Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтарыТіс сөзіне қатысты фразеологизмдер
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí
73. Фразеологиялық антонимдерге сипаттама беріңіз, жасалу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз, мысалдармен дәлелдеңіз. Фразеологиялық антонимдер - мән- мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі Фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып келеді: тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқа сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы, аты шықты—аты өшті, ат ізін салмады —атізін құрғатлады, ашық мінез — тұйық мінез, әлі кірді—әлі кетті, баққонды— бақ гайды, беделі артты — беделі түсті, бетінен оты шықты — беті Бұлк етпеді, Бұл дүние — о дүние, ер жүрек — қоян жүрек, есіне түсті — есінен шықты, жүрек жұтқан — су жүрек, жолыңа гүл бітсін — жолыңа жуа шықсын құрылымы-құрылысы жағынан мүлде басқа сөздерден жасалады. Мысалы, соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шөлі қанды — қаны кепті, өркенің өскір — желкең қиылғыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — үйлі-ба- ранды, оң жақ, (босаға) — жат есік, еңкейген шал — еңбектеген бапа, әлі сүйек — еті тірі, аузыңа май — жағың қарыссын, айы оңынан туды — жолы болмады, еңбегі қатпаған — тісі шыққан т. б. Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиұлы өз еңбектерінде фразеологизмдерде қарама – қарсылықтың берілуінің тек екі түрін көрсетеді: тұрақты тіркестің өз ішіндегі компоненттерді басқа сөздермен алмастыру арқылы: аты шықты – аты өшті; ашық мінез – тұйық мінез. Құрылым – құрылысы жағынан мүлдем басқа сөздерден жасалады: соры сорпа қайнады – көзі ашылды; шөлі қанды – қаны кепті. жүктеу/скачать 259,24 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |