158
Бұл факторларды есепке алу себебі мынадай. Малдың, құстың,
балықтың қоректік, минералдық заттарға жəне витаминдерге де-
ген қажеттілігі мен əртүрлі заттарды қорыту коэффициенті əртүрлі.
Əртүрлі малдардың қоректік заттарға деген қажеттілігі бірдей емес,
сондықтан олар оны əртүрлі қорытады. Мысалы,
ірі қара мен жылқы
клетчатканы шошқаға қарағанда жақсы қорытады. Өз кезегінде ірі
қара мен сүтті малдың клетчатканы қорыту коэффициенті жылқыға
қарағанда жоғары. Сондықтан ірі қараға арналған құрама жем
рецебіне клетчатканы көп мөлшерде сақтайтын құрауыштарды:
қабықты дəн, кебек жəне т.б. көп пайыз енгізуге болады.
Əртүрлі жастағы мал (құс) əртүрлі заттарды бірдей қорытпайды,
сонымен қатар өсіп
келе жатқан организмнің ересек, қалыптасқан
организмге қарағанда қажеттілігі бөлек.
Жас малға арналған құрама жем рецепт бойынша қоректік
құндылығы жоғары, клетчатка мөлшері төмен, витамин жəне басқа да
биологиялық белсенді заттарды көп сақтауы қажет. Мысалы:
еметін
торайлардың 100 кг құрама жемінде жемдік бірлік 105 кем емес, 1
ж.б. 140 г кем емес қорытылатын протеин жəне 6% аспайтын шикі
клетчатка болуы қажет. Ал майлы кондицияға дейін бордақылайтын
шошқаға арналған 100 кг құрама жемде, кем дегенде 85 ж.б., 90 г
қорытылатын протеин (1 ж.б.), ал клетчатка 10 % дейін жіберіледі.
Осыны
есепке алып, жас малға арналған құрама жемде рецепт
бойынша дəнді қабықсыз енгізу керек, өйткені қабық клетчатканы
көп сақтайды.
Жас малға арналған құрама жемге өсіп келе жатқан организмдегі
сүйектің дұрыс қалыптасуы үшін
минералды заттардан кальций
көбірек қажет.
Бір түрдегі жəне жастағы мал мен құстың өсірілу бағыты да
əртүрлі. Мысалы, үйрек аналық бағыттағы немесе бордақылайтын,
ал жылқы жұмыстық немесе жорғалық болуы мүмкін.
Толық құнарлы құрама жемге арналған рецепті құрастырғанда
мынаны ескеру қажет, олар мал (құс) рационына толық сəйкес келіп,
жоғары
өнімділігін, сапаны, мал (құстың) жақсы денсаулығы мен
бірлік өнімдегі қоректік заттардың төменгі шығынын қамтамасыз
етуі қажет.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін құрама жемнің барлық рецептерін
мал мен құстың түрін есепке алып нөмірлейді. Əр түрге белгіленген
ондық бойынша мына нөмірлерді береді (3.1-кесте):