витаминдер, аминқышқылдарының толық 
жиынтығын сақтай алмайды. Соның нəтижесінде бұндай азықпен 
азықтандырылған малдар өнімділіктің қажетті мөлшерін бере ал-
май, дамуы тежеліп, өміршеңдігі төмендеп, көп ауырады. 
Жеке азықтарды əртүрлі қатынас пен үйлесімде қолдану толық 
құнды рационды жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бір 
азықтағы қажетті қоректік заттардың жетіспеген мөлшері басқа 
азықтар арқылы толықтырылып, соның нəтижесінде құрама 
жемнің қоректік құндылығы жоғары болады. Құрамалы рацион-
ды құрауыштарды алдын ала дайындамай, яғни тазалау, кептіру, 
ұнтақтау, жылумен өңдеусіз қолдану мүмкін емес. 
Сонымен,
құрама жем дегеніміз – ғылыми негізделген рецепт 
бойынша дайындалып, малдың толық құнды азықтандырылуын 
қамтамасыз ететін əртүрлі жем қоспасы мен микроқосымшаның 
тазаланған жəне қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет