160
32
Ересек жəне жұмыс жас қаздары
Шошқалар
50
Еметін торайлар
51
2-4 айлық торайлар
52
4-8 айлық жас жұмыс шошқалары
53
Бірінші кезеңдегі буаз мегежіндер
54
Екінші кезеңдегі буаз жəне емізетін мегежіндер
55
Шошқалар (етке бордақылау)
56
Шошқалар (беконды бордақылау)
57
Өндіруші қабандар
Ірі қара
60
Сауын
сиырлар
61
Сүтті сиырлар
62
1-6 айлық бұзаулар
63
6-12 айлық бұзаулар
64
12-18 айлық торпақ
65
Ірі қара (бордақылайтын)
66
Өндіруші бұқалар
Жылқылар
70
Жұмыстық
71
Жорғалық жəне спорттық
Қойлар
80
Буаз жəне емізетін аналық саулықтар (ересек қой)
81
4 айға дейінгі жас қой
82
Қойлар (бордақылайтын)
83
4 айдан жоғарғы жас қой
84
Өндіруші – қошқарлар
85
Аналық ешкілер
86
Лақтар
87
Өндіруші текелер
Қояндар
90
Ересек
қояндар
91
Жұмыстық жас қояндар
92
Бордақылайтын жас қояндар
93
94
Ересек сазқұндыз
95
Жас сазқұндыз
Балықтар
110
Тоғандық балықтар: жасқа дейінгі, жас жұмыстық,
өндірушілер
111
Тауарлы 2 –3 жастық тұқы балығы
Рецепті екі санмен белгілеп, сызықша қойып жазады.
Бірінші сан
– мал мен құстың түрі мен тобын, ал екінші – осы өндірістік топқа
арналған рецептің реттік нөмірі (рецепт нұсқасы).
Əртүрлі құрама жемдерді индекспен белгілейді: концентратты-
К, толық құнарлы –Т жəне т.б. Индексті рецептің нөмірін білдіретін
санның алдына қояды. Мысалы, ТҚ-1-13 мынаны білдіреді;
161
жұмыртқалайтын тауықтарға арналған толық құнарлы құрама жем
(олар бірінші топта тұр), ал рецептің нөмірі он үш.
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) рецептерін де осындай
құрама жемге арналған белгіленген нөмірлермен,
бірақ ондық
мəндерден кейін АВҚ əріптік мəндерін қосу арқылы белгілейді. Мы-
салы N60-1 АВҚ рецебі – сауылатын сиырларға арналған ақуызды-
витаминді қосымшаны білдіреді.
Премикстің əр рецебіне құрама жемнің осы премикс енгізілетін
мақсатын есепке алатын шифр қойылады. Премикстің (П) əріптік
мəні П сандық шифрдың алдына қойылады. Мысалы, П2-1 рецебі -
1- 60 күндік жас құсқа арналған премиксті, ал П5-1 – 1 – 30 күндік
еттік балапандарға арналған премиксті білдіреді.
Карбамидті концентраттың (КК) əр рецебіне КК əрпі мен нөмірден
тұратын шифр қойылады.
Əрбір рецепте мыналар көрсетілген: малдың өндірістік тобы, түрі
мен нөмірі; стандарттың нөмірі, соның негізінде осы премикске,
құрама жемге енгізілетін əр
құрауыштың атауы, оның пайыз бойын-
ша көрсетілген мөлшері; құрама жемге енгізілетін микроқосымша,
витаминдер, антибиотиктердің аталуы жəне 1 т құрама жемдегі
олардың граммен белгіленген (витаминдер кейде ХБ) мөлшері.
Құрама жем зауытындағы рецепті сол зауыттағы жоспарлық
тапсырмаға сəйкес жəне шикізаттардың бар мөлшерін есепке алып
таңдайды.
Шикізаттың бір түрін екінші бір түрімен алмастырғанда мына
негізгі ереже сақталуы қажет: өзара алмастырылатын құрауыштар
қоректілігі мен минералдық құрамы
жағынан ұқсас болуы керек, ал-
мастырылатын құрауыш мөлшерінің қатынасы енгізілетін құрауыш
мөлшеріне 1:1 болуы керек; бір құрауышты басқаға ауыстырғанда
бір дақылдан алынған шикізатты құрама жемге енгізудің шектік нор-
масы сақталынуы қажет; малдың (құстың) белгілі түріне арналған
құрауыштарды енгізудің ең көп нормасы мен кейбір шикізаттарды
енгізудің шектік мөлшері ескерілуі қажет.
Құрауыштарды алмастырғанда құрама жемнің қоректілігі мен
минералды құрамын нақтылы қолданылатын
шикізатты есепке алып
есептейді.
Нұсқауға сəйкес өзара алмастырылатын құрауыштардың тізімі
төменде берілген (3.3-кесте).
11–298