Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет58/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1.
 
Қасым ханның билігінен кейін хандық тағдыры не болды? 
2.
 
ХҮІ ғасырдың ІІ ширегінде хандықтың аумағы қалай шешілді? 
3.
 
Хандар арасындағы тартыстардің басты себебі неде?
Əдебиет:
1. Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, 
Атамұра, 1998. 373-393 бб. 
2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: 
история, политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 89-177 стр. 
3. http://kultobe.kz/?p=380 
4. 
http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_history_kasym_khan_manuscript_iran
_malek_library 
№21 дəріс 
Тақырып: ХҮІ ғ. ІІ жартысындағы қазақ мемлекеті 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Хақназар ханның билікке келуі. Саяси портреті. 
2. Қазақ мемлекетінің аумағы, сыртқы саясаты. 
3. Елдегі сауда-экономикалық аспектілер 
Дəрістің мақсаты: 
Хақназар билігі кезеңіндегі Қазақ хандығының дəуірлеуі, 
сыртқы саясаттағы жетістіктеріне сипаттама.
Дəрістің мазмұны: 
Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан əлсіреген 
хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-
1580 жж.) əрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ 
хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан 
болған емес. Ол ел басқару,əскери-саяси істері жағында қажырлы да 
қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда 
дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға жəне 
күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан жəне 
Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта 
біріктірді.
Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, 
Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық 
өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай 
мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым 
Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* 
(Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, 


ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 
60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай 
ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының 
жəне Жалым ханзаданың қазақ ордалары жəне олармен бірге 20 ханзада 
Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нəтижесінде 
Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының 
жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде 
қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі 
феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың жəне халық бұқарасының 
феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нəтижесінде бордай 
тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай 
ордасына қараған қазақ тайпалары жəне олардың этникалық территориясы 
Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының жəне 
қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның 
жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді.
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен 
олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс 
– солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ 
хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, 
оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе 
жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 
1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде 
Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол 
билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. 
Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының 
сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі 
жауласып келген МауараннахрдағыШайбани əулетімен одақтастық байланыс 
орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып 
алуға бағытталған əскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Əулетінен 
шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос 
болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның 
бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды.
Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік 
орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, 
экономикалық байланысы одан əрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының 
ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді 
болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дəуірлей түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет