Белгілі зерттеуші- ғалым А. Жұмабекова: «қазақ тіл білімінде антонимияны зерттеудегі аз қарастырылған аспектілердің бірі- контекстуалды антонимдер болып табылады. Антоним болмайтын сөздер мәтінде қарама- қарсы қойылып, олар стилистикалық антонимдер деп аталады», – дейді [1, 24 б]. Узуалды (тұрақты емес) және контекстуалды антонимияны белгілеу шартты түрде ғана және дәстүрлі болумен байланысты. Сөйлеу барысында белгілі бір жаңа құбылыс пайда болып бекиді, содан кейін ғана тілдік жүйеге көшеді. Антонимдерді тілдік және контекстуалды деп бөлудің басты себептері олардың негізінде жатқан қарама- қарсылық бірінші қатарға шығады. Үлкен- кішкентай, ауыр- жеңіл жұптары қисынды түрде ұғымдармен тез байланысып, әр түрлі контексте бірге болуының арқасында дәлме – дәл орнына келтіру дәрежесінің жоқтығын иемденеді. Ал сөйлесуде кездесетін антонимдерге келер болсақ, мұндай тілдік және ассоциативті қарама- қарсылық іске асады, ал қисындылық жағы келесі кезекте қалады. Осы сияқты оппозициялар белгілі бір контекске тән.
Проф. Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі антонимдік контестердің мына сияқты төрт түрін атап көрсетеді [2, 39 б]: 1) Антонимдердің бір сөйлем ішінде қатар қолданылуы; 2) Іргелес сөйлемдерде қолданылуы; 3) Бірнеше антоним сөздердің бір сыңарларын одан кейін беру; 4) Антонимдерді аралас қолдану. Ғалым Ә. Болғанбаев та антонимдік контекстерді осылай топтастырады.
|
Қазақ тіл білімінде антонимдердің рөлі өте зор. Антонимдердің қарама-қарсылықты салыстыру, бір-біріне сәйкес келтіру, ойды осылайша түсіндіруде алатын орны ерекше. Қазақ тіліндегі антонимдердің қалыптасуы мен даму тарихына арналған еңбектердің ішінде Ж.Мусиннің «Қазақ тілі антонимдерінің сөздігі» еңбегі үлкен назар аударуға тұрарлық. Қазақ тіліндегі антонимдердің топтастырылуы қарама-қарсы сөздердің жұптары ретінде топтастырылып, нақты тілдік деректер негізінде талданып, тың пікірлер білдіреді. Қазақ тілінің лексикалық құрамы омонимдік және синонимдік әрекеттерге бай. Антонимдік қатынастар-тілдегі семантикалық парадигманың көріністерінің бірі. Қарама-қайшылық тек тілдік категория ғана емес, сонымен қатар философия, логика, психология сияқты ғылым салаларымен байланысты. Біз тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қайшы келетін сөздер антонимдер деп айтамыз. Мысалы: жақсы-жаман, жаңа-ескі, бар-жоқ.
Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады онан соң етістіктерде зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кез-деседі. Ал қалған сөз таптарынан антонимдер тым тапшы.
Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: түбір күйінде кездесетіндері: ауыр—жеңіл, кең—тар, ыстық- суық, үлкен—кіші, жас—кәрі, биік—аласа, ұзын—қысқа артық—кем, аш—тоқ, жақсы—жаман, қалың—жұқа, терең-арарық—семіз, оңай—қиын, араз—тату, ашы—тәтті, көп-аз,оң- теріс т. б.
туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өзімшіл—көпшіл, ашық—жабық, тілазар—елгезек, қаты—ақырын, орнықты—шалағай, олақ—іскер, оңқай—солақай сүйкімді—жексұрын, бүтін—жыртық, жүрдек—шабан, түзу-қисық т. б. Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антоним- дер көбінесе —лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы анто- нимнің жағымды сыңарларын ал —сыз, -сіз жұрнақтары сыз мағынадағы сыңарларын жасайды.
|