Бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы



бет14/63
Дата19.10.2023
өлшемі457,69 Kb.
#119468
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін -emirsaba.org

қағидаты. 

11. Білім беру сұраныстарына сәйкес ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді 

жаңғырту қағидаты. 
Педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік қызметінің нәтижелілігі мектептегі 
ғылыми-әдістемелік жұмыс бағыты бойынша басшылардың басқару функцияларын
сапалы іске асыруға байланысты. Басқару ұжымның бірлескен қызметінің 
мақсаттылығын, ұйымдастырылуын, келісімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге, оны
бақылауға және қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізуге арналған. Бұл үшін белгілі 
бір басқарушылық іс-әрекет келесі реттілікпен орындалуға тиіс: 1) мақсат қою; 2)
жоспарлау және ұйымдастыру; 3) іске асыру; 4) нәтижелерді талдау және қорыту; 5) 
түзету; 6) нәтижелерді тәжірибеге енгізу. (2-суретті қараңыз)
Мектептің ғылыми-әдістемелік қызметін басқарудың болжамды жүйесі мынадай 
компоненттерден тұрады: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, саралау, іске асыру,
нәтижесі, енгізу. 


I. Мақсат қою - төрт компонентті қамтиды.
1) білім беруді жаңғыртудың негізгі талаптарын іске асыру: оқытуды ізгілендіру, саралау 
және дараландыру, білімді қолжетімді ету, оқыту бейінділігі, білім беру процесін
ақпараттандыру; 
2) педагогикалық зерттеулер нәтижелерін қолдану негізінде мектепті дамыту: білім беру
сапасын арттырудың және білім беру мекемесін дамытудың стратегиялық және 
тактикалық міндеттерін іске асыру; педагогтер қызметінің мазмұндық компоненттерін
әзірлеу; инновацияларды сараптау және бағалау және т. б.; 


2-сурет. Мектеп педагогикалық ұжымының ғылыми-әдістемелік қызметін басқару 

циклі 


17


3) оқушылардың жеке және академиялық жетістіктерінің өсуі; 
4) мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру.

II. Ғылыми-әдістемелік жұмысты (ҒӘЖ) жоспарлау және ұйымдастыру; 
1) жоспарлау негізінен басқарудың басты шешімдерінің бірі болып табылады. Жоспарлау 
үдерісі келесіні қамтиды:
- жалпы мектеп жоспарының бөлімі ретіндегі ҒӘЖ жоспарын; 
- зерттеу қызметінің тұжырымдамасын (таңдалған тақырып бойынша);
- зерттеу бағдарламаларын(жалпы және жеке); 
- кафедралар мен әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын;
- тәжірибеге енгізу мақсатына жүргізілетін іс-шаралар жоспарын. 
2) қызметті ұйымдастыру жоспарды кезең-кезеңмен іске асыру сценарийін, мысалы, білім
алушылардың өзіндік жұмысында АКТ-ны пайдалануды; жалпы формативті бағалауды 
жүргізуді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет