Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Шикі протеиннің массалық үлесі –



Pdf көрінісі
бет86/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Шикі протеиннің массалық үлесі – құрама жемнің ақуыздық 
қоректілігінің нақтылы
көрсеткіші болып табылады. Оны 
шығарылатын құрама жемнің əр партиясында химиялық жолмен 
анықтап, пайызбен белгілейді. 
Шикі клетчатканың массалық үлесі – құрама жемнің 
құрау шы бөліктерінің ең қиын қорытылатын бөлігі. Ол пайызбен
белгіленеді. 
Алмасу қуаты. Құстарға, балықтарға арналған құрама жемдегі 
қоректілік құрама жем қуатының калориясынан алмасу өнімдері 
мен бөлінетін қуатты шегеру арқылы алынатын айырма арқылы 
анықталады. Алмасу қуатын 100 г құрама жемдегі килокалория 
(ккал) арқылы белгілейді. Бұл көрсеткіш терілі аңдарға (құндыз, 
сазқұндыз, түлкі) арналған құрама жемді бағалауда қолданылады. 
Басқа көрсеткіштер. Барлық рецептердегі міндетті 
көрсеткіштерге: кальций, натрий, фосфор, лизин, метионин, ци-
стин мөлшерлерін анықтау жатады. Кейбір көрсеткіштерді есептеу 
арқылы, ал басқасын химиялық əдіспен анықтайды. 
Барлық құрама жемдердің сапасы мемлекеттік стандарт бойынша 
қадағаланады. 
Құрама жемнің əр партиясын талдаудан өткізеді.
3.4. Құрама жем жасауда қолданылатын шикізаттар
Құрама жем, АВҚ, премикс жəне басқа өнімдер өндіру үшін 
құрама жем өндірісінде шикізаттардың жүзден астам түрлері 
қолданылады. Шикізаттарды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: 
өсімдік, малтекті, химиялық жəне микробиологиялық текті.
Бұл топтар ауыл шаруашылығы малдарына арналған құрама 
жемнің негізін құрайды, соның ішінде 70-90% - бұл дəнді жəне 
бұршақты дақылдар. 


164
Жемдік өнімдер мен қосымшалар құрама жем құрамында 
қолданылғанда сапасы жоғары болуы, сұрыбы біріншіден төмен 
болмауы керек. 
Құрама жем өндірісінде қандай да бір шикізат түрінің қолдануға 
жарамдылығы туралы мəселені шешуде оның қоректілігі мен 
биологиялық толық құндылығын ғана зерттеп қоймай, міндетті 
түрде олардағы ауыр металдар тұздарының мөлшері мен зарарлығын 
тексереді, бактериалдық жəне саңырауқұлақтық өсу деңгейін, 
физикалық-химиялық қасиеттерін, тасымалдау жəне сақтау 
кезеңдеріндегі қабілеті мен тұрақтылығын да зерттейді. Əр шикізат 
түріне лайықты ұжымдармен келісілген нормативті-техникалық 
құжат дайындайды. 
Құрама жем өндірісіндегі шикізат қорларының құрылымы 
топырақ-климаттық жағдайы, шикізат дайындайтын өндіріс 
саласының даму деңгейіне, құрама жем түрлері мен басқа 
факторларға байланысты. 
ТМД елдерінде шикізаттың негізгі қорын дəнді дақылдар, оның 
ішінде арпа мен бидай құрайды. Сонымен қатар сұлы, жүгері, 
қонақжүгері, тары, т.б. қолданылады. Дəннің қосынды мөлшері 1 т 
құрама жемде 65-70% құрайды. 
Бұршақ дақылдарынан асбұршақ, жемдік бұршақ, бөрібұршақ, 
ноқат жəне басқа да ақуызға бай дақылдардың мөлшері- 2-5% 
құрайды. Кейбір елдерде арнайы ылғалды-жылуды өңдеуден (экс-
трузиялау) өткен қытайбұршақты кең қолданады. ТМД елдерінде 
асбұршақты экструзиялайды, бұл жемге қолдануға мүмкіндік береді.
Шикізат балансындағы маңызды рөл (10…15%) бидай жəне 
күріш кебегі мен ұнтағы – диірмен өндірісінің жанама өнімдеріне, 
сонымен қатар жарма өндірісінің арпа, күріш, асбұршақ жəне т.б. 
ұншықтарының үлесіне келеді. 
Сонымен бірге əртүрлі өсімдік майлары өндірісінің жана-
ма өнімдері-күнжара мен шроттың (7% шамасында) құрама жем 
құрамындағы үлесі маңызды. Соның ішінде бірінші орында күнбағыс 
күнжарасы мен шроты, екіншіде – мақта, одан кейін қытайбұршақ, 
зығыр, жер жаңғағы жəне басқа да майлы дақылдар тұр.
Күнжара мен шроттар – май алушы зауыттарда майлы, эфирлі-
майлы дақылдар, жүгері тұқымдық бүршігі жəне басқа дақылдардан 
май алу кезінде алынатын жанама өнімдер. 
Күнжара шнекті немесе гидравликалық сығымдағышта алдын 
ала тазаланып, ұнтақталып, бумен жəне ылғалмен өңделген майлы 


165
тұқымды сығымдау арқылы май алғанда алынатын жанама өнім. Ол 
шамамен 8-10% май сақтайды. 
Шроттар алдын ала тазаланып, ұнтақталған майлы тұқымды 
органикалық еріткіштермен (бензин, дихлорэтан) экстракциялау 
арқылы май алғанда алынатын жанама өнім. Экстракциялаудан кейін
қалдықтағы еріткішті будың көмегімен кептіріп, қалған тұқымды
кептіреді. Бұл əдісте алынған қалдықта 1% май болады. 
Күнжара мен шроттың жемдік құндылығы олардың протеинді 
жоғары сақтауында. 
Құрама жем өндірісінде күнбағыс, зығыр, қытайбұршақ, рапс 
шроттары, сонымен қатар госсиполсыз мақта шроттары кең 
қолданылады. 
Малтекті жемдік өнімдер – ет, еттісүйек, қан ұндары, құрғақ 
майсыздандырылған сүт, сонымен бірге балық, асшаян, таңқы 
шаян ұндары өте бағалы. Малтекті өнімдер толық құнды протеинді, 
витаминді, микроэлемент тұздарын көп сақтайды. 
Еттісүйек, балық ұндары, ашытқы жəне басқа да осы топқа 
кіретін ақуызды өнімдердің құрама жемдегі үлесі 3-5% шамасында 
құрама жем түріне байланысты. 
Малтекті құрама жем шикізаттарына ветеринарлық-санитарлық 
бақылаудың оларды жемдік өнімдерге өңдеуге жіберілуі тура-
лы рұқсат қағазы бар өнімдер: сүт жəне оны өңдеу өнімдері – көк 
сүт, май суы, сарысу, ет комбинатының қалдықтары – қан, сүйек, 
ет, еттісүйек ұндары, балық комбинатының қалдығы – балық ұны, 
қауырсын-жүн өндірісінің қалдығы – қауырсын ұны, əртүрлі насе-
комдар, ұлулар, құрттар жəне басқа жəндіктер қолданылады.
Малтекті азықтар ауыстырылмайтын аминқышқылдарын 
сақтайтын қорытылатын протеинге бай. Олар сонымен бірге 
минералды заттар мен В тобының витаминдерін едəуір 
сақтайды. Малтекті азықтар құрама жемнің барлық түрлерінде 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет