Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қант өндірісінің қалдық өнімдері –



Pdf көрінісі
бет87/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Қант өндірісінің қалдық өнімдері – қызылша сығындысы (жом) 
қант қызылшасының жоңқасынан сумен диффузиялық əдіспен саха-
розаны бөліп алғаннан кейінгі алынған қалдық. Сығындыда 0,3% 
қант қалады. Жаңадан алынған қызылша сығындысында 93% дейін 
су болады. 100 кг сығынды шамамен 0,8 ж.б. жəне 900 г қорытылатын 
протеинді сақтайды. Жаңа жəне сүрлемделген күйде ірі қара мен 
шошқаны бордақылауда қолданылады. Бұл қалдықтар құрама жем 
зауыттарынан алыс орналасса, онда оларды кептіреді. 100 кг құрғақ 


166
сығындыда 85 ж.б., шамамен 4 кг қорытылатын протеин, 717 г каль-
ций, 307 г фосфор болады.
Меласса немесе қызылша сірнесі. Оны центрифугада қант кри-
сталдарын бөліп алғаннан кейін алады. Меласса 50% қант сақтайды. 
100 кг мелассада 77 ж.б., 300 г кальций, 30 г фосфор жəне ақуыз 
емес азотты заттар болады. Сонымен қатар құрамында маңызды 
микроэлемент кобальт болады. Мелассаның түсі қара, тұтқыр, дəмі 
тəтті-кермек.
Мелассаны түйіршіктелген, брикеттелген құрама жем 
өндірісін де байланыстырғыш зат ретінде қолданады.
Крахмал-сірне өндірісінің жанама өнімдері – мезга немесе 
крахмал сығындысын
ұнтақталған картоп пен жүгеріден крахмал-
ды жуудан кейін алады. Ол 90 % дейін су сақтайды, сондықтан 
жемдік құндылығы төмен. 100 кг картоп мезгасында 13 ж.б., 0,3 кг 
қорытылатын протеин, ал 100 кг жүгері мезгасында 20 ж.б., 1,7 кг 
қорытылатын протеин бар.
Мезга тез бұзылатын өнім, сондықтан оны жаңа немесе 
сүрлемделген күйде зауытқа жақын орналасқан шаруашылықтағы 
малдарға береді. 100 кг құрғақ картоп мезгасында 95,5 ж.б., 2,1 кг 
қорытылатын протеин, ал 100 кг құрғақ жүгері мезгасында 127 ж.б., 
11,8 кг қорытылатын протеин бар.
Құрғақ жүгері азығы.
Жүгеріден крахмал алуда мезга, сонымен 
қатар жемдік өнімдер: глютен (негізінен ақуыздардан тұрады), жүгері 
тұқымдық бүршігінің шроты алынады. Содан кейін оларды аралас-
тырып құрғақ жүгері азығын алады. 100 кг азықта 114,3 ж.б., 16,3 кг 
қорытылатын протеин, 56 г кальций жəне 325 г фосфор болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет