Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қауызды дақылдарды қауыздау



Pdf көрінісі
бет91/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Қауызды дақылдарды қауыздауЕнесінен айырған торайлар мен 
жас құсқа арналған құрама жем өндіруде барлық құрама жем зауыт-
тарында қауызды дақылдарды қауыздайды.
Арпа мен сұлына қауыздау (қабығынан аршу) екі əдіспен 
жүргізіледі:
- арпа мен сұлыны арнайы машинада қауыздау, ары қарай қабығын 
өзегінен бөлу;
- арпа мен сұлыны ұнтақтап, ары қарай қабықтарын бөлу.
3.2-сурет. А1-ДСМ 
елеуіш машинасы
1 – қабылдау қондыр-
ғысы, 2 – аспирациялық 
қондырғы, 3 – елек кор-
пусы, 4 – елек, 5 – рези-
налы шариктер, 6 – елек 
арқылы өткізуге арналған 
қондырғы. 


173
Қауыздау үшін қауыздағыш машина А1-ЗШН-3, қауыздағыш по-
став жəне кедір-бұдырлы цилиндрлі обойкалы машиналар қолда-
нылады. Құрама жем зауыттарындағы қауыздау үдерісінің тиімділігі 
дəн сапасының біркелкілігіне байланысты. Ірілігі бойынша дəн 
əркелкі болса, ұсақ дəн қауыздалмай қалып, ал ол қауыздағаннан 
кейінгі шикі клетчатка мөлшерінің жоғарылауына əсер етеді.
Қабығын ең көп бөлу үшін, яғни, дəнді қауыздағаннан кейінгі 
шикі клетчатка мөлшерін ең көп азайту үшін ылғалдығы 14% аспай-
тын сұлы үшін натурасы 490 г/л кем емес, ал арпа үшін –натурасы 
605 г/л кем емес біркелкіленген партияларды таңдап алу керек.
Саңылауының өлшемі 2,2х20 мм елек арқылы ұсақ дəнді алдын 
ала бөліп алу қауыздау тиімділігін жоғарылатады. Сұлыны қауыздау 
үшін жұмыс органдарының қысқа мерзімде қарқынды əсері, ал 
арпаға-ұзақ əсер етуі қажет.
Қауыздағыш машинаға қойылатын негізгі талап – өзегін ең көп 
сақтау арқылы қауыздаудың жоғары дəрежесін көрсетуі.
Қоспалардан тазаланған сұлы автоматты таразыда өлшенгеннен 
кейін қорапқа түседі. Қауыздау тиімділігін жоғарылату үшін 
саңылауының өлшемі 2,2х20 мм електен ұсақ дəнді бөліп алу үшін 
сепараторға барады. Сепараторда біркелкіленген дəн магнитті 
қалқадан өтіп, обойкалы машинаға түседі. Қауыздағыш машинадан 
бір рет өткен дəнді қауыздалған дəннен қабығын бөлу үшін аспира-
тордан екі қайтара өткізеді.
Дəн обойкалы машинадан бір рет өткізілгенде қауыздау тиімділігі 
жеткіліксіз, шикі клетчатка мөлшері нормадан жоғары болса, онда 
қайтадан қауыздайды.
Қауыздалған дəнді осы сызба бойынша дискілі триерде бөледі. 
Бұл обойкалы машинаның тиімділігін жоғарылатады. Қауыздалма-
ған сұлы триерден кейін магнитті қалқадан өтіп, қайтадан обойк алы 
машинаға қауыздауға барады. Бұндай сызба шикі клетчатка мөлше-
рін 3,5-4,0%, ал өзегін 60-65% сақтайтын сұлы алуға мүмкіндік 
береді.
Қауыздалған өнімде шикі клетчатка мөлшері: сұлыда – 5,3, ал ар-
пада 3,5% аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет