20
• іс-әрекеттегі зерттеу ғылыми-әдістемелік қызметтің формасы ретінде;
• үйлестірушілерге, менторларға, коучтерге, критериалды бағалау бойынша
үйлестірушілерге, оқыту әдістемесі бойынша мектеп тренерлеріне әдістемелік қолдау
көрсету;
• мектептердің желілік қоғамдастығын дамыту бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
Педагогикалық рефлексияны дамыту бойынша әдістемелік қолдау
Сыни тұрғыдан ойлау және рефлексия ұғымы тектік-түрлік ұғымдары ретінде әрекет
етеді. Педагогикалық қызметте сыни ойлау педагогтің де, оқушының да рефлексивті
тәжірибеде іске асырылады. "Рефлексивті тәжірибе" ұғымы философ, психолог және білім
беру саласындағы реформатор
Джон Дьюидің еңбектерінен, сондай-ақ, философ,
индустриалды және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның еңбектерінен бастау
алады.
Рефлексивті
ой
шешілетін
мәселелерді
парасаттандыру
тұрғысынан
қарастырылады: идеяны немесе гипотезаны тұжырымдау,
тәжірибеде болған
жағдаяттарды талдау мен зерттеуді бастау және жүзеге асыру; гипотезаны тәжірибеде
сынақтан өткізу. (John Dewey.1997; Donald A. Schön, 1984).
Сонымен, педагог қызметі тұрғысынан рефлексивті оқыту қажеттілігі алдынғы
қатарға шығады, атап айтқанда:
• проблемаларды анықтау және оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;
• міндеттерді шешуде айқындаушы маңызы
бар басымдықтарды белгілеу;
• тиісті ақпаратты жинау және жіктеу;
• нақты және қысқа сипаттама;
• анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды анықтау;
• дәлелдеу және шешім қабылдау үшін нәтижелерді түсіндіру;
• объективті қорытындылар талдап қорыту;
•
ой қорытындысын дәлелдеу;
• алынған тәжірибе негізінде кәсіби пікір моделін түзету.
Өз кезегінде, педагог оқушылардың нені үйренетіні туралы сыни ойлау жүргізе
отырып, талдау мен дәлелдеуді, белгілі бір дәлелдер мен шығармашылық ойлауды талап
ететін тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын
дамытады.
Осылайша, оқушылардың сыни ойлауының негізгі сипаттамалары:
Ұтымдылық. Ең жақсы түсіндірмені табуға тырысу, үзілді-кесілді жауаптарды
іздеудің орнына сұрақтар қою, кез келген дәлелдемелерді
іздеу және есепке алу;
эмоциялардан гөрі дәлелдермен жұмыс жасау (эмоция орын алса да, төменде айтылған
өзін-өзі тануға қатысты да болуы мүмкін).
Әділдік. Барлық қорытындыларды бағалау; ықтимал көзқарастар мен даму келешегін
талдау
және тану; балама түсініктерге ашық болуға ұмтылу.
Достарыңызбен бөлісу: