157
ететін өнім. Тəуліктік жемдік рацион мөлшерінде толық құнарлы
құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша басқа азық беру
қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады.
Құрама жем концентраты – протеин, минералды заттар мен
микроқосымшаны көп сақтайды, мал (құс) рационына қосымша
енгізіліп, оны толық құнарлы азықтандыруға арналған азық. Оған
ірі, шырынды азықтар жəне əртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы,
сыра, спирт жəне т.б.) қалдықтары қосылады.
Құрама жем концентраты да шашыранды, брикеттелген жəне
түйіршіктелген түрде дайындалады. Оны негізінен ірі қара малға,
шошқаға, қояндарға жəне басқа малдарға арнап шығарады.
Құрама жем өндірісінде ақуыздың тапшылығына байланысты
карбамидті концентрат қолданылуда.
Карбамидті концентрат – карбамид, ұнтақталған дəн мен
бентониттің біркелкі қоспасын экструдерде өңдеу арқылы алынатын
қиыршық күйіндегі өнім. Карбамидті концентратты күйісті малға
арналған құрама жем, АВҚ жəне жем қоспасында қолданады.
Қазіргі уақытта құрама жем ауылшаруашылығы малдары мен
құстарының барлық түрлеріне, терілі аңдар мен балықтарға, иттерге
арнап шығарылуда.
Ірі қара, жылқы, құс, қоян, тоғандық тұқы балықтарына арнап
жəне сонымен қатар мал мен құстың жасы, қолданылу бағытын
есепке алып құрама жемнің алуан түрлері шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: