Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет92/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Шикізаттарды ұнтақтау. Құрама жемдегі қоректік заттарды 
тиімді пайдалану үшін, оның құраушы бөліктері (құрауыштары) 
қажетті ірілікке дейін ұнтақталуы қажет. 
Осыған байланысты құрама жем өндірісінде қолданылатын 
шикізаттар 2 топқа бөлінеді:


174
1) ұнтақтауға жататын – дəнді дақылдар, күнжара мен шроттар, 
жүгері дəні мен собығы бар жүгері, минералды шикізат, шөп, тамақ 
өндірісінің жемдік өнімдерінің ірі кесектері. 
2) ұнтақтауға жатпайтын – кебек, ұншық, тамақ өндірісінің 
жемдік өнімдері – балық, ет, қан, еттісүйек ұндары. 
Жұмсақ құрауыштар құрама жем өндірісінде қолдануға дайын 
болып, тек тазалауды қажет етеді.
Дəнді дақылды ұнтақтағыш машинадан бір рет өткізеді, ал ірі 
кесекті өнімдерді (күнжара бөліктері, собығы бар жүгері) алдымен 
ірі ұнтақтап, одан кейін майда ұнтақтайды. 
Ұнтақтау дəрежесі малдың түрі мен жасына байланысты. Құрама 
жемнің құраушы бөліктерін ұнтақтау олардың біркелкі араласуы-
на, сөйтіп біркелкі жемдік қоспа алуға мүмкіндік береді. Сонымен 
қатар, ұнтақталған жемді малдар шайнаған кезде энергия аз бөлініп,
құрама жемнің қорытылуын жоғарылатады. Яғни, дұрыс ұнтақтау 
құрама жемдегі қоректік заттардың максималды қорытылуын 
қамтамасыз етеді. 
Құрама жем өндірісінде 3 ұнтақтау дəрежесі берілген. 
Əр дəреженің сандық көрсеткіші ұнтақтаудың ірілік модулі
 деп 
аталады жəне ОСТ – 452 бойынша мына мəндермен белгіленеді: ірі 
– 2,6 – 1,8 мм; орташа
 – 1,8 – 1,0 мм; майда – 1,0 – 0,2 мм.
Ұнтақтаудың ірілік модулін електік талдау əдісімен анықтап, 
мына формуламен анықтайды: 
100
5
,
3
5
,
2
5
,
1
5
,
0
(
3
2
1
0
Ɋ
Ɋ
Ɋ
Ɋ



0
 
(3.1)
мұндағы, Р
0
– анализатордың жинақтаушы түбіндегі қалдық, г.
Р
1
Р
2
Р
3
– Ø 1,2 жəне 3 мм саңылауы бар електегі қалдықтар, г.
Електегі қалған өнімдердің шамасын формулаға қойып, қандай 
ұнтақтау дəрежесіне сай келетінін анықтауға болады. 
Құрама жем өндірісінде ірі ұнтақтау үшін тісті валикті ұнтақта-
ғыш, ал майда ұнтақтауға – балғалы ұнтақтағыш қолданылады.
Осы машиналардың ішінен ең көп тарағаны – балғалы 
ұнтақта 
ғыш, олар əмбебап машиналар болып табылады, өйткені 
онда шикізаттың барлық сусымалы түрін ұнтақтауға болады. Олар 
ірі жəне ұсақ та ұнтақтайды, қабықты да қарқынды ұнтақтайды. 
Олардың конструкциясы басқа машиналарға қарағанда қарапайым.


175
Балғалы ұнтақтағыштың негізгі 
жұмыс органдары – балғалар, елек 
жəне дека. Балғалы ұнтақтағышта 
2 түрлі елек: домалақ саңылауы 
бар жəне қабыршақ (чешулі) 
сияқты. Берікті сақтау үшін елек 
саңылаулары шахмат тəртібімен 
орналасқан.
Қабыршықты електің бір жағы 
тегіс, екінші жағы қайырылған 
саңылау тесігіне байланысты 
өткір бұдыр болып келген (3.3-су-
рет). Електер ұнтақтағыштың ішкі 
жағына ротордың қозғалуына 
қарсы орнатылған. Бұл көп кескіш 
қиындылар туғызып, ұнтақтау 
қарқындылығын жоғарылатып, 
ұн 
тақ 
тағыштың өнімділігін жоға-
рылатады.
Ұнтақтау үдерісі былай жүр-
гізіледі: Ұнтақталатын өнім 
ұнтақтағыштың қабылдау қон-
дыр ғысына түсіп, ары қарай 
қоректендіргіш валик арқылы 
ұнтақтағыштың жұмыс аймағына 
түседі. Өнім балғалар əсеріне түсіп, 
олар оны соққылап, бөлшектерді 
рифліленген декаға лақтырады. 
Бөлшектер декаға шағылысып, 
қайтадан айналып тұрған 
балғалар əсеріне тап келеді, яғни 
ұнтақталған өнімдерге айналады. 
Елек саңылауының өлшемінен қысқа ұнтақталған өнімдер електен 
өтіп, ауа арқылы сорылып циклонға жиналады. 
Құрама жем өндірісінде мына балғалы ұнтақтағыштар: ДМ – 1, 
А1-БД2-М, ДМ -440У, ДДМ, А1-ДДП, А1-ДДР қолданылады.
Ұнтақтау дəрежесін əртүрлі саңылауы бар електер қою арқылы 
реттейді. 
Балғалы ұнтақтағыштың негізгі техникалық параметрлеріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет