ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет26/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   153

үйіне жібере қоймасын біліп: 

   - Бәрібір дәу қолынан өлемін. Одан гөрі бұл дәуді өзім өлтірейін, — деп, өткір пышағын алады. 

   Дәу ұйқыға кетті-ау деген кезде етікші етігін киіп, сыртқа шығады. Қалықтап ұшқан күйі қолындағы 

пышағымен дәудің жалғыз көзін түйреп алады. Дәу бақырып: 

   - Ер болсаң екі соқ, — дейді. 

   Етікші: 

   - Бір де жетер, — деп, дәудің үстінен ұшып өтеді. 

   Ал, дәу жарақаттан табанда өлген екен дейді. 

   Етікші сырттан тұрып әрі ойлап, бері ойлап, иесіз үйдің төбесіне шығып түнейді. Таң атқан соң дәудің 

үйін аралап, қарап шығады. Үйдің бір қараңғы жерінде темір сандық тұр екен. Етікші темір сандықты 

әзер дегенде ашады. Оның іші толған алтын-күміс екен. Бұдан кейін етікші алтын мен күмісті керегінше 

алып, ғажайып етігін киіп үйіне ұшып келеді. 

   Дәуден алған байлығының жартысын еліндегі жетім-жесірлерге таратып береді. Осылай, етікші тұратын 

ауылдың тұрмыстары жақсарып, мұраттарына жетеді. Ал, қартайған кезінде етікшіні балалары асырапты. 

 

118 - Бөлім: Елеместің адамгершілігі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1815 

 

 



Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін 

ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес 

екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді. Күні жетіп әкелері ауыр науқастан қайтыс 

болады. Бар жиған-тергенін балалары әкесін жерлеуге жұмсап, өздері панасыз қалады. Басқа амалдары 

қалмаған жетем балалар күн көру үшін алыс жолға аттанады. Ұзақ жүрген үшеуінің алдынан екі айрық 

жол  шығады.  Осы  жерде  таста  қашалған  сөздер  бар  екен.  Онда  екі  бағыт  көрсетілген:  біреуі  —  барса 

келмес, екіншісі – барса қайтар. Ағалары: 

 

-  Кіші  ініміз  қайда  барса  да  сый-сияпатқа  ие  болады.  Оның  бізденқандай  артықшылығы  бар?  Одан  да 



Елеместен құтылайық, — деп келіседі де: 

 

- Сен барса келмес деген жолмен кет, ал біз барса қайтармен барайық, — дейді інілеріне. 



 

Елемес келіседі. Ол ағаларымен қоштасып, өз жолымен кетеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              160 bet 

 

Жолшыбай қалың орманда Елемеске көкжал қасқыр кезігеді. 



 

- Сен неге бұл жолмен жүрдің? Осы жолдың «барса келмес» аталуын білмеуші ме едің? Әлде өмір сүргің 

келмей ме? Мен сені жеймін! – деп ол ақырады. 

 

Елемес қасқырға: 



 

- Амал қанша? Өмір де, өлім де — біреу. Одан қашып құтыла алмайсың. Пешенеме жазылғаны осы болса 

көнбеске амал бар ма? Жегенің ас болсын! – деген екен. 

 

Қасқыр осындай батыл адамды алғаш кездестірген еді. Елеместің берген жауабына разы болған ол: 



 

- О, достым, бұл – менің құлағыма тиген бірінші жылы сөз. Бұдан бұрын маған кезіккендер «жегенің ас 

болмасын» дейтін. Мен ерегісіп, оларды өлтіруші едім. Сондықтан бұл жол «барса келмес» атанған. Сенің 

айтқан сөзің маған қатты ұнады. Мен сені жей алмаймын. Екеуіміз дос болайық. Реті келсе саған көмегім 

де тиіп қалар, — дейді де, қоштасып өз жолымен кетеді. 

 

Елемес одан әрі жүре береді. Бір уақытта алдынан үлкен қала шығады. Ол осы қалаға қарай бет алады. 



Қаланың кіре беріс жерінде жәрмеңке болып жатыр екен. Елемес жәрмеңкені аралап келе жатып алдында 

жатқан бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп алып: 

 

- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады. 



 

Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі 

Қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып: 

 

- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп 



берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянді ашып көрші, — дейді. 

 

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын 



теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып Елемеске алғысын айтады. 

 

- Балам, өзің кім боласын?Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды 



 

Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт: 

 

- Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, 



— дейді. 

 

Елемес қарияға еріп оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер 



қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса — алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. 

Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де: 

 

- Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, — деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы 



болған қария: 

 

- Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, 



өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, — деп кеңес береді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              161 bet 

Елемес алғыс айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. 

Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді. Бірде жұмыстан шаршап 

келген Елемес ұйықтап жатып түс көреді де, шошып оянады. Түсінде ағаларының халі нашар екен. 

 

«Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» деуші еді. Ағаларымның жағдайлары қалай екен. Мүмкін, олар 



қиналып жүрген шығар. Осы байлықтың рақатын жалғыз өзім көргенше, ағаларыммен бөлісейін деген 

оймен Елемес еліне көшпек болады. Осы күнге дейін әке болып келген қарияға барып, батасын алады да, 

жолға шығады. 

 

Көшіп келе жатып, баяғы екі жол айрылатын жерге жеткенде ағаларын кездестіреді. Олар әбден жүдеп, 



азып-тозып кеткен екен. 

 

Елемес ағаларына киім, тамақ береді. Елдеріне оралып, әкелерінің шаңырағын қайта көтереді. Ал ағалары 



қанша  қиыншылық  көрсе  де,  мінездері  түк  өзгермепті.  Олар  інілерінің  бұл  жасаған  жақсылығын 

түсінбейді. Елеместі күндеп, одан қалайда құтылудың амалын ойластыра бастайды. Бір күні ағайынды 

үшеуі  аң  аулауға  шығады.  Қайтар  жолда  қаннен-қаперсіз  келе  жатқан  Елеместі  бауырлары  өлтіреді. 

Інілерін айдалада тастап, үйлеріне оралады. Келіндеріне: 

 

- Сенің күйеуің аң аулап жүріп, үлкен жартастан құлап мерт болды, — деп, өтірік айтады. Өздері інілерінің 



бар жиған-терген мал-мүлкіне ие болып, әйелін ертіп басқа жерге көшіп кетеді. Осы кезде баяғы қасқыр 

жортып келе жатқан еді. Ол алыста ұшып-қонып, шуылдап жүрген топ қарғаны көреді. «Бұл не екен?» 

деген ойымен қарға үймелеген жерге жақындайды. Келіп қараса, ол баяғы өзінің өліп жатқан досы екен. 

Енді  не  істеу  керек?  Қасқыр  бір  ой  сап  ете  түседі.  Ол  жата  қалып,  білдіртпей  жер  бауырлап  жылжып 

барады да, қаоғалардың арасынан патшасын ұстап алады. Қалған қарғалар: 

 

- Патшамызды босат! – деп шулап қоя береді. 



 

Сонда қасқыр қарғаларға: 

 

-  Сендер  адам  тірілтетін  шөп  әкеліп  беріңдер!  Ол  ең  биік  құздың  басында  өседі.  Міне,  сонда  ғана 



патшаларыңды босатамын, — дейді. 

 

Қарғалар келісіп, адам тірілтетін шөп өсетін құзды іздеп жан-жаққа ұшып кетеді. Іздегендерін тапқанына 



қуанған  олар  шөпті  алып,  кері  қарай  ұшады.  Қасқыр  қарғалар  әкелген  шөпті  суға  салып  жұмсартып, 

Елеместің аузына салады. Елемес орнынан түрегеледі. Қасқыр қарғалардың патшасын қоя береді. 

 

Қайта тірілген Елемес есін жиып, досына рақметін айтады. Сонан соң ағаларын іздеп шығады. Көп ұзамай 



алдынан ауыл көрінеді. Бұл ағаларының ауылы екен. Елемес үлкен ағасының үйіне барады. Ол жерден 

нан пісіріп отырған өзінің әйелін кездестіреді. Екеуі көрісіп соң ішке кіреді. Үйдің төр жағында ағасы 

ұйықтап жатыр екен. Ашуын тоқтата алмаған ол ағасын қылқындырып өлтіріп қоя жаздайды. 

 

Артынан  кірген  әйелі  оны  әрең  дегенде  тоқтатады.  Інісінің  тірі  екенін  көрген  және  оның  ашуынан 



қорыққан үлкен ағасы Елеместен бас ұрып кешірім сұрайды. Ашуы бәсеңдеген Елемес: 

 

- Өмір сені еш өзгертпепті. «Аққа Құдай жақ» демекші, мен досымның арқасында қайта тірілдім. Бірақ 



сенен  өшімді  алғым  келмейді.  Жаман  бол,  жақсы  бол,  бауырымсың.  Тірі  жүр,  бірақ  менің  маңайыма 

жолаушы болма, — дейді де, әйелін ертіп үйден шығып кетеді. 

 

Енді Елемес әйелін сырт жерде қалдырып, өзі кіші ағасының үйіне барады. Ағасы сыртта құлпытас жасап 



отыр екен. Ол інісін танымайды. Елемес те танымаған кісі болып сәлем береді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              162 bet 

- Үйге кір, — деп, ағасы Елемеске бар сырын айтады. 

 

-  Біз  ағайынды  үш  жігіт  болатынбыз.  Кіші  ініміздің  аты  Елемес  еді.  Күншіл  ағам  «оны  өлтірейік  те, 



байлығын бөліп алайық» деп қоймады. Бірде аңнан келе жатқан кезімізде Елеместі өлтіріп, жапан далада 

тастап  кеттік.  Інімді  ағамның  тіліне  еріп  көмбей  кеткем  едім.  Енді  сол  жасаған  опасыздығыма  өкініп 

жүрмін. Тым болмаса, оның сүйегін тауып жерлейін деп, қазір басына қоятын құлпытас жасап жатырмын, 

— дейді. 

 

Елемес кіші ағасының әңгімесін тыңдап болған соң, өзін таныстырады. Басынан өткізген жайды баяндап 



береді. Ағасы інісінен кешірім сұрайды. Осылай, ағайынды екеуі татуласып, жылап көріседі. 

 

Олар баяғы әкелерінің шаңырағын қайта көтеріп, балалы-шағалы болады. Жалғыз қалған үлкен ағалары 



қартайған кезінде қателігін түсініп, бауырларына келіп қосылады. 

 

119 - Бөлім: Баянауыл жайлы аңыз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1816 

 

 



Баяғы  өткен  заманда  байлығына  сан  жетпейтін  Қарабай  деген  бай  болыпты.  Ол  әлемдегі  ең  бай  адам 

болады. Қарабайдың ай десе аузы, күн десе көзі бар, бүкіл дүниедегі ең сұлу қызы болады. Қызының аты 

Баян болған екен. Баянға құда түсу үшін-жақтан жігіттер ағылады. Алайда, Баян олардың ешқайсысын да 

ұнатпайды. Әкесі Қарабай да анау-мынау адамдармен қол алысып амандаса бермейтін бай болады. 

      Арада  бірнеше  жылдар  өтеді.  Қарабай  қызының  өзіне  лайықты  жігіт  тауып  тұрмысқа  шықпай 

жүргеніне алаңдайды. Қарабайдың басына Баянды басқа жаққа көшіру туралы ой келеді. Соңынан, тек 

қана  Баянды  емес,  оның  ауылын  да  көшірмекке  бел  буады.  Сөйтіп  Аягөз  бен  Тюменьнің  арасындағы 

аймаққа келіп қоныстанады. 

      Баянның сұлулығына тамсанып, құда түсуге келген жігіттердің саны өте көп болады. Олар әлемнің 

түкпір-түкпірінен келеді. Баянның жаңа ауылын іздеп жүріп ”Баянның ауылы қайда?” деген сұрақтар ел 

арасында тарап кетеді. Сол кезден бастап Баянның жаңа ауылы ”Баянауыл” деп аталған. 

 

120 - Бөлім: Балықшы мен сиқыршы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1817 

 

 



Баяғы ерте заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың бір қызы бар екен. Шал балық аулап, кемпір 

ау  жамап күндерін көріпті. Бір  күні  балық аулап отырған шал ағып  келе жатқан бір сандықты көреді. 

Сандықты судан шығарып, үйіне апарады. Кемпір мен қызы екеуі жабылып сандықты аша алмайды. Осы 

кезде көмекке шал келіп, зорға дегенде сандықтың аузын бұзады. Қараса, ішінде жеті бүктеліп айдаһар 

жатыр екен. Ол басын көтеріп: 

 

- Сен маған жақсылық жасадың. Мен бір ғасыр бойы осы сандықтың ішіне кептеліп жаттым, сендер мені 



босаттыңдар,  сол  замандағы  бір  сиқыршы  маған  өшігіп,  айласын  асырып  осы  сандыққа  салып,  аузын 

мықтап құлыптап тастады. Сандықтың іші тым тар болғандықтан бар қасиеттен, күштен айырылдым. Күн 

көзін  көрмегендіктен  соқыр  бола  жаздадым.  Енді  болмағанда  аштан  да  өлер  едім,  —  деп,  үшеуіне  де 

тиіспейді, керісінше: 

 

- Осы жақсылығың үшін мен сені балығы көп жерге алып барайын, сол жаққа көш, — дейді де өзі бойын 



жазып, тынығып алған соң оларды ертіп балығы мол жайлы жерге көшіріп апармақ болады. 

 

Кемпір мен шал: 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              163 bet 

- Жарайды, көшелік, — деп келіседі. 

 

Бірнеше күн өткен соң, сәл де болса күш жинаған айдаһар арқасына үшеуін отырғызып, олардың жүктерін 



артып  айтқан  жеріне  жеткізеді.  Кемпір  мен  шал  айдаһар  көрсеткен  жерге  үйін  тігеді,  қыздары  оларға 

тамақ әзірлейді. Бәрі бірге отырып жаңа қоныста тамақ ішіп болған соң айдаһар олармен қоштасып өз 

мекеніне ұшып кетеді. Енді шал балық аулауға судың жағасына барады. 

 

Сәлден  кейін  қармағына  бір  үлкен  балық  түседі.  Балықтың  үлкендігі  сондай,  шалдың  оны  тартып 



шығаруға әлі келмейді. Күші жетпеген соң көмекке кемпірі мен қызын шақырады. Үшеуі жабылып жүріп, 

зорға дегенде сол балықты сыртқа алып шығады. Шал осылай тағы екі балық аулапты. Енді ол осы үлкен 

үш балықты алып, сол жердегі  ханның үйіне барады. Хан балықтарды көріп, олардың үлкендігіне таң 

қалады. Шалға үш табақ алтын беріп, ғажайып балықтарды сатып алады. Ханның сыйлығына разы болған 

шал үйіне оралады. Хан болса кешке балық жегісі келіп, аспазшысына балықтың біреуін қақтатып әкелуін 

бұйырады. Аспазшы балықты алып тазалай бастағаны сол еді, кенет балыққа тіл бітіп: 

 

- Мені жеме, үлкен қателік жасайсың, — дейді де, жоқ болып кетеді. 



 

Аспазшы болған оқиғаны ханға келіп айтады. Сонан соң хан тағы біреуін пісіртпек болады. Ол да күл 

болып  кетеді.  Соңғы  балықпен  де  осындай  оқиға  болады.  «Бұл  неткен  ғажайып»  деген  оймен  хан 

балықтарды әкеліп берген шалдың үіне келіп, одан балықты қай жерден аулағанын сұрап береді. Енді хан 

қылышын  алып  сол  жерге  барады.  Суды  жағалап  келе  жатып,  басы  –  бас,  арты  –тас  бір  адамды 

кездестіреді. Хан: 

 

- Сен кім боласың? Не қылып отырған адамсың? – деп сұрайды. 



 

Басы бас, арты тас кісі: 

 

- Сұрап не қыласың, тез арада бұл жерден кет, — деп жауап береді. 



 

- Неге кетуім керек? – дейді түкке түсінбеген хан. 

 

- Бұл ұзақ оқиға, жазықсыз сен де бір пәлеге душар боларсың, қазір әйелім келіп қалады, кет, — дейді. 



 

Хан: «Айт, айт!» деп қоймаған соң, басы бас, арты тас кісі: 

 

- Мен өзім үш рулы елім бар, соны билеп тұратын хан едім. Бір күні ел аралап, үйге келсем, малайларым 



жылап отыр. 

 

- Ау, неге жылайсыңдар? – деп сұрадым. Олар: 



 

- Ойбай, сіздің бәйбішеңіз осындағы бір сиқыршы дәумен тамыр болып, сиқыр оқуын үйреніп алды. Енді 

сізден құтылудың амалын ойластыруда. Бір күні сізді өлтіреді ғой деп, соған жылап отырмыз, — деді. – 

Түнде сіз ұйықтап жатқанда байлаулы тұрған тұлпардың біреуін мініп, мына жолмен барып, мына жолмен 

келеді. 

 

- Осы айтқандарыңды дәлелдей аласыңдар ма? – деген едім: 



 

- Күнде кешке жықын кетеді. Бүгін де барады, — деп малайларым сөзін жалғастырды. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              164 bet 

Бұ әңгімені естіген соң, мен әйелімді түнде аңдыдым. Ол кеткен соң, киініп артынша шықтым. Барсам, 

әйелім қайтып кетіпті. Сол жерде малайларым айтқан дәуді кездестірдім. Ашумен барып оны қылышпен 

салып қылып, өлтірдім. Үйге қайтып келіп орныма жаттым. Ертеңіне тұрсам, әйелім жылап отыр екен. 

 

- Неге жылайсың? Бостан-босқа адам жылай ма? – дегенім сол еді, әйелім бір табақ суды шашып жіберді. 



 

Осыдан кейін өзің көріп тұрған басы – бас, арты – тас адамға айналдым. Мұнысымен қоймай елімді үш 

айыр  су  қылып,  халқымды  балық  қылып  жіберді.  Өзі  күніге  мына  жолмен  өлген  дәуге  барып,  мына 

жолмен қайтады. Оның сүйегін құшақтап жылайды. Келіп мені ұрып кетеді, — деп сөзін бітірді. 

 

Әңгімені тыңдаған хан: 



 

- Қане, сол жолмен мен де барып көрейін, — деп, дәудің сүйегі жатқан жерге келеді. 

 

Келіп қараса, расында да, дәудің сүйектері жатыр екен. Енді хан басы – бас, арты тас адамға көмектескісі 



келеді.  Осы  оймен  дәудің  сүйектерін  құртып,  орнына  жатады.  Бірнеше  уақыттан  соң  осы  араға  тасқа 

айналған ханның әйелі келеді. Бірақ дәудің орнында басқа адамның жатқанын байқамайды. Әйел келе 

дәуді құшақтай: 

 

- Ойбай, сен тірілер күн бар ма екен? – деп еңіреп жылайды. 



 

Осы кезде хан қозғалып: 

 

- Мен «байыңды басын – бас, арты – тас қыл» деп пе едім. Бар, орнына келтір, — деп зіркілдейді. 



 

Бұны күтпеген әйел сасып қалады. Сол кезде хан орнынан тұрып, әйелді күйеуінің қасына ертіп барады. 

Әйел тағы бір табақ суды шашып жібереді. Осы кезде бәрі бұрынғы қалпына қайта оралады. Әйел дәудің 

сиқырынан  арылады.  Хан  тағына  мініп,  баяғы  ханмен  дос  болып  мұратына  жетеді.  Осының  бәріне 

себепкер болған шал мен кемпірдің қызын басқа ханның ұлына қосып, үлкен той жасап берген екен дейді. 

 

121 - Бөлім: Бай мен баласы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1818 

 

 



Ертеде  бір  бай  болыпты.  Байдың  жалғыз  баласы  бар  екен.  Бала  ерекше  болып  өседі.  Оның  жаны 

кеудесінде емес, ақ бәкісінде көрінеді. Бұл ақ бәкіні байдың үйіне қонаққа келген данышпан қария тарту 

етіпті. Сол күннен бастап бай бәкіні ұлтарақтың астында сақтайды екен. 

 

Бірде байдың баласы жылқы бағып түн болғанша жүріп қалады. Осы кезде түйеге мінген бір қыз сағым 



болып елестейді. Сонда бала сағымға қарап: 

 

- Ақ түйеге мінген қыз, жерді басып жүрген қыз, — дейді. Ал, әлгі сағым: 



 

- Ақ түйеге мінгенбіз, жерді басып жүргенбіз, зердең болса іздеп тап, — деп жауап береді. 

 

Жылқы баққан бала үйіне келіп: 



 

- Әке, маған бір сағым кездесті, соны іздеуге аттанамын, — дейді. 

 

Әкесі: 


 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              165 bet 

- Барма, — деп, рұқсатын бермейді. 

 

- Жоқ, әке, оны іздеймін! Мен күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалатын түрім бар, — деп бой бермейді. 



 

Ақыры болмаған соң әкесі: 

 

- Айтқаныма көнбедің, енді өзің білерсің, жас бала емессің ғой, — деп келіседі. 



 

Бала; 


 

- Әке, маған қандай ат бересің? – деп сұрайды. 

 

Әкесі: 


 

- Қай атқа мінемін десең өз еркіңде. Болмаса етегіңді қаудыратып, жүгеніңді сылдыратып жылқыға бар. 

Бетіңе қарағанға мін, — дейді. 

 

Бала етегін қаудыратып, жүгенін сылдыратып жылқыға барса, бір қотыр тай қарайды. Бұл тайдың аты 



«Қарақұнақ» еді. 

 

Бала Қарақұнақты жүгендегенде ол құнан болады. Ер салғанда дөнен болады. Мініп алғанда сегіз жасар 



бесті болады. Осылай Қарақұнаққа мінген бай баласы алыс жолға аттанады. Жолда келе жатып бір көлге 

кездеседі. Әлгі көлден өте алмайды. Атын бір ай бойы күтіп-баптап барып, қарғытқанда ғана қөлдің арғы 

жағасына шығады. Көлден өтіп сапарын әрі қарай жалғастырады. Осылай келе жатып, бір жерде шөлден 

шырылдап тұрған торғайды көреді. «Тым болмаса кішкене әлденіп алсын» деген оймен бір шынтағын 

қанатады. Торғай кенет қыз болып шыға келеді. Қызбен сөйлесе келе жалмауыз кемпірдің оны торғайға 

айналдырғанын  біледі.  Бұл  сиқыр  қызға  арнап  қан  шығарғанда  ғана  жойылады  екен.  Бай  баласы  енді 

қызды ертіп сапарын жалғастырады. Біраз уақыттан кейін бір жігітке жолығып, жөн сұрасады. Ол: 

 

- Жолда айдаһар бар. Ол қасынан өткен адамдардың бәрін жалмап жатыр, абай бол, — деп ескертеді. 



 

Бай  баласы  жігітке  алғысын  айтып,  ары  қарай  жүрмек  болады.  Ал,  жолшыбай  жолыққан  жігіт  қызды 

ұнатып  қалыпты.  Бай  баласы  жігітке  қызды  қалдырып,  өзі  жолын  жалғастырады.  Келе  жатып,  тауды 

қопарып жатқан айдаһарды кездестіреді. Әлгі айдаһар екеуі алысады. Ақырында ойды қыр қылып, қырды 

ой қылып айдаһарды жеңеді. Енді бір жерге келгенде астындағы арғымағы адамша: 

 

- Сұр мерген дейтін мерген бар, түстік жерден атып, күншілік жерден болжайды. Сондықтан оның атқан 



оғы тимес үшін, мен саған еңкей деп айтқан кезде, еңкейетін бол, — деп ескертеді. 

 

Иесі: 



 

- Жарайды, — деп келіседі. 

 

Олар әрі қарай жүре береді. Бір жерге келгенде арғымағы: 



 

- Еңкей! — дейді. 

 

Бала еңкейе қалады. Осылай бірнеше уақыт жүргеннен кейін әлгі мергеннің аулына жетеді. Баланы көрген 



Сұр мерген: 

 

- Менің атқан кісім өлмей қоймаушы еді. Бұл өзі қандай сақ жігіт? – деп әйелінен сұрайды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              166 bet 

 

Үй иелері келген жолаушыны аттан түсіріп: 



 

- Жолың болсын. Неғып жүрген адамсың? – деп жөн сұрасады. 

 

Сонда бала: 



 

- Мен бір сағым боп көрінген сұлу қызды іздеп келемін, — деп жауап береді. 

 

- Олай болса, сен сол жерге жақын қалдың. Бүгінше жатып дем ал. Ертең таң ата жол көрсетіп жіберемін, 



— дейді. 

 

Келесі күні ерте тұрып, Сұр мерген көрсеткен бағытқа қарай жүреді. Сәлден кейін әлденеше қабат темір 



үйге барады. Жолда Қарақұнақ: 

 

- Мені байлап кет, — деп тағы да адамша тіл қатады. 



 

Бай  баласы  үйдың  жанына  келгенде,  қызды  көруге  асығып,  атын  байламай  кетеді.  Әлгі  үйдің  жеті 

бөлмесінен өтіп, ең төргі бөлмесіне кіреді. Осы бөлмеде бір алтын сандық тұр екен. Бала сандықты ашады. 

Сандықтың  ішінде  сұлу  қыз  жатады.  Бұл  қызды  да  жалмауыз  кемпір  алдап  әкеліп,  сандыққа  тығып 

тастайды. Қыз бен жігіт сөйлесіп, бір-бірімен келіседі. Содан кейін екеуі сыртқа шығады. Қараса, баланың 

аты өліп қалыпты. Серігінен айрылған жігіт қатты қайғырып жылап жібереді. Сонда қыз: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет