Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ұншықты шикізатты тазалау



Pdf көрінісі
бет90/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Ұншықты шикізатты тазалау. Кебек, ұншық, сөкті (сеч-
ка) мөлшерлеу тізбегіне жібермес бұрын тазалайды. Ұншықты 
өнімдердің қоспасын тазалау үшін құрама жем өндірісінде бу-
рат, елеуіш машиналар ДПМ
, електі сепараторлар, рассевтер 
қолданылады. Електер металды штампталған Ø 10мм немесе сым 
саңылауы 8х8 мм болады. 3.1-суретте ДПМ елеуіш машинасының 
технологиялық сызбасы көрсетілген.
Өнім машинаның қабылдау қондырғысына түсіп, ары қарай 
мөлшерлегіш валкалар арқылы 2 ағынмен 2 елекке-төменгі жəне 
жоғарғыға түседі. Екі електен өткені жинақтау түбіне түсіп, маши-
надан терезесі арқылы сыртқа шығарылады.
3.1-сурет. ДПМ елеуіш 
машинасының сызбасы
1 – қабылдау қондыр-
ғысы; 2 – мөлшерлегіш 
валкалар; 3,4 – електер, 
5,6 – жинақтағыш; 7,8 – 
аспирациялық каналдар.
Минералды шикізатты тазалау. Бор, тұз, əктас ұны, 
фосфаттардың ірілігін бақылау үшін құрама жем зауытында елеуіш 
машина – А1-ДСМ қолданылады (3.2-сурет).
Өнім елекке түскен кезде айналу қозғалысымен електің барлық 
бетіне жайылады. Електің еңкіш (3-4
0
С) орналасуы өнімнің 
машинаның сыртқа шығару бағытына қарай қозғалуын тудырады. 
Еленетін өнімнің ірі бөлшектері бет жағына жиналады, ал ұсақ 
бөлшектер електің түбіне түсіп, ондағы саңылау арқылы сыртқа 
шығарылады.
Шағын габаритті өлшемі (ұзындығы 2280 мм, ені 900 жəне 
биіктігі 1100 мм) жəне конструкциясының қарапайымдылығына 
байланысты құрама жем өндірісінде олар сусымалығы нашар 
шикізаттар: етті-сүйек жəне балық ұндары, ашытқыны бақылау 
үшін кең қолданылады.


172
Металды-магнитті қоспаны бөлуге арналған машиналар
Əрбір ұнтақтағыш машиналар тобының алдында, сонымен 
қатар дайын өнімді өндіріске жөнелту алдында өнімді металды-
магнитті қоспадан тазартатын машиналар қойылуы тиіс. Құрама 
жем өндірісінде астықты металды қоспадан тазалау үшін электрлі-
магнитті сепаратор А1-ДЭС, магнитті қалқалар МК-1400, БКМ-
2-3, БКМ-3-7 қолданылады. БКМ-4-5 магнитті қалқасы ұншықты 
өнімдердегі металды қоспаны, ал БКМП - ұнтақталған астық 
өнімдерінен металды қоспаны бөлу үшін қолданылады.
Құрама жем өндірісіндегі қолданылып жүрген норма бойынша 
металды-магнитті бөлшектің мөлшері 10-30 мг/кг жіберіледі. 
Магнитті қондырғыларды металл қайтадан өнімге түспейтіндей 
етіп орнату қажет.
Өнімді магнитке беретін ағызу құбырларының минималды құлау 
бұрышы дəнді дақылдар үшін-25-30
0
С, ал басқа өнімдерге- 55-60
0
С 
деп қабылдайды.
Магнитті қондырғыларды дайын өнімді жөнелту алдында 
қойылған төрт-бес бақылау магнитті қондырғыларында тексереді. 
Бұндай қондырғыларды бригадир мен кезекші лаборант сменасына 
екі-үш рет тексереді.
Магнитті қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуі зауыт шығаратын 
өнімнен металды-магнитті қоспаның толық бөлінуін қамтамасыз 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет