77. Лексикография туралы түсінік. Қазақ лексикографиясының зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз. 78. Қазақ фразеологизмі туралы түсінік беріңіз. Фразеологизмдердің ұлттық- мәдени көрінісін сипаттап, мысалдармен дәлелдеңіз. 79. Қазақ диалектологиясының зерттелуіне хронологиялық шолу жасаңыз. Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулер, Қазан төңкерісінен кейінгі зерттеулерді талдап, салыстырып, ерекшеліктерін концептуалдық кестеге түсіріңіз. 80. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен қазақ тілінің сөздік қоры туралы түсінік беріңіз. Сөздік құрам мен сөздік қордың арақатынасын мысалдармен дәлелдеңіз. 81. Сөз магиясы дегенді қалай түсінесіз? Табу, табудың түрлері мен жасалу жолдарына сипаттама беріңіз. Табудың этномәдени негіздерін мысалдармен дәлелдеңіз. 82. Диалектология туралы жалпы түсінікке сипаттама жасаңыз. Диалектілік, говорлық ерекшеліктерді саралап, кестеге түсіріңіз, мысалдармен дәйектеңіз. 83. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдарын түсіндіріңіз, мысалдармен негіздеңіз. 84.Жергілікті тіл ерекшеліктерінің диалектілік, говорлық сипатына тоқталыңыз, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын кестеге түсіріңіз. 85.С.Аманжоловтың, Ж.Досқараевтың зерттеулеріне шолу жасаңыз қазақ тіліндегі диалектілер туралы пікірлерін салыстырыңыз. 86.Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер, түрлері. Мысалдармен дәлелдеңіз. Кәсіби сөздердің жергілікті жерде қалыптасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 87. Қазақ ғалымдарының зерттеулеріндегі оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс диалектілерінің бөлінісін мысалдармен дәлелдеңіз. Фонетикалық, грамматикалық лексикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, дәйектеңіз.