Лексикологияның зерттелуі, ол туралы пікірлерді салыстырып, өз тұжырымыңызды жасаңыз.
Сөз атау ретінде зат, құбылыс, түсінікті белгілесе, ол лексикалық бірлік ретінде ұғымды (мағынаны) білдіреді. Лексеманың ұғымды білдіруі, мағынаға ие болуы сөздің ішкі мазмұнын айқындайды. Н.А. Баскаковтың ресей түркітану ғылымындағы түркітану лексикографиясы саласындағы мол жетістігі оның атымен байланысты десек артық айтқандық емес. Алғашқы ұйғыр-орыс тілі сөздігінен бастап, (1939) ол қарақалпақ, түркімен, ноғай, хақас, ғағауыз – ұлттықорыс және орыс-ұлттық, қарайым сөздіктерін құрастыруға етене араласты. Қарақалпақ тілін зерттеген ғалым Н.А.Баскаков өзінің «Каракалпакский язык» еңбегінде (1952) зат есімдерді (зат атауларын) екі негізгі топқа бөледі: а) адамдар тобы, оған адамның туыстық қатынасы, кәсіпке, әлеуметтік жағдайға байланысты атаулар және барлық кісі есімдері енеді; б) бұл топқа адамнан басқа жан-жануарлар, өсімдіктердің және жансыз табиғаттың барлық заттары кіреді. Ғалым К.М Мусаев «Грамматика караимкого языка» деген зерттеуінде зат есімді семантикалық мағынасы жағынан зерттеген бірақ аз ғана мәлімет беріп өткен. Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қаласқан көрнекті ғалым, қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан қоғам қайраткері Ісмет Кеңесбаев (1907–1995) еңбектерінде де түркология мәселелеріне арналған зерттеулер мол. Ол 1944 жылы «Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» атты докторлық диссертациясын қорғап, фразеология бойынша жалпы түркілік мәні бар еңбегін жариялады . Қазақ тілі бойынша «Қазақша-орысша сөздіктер» (1945, 1952, 1954), «Орысша-қазақша сөздік» (1946, 1954), 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986) секілді іргелі еңбектер – қазақ тілінің лексикографиясы бойынша дайындалған академиялық басылымдар болды. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» ұласты19. Көп жылдық ұжымдық еңбек жинақтала келе 106000 сөзден тұратын үлкен түсіндірме сөздікті жасаумен қорытындыланды . Қазақ тілінің шығу негізін зерттеу ісімен өз еңбектерінде тілші ғалым Ғайниден Мұсабаев (1907-1981) арнайы айналысты. Ол тіл тарихы, этимология, лексикология, лексикография, түркі жазба ескерткіштері, әдеби тіл мәселелеріне белсене араласты. Академик Шора Сарыбаевтың (1925 ж. туған) еңбектері қазақ диалектологиясы, лексикографиясы, тіл білімінің библиографиясы, терминологиясы, грамматикасы салаларына арналған. 1976 жылы жеке монография түрінде жарық көрген «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» атты докторлық диссертациясы Қазақстандағы түркітану ғылымына жаңа бір серпін берді. Ә.Ахметовтың еңбектерінде қазақ тілі мен түркі тілдеріндегі табу (тыйым салу) сөздердің мән-мағынасы мен қолданыс ерекшеліктері талданды. Сондай-ақ ол түркі тілдері мен америкалық үндістердің тілдеріндегі лексикалық параллельдерді салыстыра қарастырып, оның арғы тегіне үңілді21 . Бұлардың жолын Б.Сағындықов, Ә.Жүнісбеков, Ж.Түймебаев, Е.Қажыбеков, Ә.Керімов, Н.Г.Шаймерденова, А.Қайыржанов т.б. ізденістері жалғады. Көпшілік ғалымдар Р.А.Будагов, А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев абстракт зат есімдер конкретті зат есімдердің негізінде, солардан (деректі) кейін шықты деп айтқан.
Профессор Т.Р.Қордабаев «Жалпы тіл білімі» (1975) оқулығында тіл –тілдің қай – қайсысында да оның құрылымдық элементтерін абстракциялап қолдану заңы бойынша деректі элементтің дерексізденуі негізінде жаңа элемент пайда болады деген пікірін кездестіреміз. Сөздің деректі және дерексіз мағынасы жөнінде мәліметтер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» (1975) оқулығында да берілген.
Мақсаты: лексикология және лексикография ұғымдарын меңгеру. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық тармақ болып қарастырылады. Әрбір тілдің сөздік құрамында қаншама көп болғанымен, олар бір-бірімен байланысты. Өзара жүйе ретінде өмір сүреді. Әрбір тілдің лексикологиясы нақты бір тілдің лексикасын зерттейді. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүм кін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама лексикологияда «Қазіргі ағылшын тілі», «Қазіргі қазақ тілі» атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассив ті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.
1. Богданов В.В.
Семантико-синтаксическая организация предложения. -Ленинград: Издательство Ленинградского университета, 1977. – 200 с.
2. Аташев С.М.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуальды мүшеленуі: филол. ғыл. канд….. дисс. -Алматы, 1995. – 143 б.
3. Кобозева И.М.
Лингвистическая семантика. -Москва: Эдиториал УРСС, 2000. – 352 с.
4. Падучева Е.В.
Высказывание и его соотнесенность с действительностью. -Москва: Наука, 1985. – 272 с.
5. Қалыбаева А.Б.
Актуальное членение предложения в русском и кыргызском языках: автореф……канд. филол. наук. – Бишкек, 1996. – 19 с.
6. Сағындықұлы Б.
Тең дәрежелік қатынастағы тілдік бірліктер: филол. ғыл. док. …. авторефераты. –Алматы, 2004.-49б.
7. Нуруев Т.
Неопределенно-личные предложения в киргизском языке: дисс….. канд. филол. наук. –Фрунзе, 1989. – 158с.
8. Бектуров М.С.
Русские безличные предложения и их эквиваленты в казахском языке: автореф….канд. филол. наук. –Алматы, 1966. – 22 с.