Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Құрама жем өндірісінің технологиялық үдерістері



Pdf көрінісі
бет89/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.5. Құрама жем өндірісінің технологиялық үдерістері
Шикізаттарды тазалау. Құрама жем өндірісінің технология-
лық үдерістері мына негізгі операциялардан тұрады: шикізатты 
қабылдау, сақтау жəне өндіріске жіберу; шикізатты органикалық
минералдық жəне металды-магнитті қоспадан тазарту; құрама 
жемнің кейбір түрлерін дайындау үшін сұлы мен арпаның қабығын 
аршу; тазартылған шикізатты ұнтақтау; ұнтақталған өнімді бақылау 
(елеу); мөлшерлеу жəне араластыру; түйіршіктеу.
Дəнді дақылды тазалау. Құрама жем өндірісіне келіп түсетін 
шикізаттың көбі негізгі шикізат түрімен бірге əртүрлі қоспаларды 
сақтайды.
Астық массасында, негізгі дақылдан (бидай, қара бидай, арпа 
жəне т.б.) басқа органикалық, минералдық қоспалар болады.
Астық массасын қоспалардан тазалау үшін мына технологиялық 
жабдықтар қолданылады:
1) 
Ауалы-електі сепаратор – астықтан қалыңдығы, ені 
жəне аэродинамикалық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар 
қоспаларды бөледі;
2) 
Триерлер – негізгі дақылдан ұзындығы бойынша 
айырмашылығы бар қоспаларды;
3) 
Тас бөлгіш машиналар – негізгі астық массасынан 
тығыздығы мен үйкелу коэффициенті бойынша айырмашылығы бар 
қоспалар;
4) 
Магнитті қалқа (колонка) – металды-магнитті қоспаларды 
бөледі.
Астықты тазалау үшін сепараторда мына металды штампталған 
електер қолданылады:
қабылдау – саңылауының өлшемі Ø 20мм немесе сопақша 
саңылауының өлшемі 18х18мм елек қойылған, онда ірі кездейсоқ 
қоспалар (арқанның үзіндісі, мата бөлігі жəне т.б.) бөлінеді.
сұрыптау – домалақ саңылауының Ø 10-16мм елек орнатылған, 
онда сырғымамен ірі қоспаларды алады.
жинақтағыш (подсевные)
 – домалақ саңылауының Ø 1-1,4 мм не-
месе сопақша саңылауының өлшемі 1,0х10 мм жəне 1,2х12 мм, онда 
електен өткен ұсақ құм, жабайы өсімдіктің ұсақ тұқымы бөлінеді.


171
Тазалау тиімді деп саналады, егер машинадан кейін елек жəне 
ауа арқылы тазаланған астықтан 65% кем емес қоспа бөлінсе, ал 
қалдықта жарамды дəн мөлшері 2% аспаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет