Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет96/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.7-сурет. КДК-2 кешенінде мөлшерлеу сызбасы:
1 – мөлшерлегіш алдындағы қорап; 2 – роторлы қоректендіргіш; 3 – 5ДК-
500 көпқұрамды таразылы мөлшерлегіші; 4 – СГК-1,5 араластырғышы; 5 
қоректендіргіші бар қорап; 6 – шнекті қоректендіргіштер; 7 – көпқұрамды 
16ДК-1000 таразылы мөлшерлегіш.


181
рек. Кезекпен беріліп, өлшенген құрауышттарды қақпағын ашып 
шөміштен сыртқа шығарады.
КДК -2 кешенінің таразылы мөлшерлегіштері параллелді жұмыс 
істейді (3.7-сурет). 
Өндіріс автоматты мөлшерлегіш таразылардың мына кешендерін 
шығарады: 1, 2 жəне 3 таразылы мөлшерлегіштен тұратын КДК-1, 
КДК-2 жəне КДК-3. Кешен құрамына шнекті қоректендіргіш пен 
басқару пульті кіреді.
Кешен құрамына өндіріс шығаратын мына 5 таразылы 
мөлшерлегіш кіреді: 6ДК-100; 5ДК -200; 5ДК-500; 16ДК-1000; 10ДК-
2500, жүк көтергіштігіне 100, 200, 500, 1000 жəне 2500 кг сəйкес.
Мөлшерлегіштер үшін қоректендіргіштердің ең көп саны (құ-
рауыштардың ең көп саны) 6ДК-100 жəне 5ДК-200 мөлшерлегіші 
үшін-9, ал 5ДК-500, 16ДК-1000, 10ДК-2500-12.
Басқару пультінің командасы бойынша қоректендіргіштің 
қозғалтқышы кезекпен іске қосылады. Құрауыштар қораптан шнек-
ті қоректендіргіш арқылы түседі. 
Ең алдымен құрама жемге көп мөлшерде енетін (бидай, кебек) 
құрауыштардың қоректендіргіші іске қосылады. Қажетті массаға 
жеткеннен кейін фотоэлектрлі датчиктің пульті берген сигнал бо-
йынша қоректендіргіштің қозғалтқышы төменгі жылдамдыққа 
қосылып, қажетті массаға жеткеннен кейін тоқтайды. Одан кейін 
келесі қоректендіргіштің қозғалтқышы іске қосылады. Соңғы 
қоректендіргіш тоқтағаннан кейін, екі мөлшерлегіштің түбі ашы-
лып, өлшенген өнім үлесі араластырғышқа беріледі.
Құрауыштарды араластыру. Құрауыштарды араластыру – 
құрама жем өндірісіндегі негізгі үдерістің бірі.
Мөлшерленген құрауыштар араласуы керек, яғни құрама жем 
біркелкі сусымалы масса түрінде болуы керек. Құрамының біркелкі 
болуы құрама жемнің көлемінің барлық бөлігінде қоректік заттардың 
біркелкі болуын қамтамасыз етеді.
Біркелкі қоспа дегеніміз қоспадағы алғашқы берілген 
мөлшерден оның қай көлеміндегі болсын құрауыш мөлшерінің 
айырмашылығы болмауы. Құрауыштарды мөлшерлегіштен кейін 
үздіксіз немесе кезеңмен жұмыс істейтін араластырғышта ара-
ластырады. Араластыру тиімділігі əртүрлі көрсеткіштермен си-
патталады, оның ішінде біркелкілік дəрежесімен. Əрине, құрама 
жемде барлық құрауыштар неғұрлым бірдей таралса, соғұрлым 
біркелкілік дəрежесі жоғары болады.


182
Араластыру тиімділігі мына факторларға байланысты: бірінші-
ден құрауыштардың физикалық қасиеттеріне (ылғалдылық, 
тығыздық, бөлшек бетінің сипаттамасы, гранулометриялық құрам), 
ал екіншіден араластырғыштың конструкциясы, араластыру уақыты, 
араластырғыштың толу дəрежесі т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет