Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет56/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
ХҮ ғасырдың соңында Қазақ хандығының қол астында қандай қалалар 
болған? 
2.
Қазақ ханы Жəнібектің елді біріктіру жолындағы күресі қалай 
аяқталды? 
3.
Қазақ хандары мен Мұхаммед Шайбани арасындағы күрес немен 
аяқталды? 


Əдебиет: 
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, 
Атамұра, 1998. 320-357 бб. 
Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, 
политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 89-177 стр. 
http://1referat.kz/kazakstan-tarixy/qazaq-xandygynyn-quryluy-zhane-kerej-men-
zhanibek-cultandar.html 
№19 дəріс 
Тақырып: ХҮІ ғасырдың І жарт. Қазақ хандығы 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақ хандығының геосаяси жағдайы. Қасым хан. 
2. Саяси-экономикалық жағдайлар. 
3. Қазақ хандығы мен Мауеренахр билеушілерімен арасындағы 
байланыстар.
Дəрістің мақсаты: 
ХҮІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығынның геосаяси 
жағдайы жəне сыртқы саяси байланыстары туралы зерттеулер. 
Дəрістің мазмұны: 
Егер ХV ғасырдың 70-80-ші жылдары Қасым үнемі 
Бұрындық ханның жанында жүріп, «оған бағынып, бұйрықтарын орындап 
жүрсе», сол ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, одан іргесін аулақ сала 
бастайды. Қалыптасқан саяси жағдай Бұрындық пен Қасым арасын күннен-
күнге 
салқындата 
түседі. 
XV ғасырдың соңғы жылдарында Қасымның əскери қолбасшылық 
қасиетімен қатар, мемлекет қайраткері, шебер дипломат ретіндегі қырлары 
айқындала түседі. Бұған Қасымның жеке бастың мүддесінен гөрі 
мемлекеттілік мүддесін артық қоюы жəне осы соңғы мүддеге сай іс-əрекет 
жасап, шешім қабылдауы, оны жүзеге асыруы дəлел бола алады. 
Қасым ханның қазақ халқы алдында, қазақ мемлекеттілігін нығайтуда 
сіңірген еңбектерінің бірі – XV ғасыр соңында Сыр өңірінің біртіндеп қазақ 
халқының этникалық аумағына енгізе бастауы болды. Ал XVI ғасыр 
басындағы ханның аса бір рөлі қазақ жеріне басқыншы болып келген 
Мұхаммед Шайбани хан əскерін тас-талқан етіп жеңуден айқын көрінді. 
1496 жылы Бұрындық ханмен одақтасу арқылы Сыр өңірінің бір шетіне 
табан тіреген Шайбани хан Мауреннахрдағы саяси бытыраңқылықты 
ұтымды пайдалана отырып, 1500 жылы Самарқан тағын бір-бірімен үздіксіз 
күресіп жатқан Темір əулетінің өкілдерінен тартып алады. Ол 1500-1504 
жылдары Орта Азияның бірталай аймақтарын бағындырып, қуатты мемлекет 
құрады. Бірақ солтүстікте Қазақ хандығының болуы оған үнемі қауіп 
төндіріп отырғандай көрінеді. Сондықтан да Шайбани хан XVI ғасырдың 
басында Қазақ хандығын өзіне бағындыруды басты мақсат етіп қояды. 
Шайбанилық сұлтанның бірі, кейіннен хан болған Убайдуллах XVI ғасыр 
басындағы қазақтармен соғыс туралы мəселеде «біздің бүкіл мұсылман 
əлемін жаулаудағы алғашқы қадамымыз қазақтарды бағындырудан 
басталады» 
деп жариялайды. 
Бұл 
– 1509 
жылы 
айтылған сөз. 
Орта Азия билеушісі XVI ғасыр басында алдымен қазақтарды экономикалық 
тəуелділікте ұстау үшін 1505 жылы арнайы жарлық шығарады. Жарлықта 
қазақтармен толық сауда-айырбасты тоқтату жөнінде айтылады жəне Орта 


Азияда жүрген қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық беріледі. Бірақ бұл шара 
оған оң нəтиже бергізбейді, керісінше, Қазақ хандығы тарапынан қарсы 
əрекеттер туғызады. Шайбани хан өз əрекетін оң көрсету үшін 
мауреннахрлық дінбасыларына қазақтарды «дінсіздер» деп айтқызып, 
күреске Орта Азияның бүкіл мұсылмандарын жұмылдыруға күш жұмсайды. 
Сөйтіп, ол 1505-1509 жылдар аралығында Қазақ хандығына қарсы үш рет 
жорық ұйымдастырды. Бұл үш жорық Шайбани хан үшін біршама нəтижелі 
аяқталды. Сыр өңіріндегі қазақ сұлтандарының ұлыстары талқандалып, 
мыңдаған мал мен жан олжаға түсіріледі. Ондай ұлыстардың бəрі Жəнібек 
хан ұлдарының ұлыстары болатын. 1509 жылдың қысында болған үшінші 
жорық кезінде Бұрындық хан жау шабуылын біле тұра, Жəнібек хан 
ұлдарына ешқандай көмек бермей, керісінше, өз басын аман сақтап, 
ұлысымен шегініп кеткен еді. Ханның бұл əрекеті бүкіл қазақ қоғамында 
оның беделін төмендетіп жібереді. Осы кезден бастап барлық күштер Қасым 
ханның төңірегінде топтаса бастайды. Өйткені Шайбани хан алғашқы үш 
жорықта қазақ елін бағындыруды мақсат еткенімен оған жете қоймаған еді. 
Сондықтан да болашақта түпкі мақсатқа жету үшін əлі де болса жорықтар 
болу қаупі зор болатын. Міне, осы тұста сыртқы жауға тойтарыс бере алатын 
жəне бүкіл қазақ елін соған жұмылдыра алатын жалғыз тұлға Қасым хан еді. 
Сыр өңірі үшін болған шайқастарда жинақталған тəжірибе мен атақ-абырой, 
қолбасшылық пен ұлыс билеушілік дəреже, хан əулетінің өкілі болуы Қасым 
ханды қиын-қыстау жағдайда қазақ елінің ең ірі мемлекет қайраткеріне 
айналдырады. 
Мұны сол кездегі тарихшылар да аңғарған. Мысалы, Мұхаммед Хайдар 
Дулати: «Қасым ханның күшінің өскендігі соншалықты, Бұрындық хан 
туралы ешкім де ойламады, ол хандықты басқару мен ондағы бүкіл билікті 
қолына 
алды» 
деп 
жазады. 
Шайбани ханның келесі жорықтарынан хабардар болған Қасым хан оған 
алдын ала əзірленеді. 1510 жылғы Шайбани ханның соңғы жорығында Қасым 
хан өз Ордасын ішкері қарай, Ұлытау маңына қондырып, Ордада аз күш 
қалдырып, негізгі күшін кейін шегіндіреді. Оңай жеңіске масаттанған жау 
қаннен-қаперсіз бірнеше күн бойы Ордада тойлайды. Осы тұста Қасым хан 
əскерін қарсы шабуылға шығарады. Қазақтардан мұндай қарсы əрекетті 
күтпеген жау əскері ешқандай қарсылық көрсете алмай, бас сауғалап қашуға 
мəжбүр болады. Қазақтар жауын Ұлытаудан Сыр өңіріне дейін қуып, 
Сығанақ түбінде тас-талқан етеді. Шайбани хан əскерінің қалдықтары, 
деректерде жазылғандай, қорыққанынан арттарына қарауға мұршасы келмей, 
Самарқанға дейін қашады. Бұған дейін ешбір жеңілістің дəмін татпаған 
Шайбани хан əскері Қасым хан əскерінен 1510 жылдың қысы мен көктемінде 
осылай 
масқара 
болып 
жеңіліс 
табады. 
Орта Азия билеушісінің бұл жеңілісін сол тұстағы тарихшы Балхи былай деп 
бағалайды:«Бір сөзбен айтқанда, Шайбани ханның үлесіне ірі жеңіліс тиді. 
Өзінің ең шырқау биігіне жеткен оның билігі енді құлдырай бастады». Көріп 
отырғанымыздай, Қасым хан тек қазақ елін құтқарып қана қойған жоқ, 
сонымен бірге қарсыласы Шайбанидың белін үзіп, омыртқасын опырғандай 


етіп соққы береді. Орайы келгенде айта кетелік, Қасым ханнан жеңілгеннен 
соң Шайбани хан өшін айналасындағы өз сұлтандарынан алып, олардың 
иеліктерінің бəрін өзгертеді. Өз кезегінде сұлтандар бұған наразы болып, 
іштей қарсылық білдіреді, бірақ бірден сыртқа шығара алмайды. Сол жылы 
оның Бадахшанның таулы тайпаларына жасаған жорығы сəтсіз аяқталады. 
Күзде Мерв қаласында Иран шахы Исмайыл шах əскерінің қоршауында 
қалғанда қарамағындағы бірде-бір сұлтаннан көмек келмейді. Сөйтіп, 1510 
жылы күз айында ол қоршауда қаза табады, ал бірнеше жыл бойы Орта 
Азияда саяси бытыраңқылық жайлайды. Міне, Қасым ханнан жеңілген 
Мұхаммед Шайбани ханның тағдыры жəне ол құрған мемлекеттің тағдыры 
осылай 
аяқталады. 
Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі оның беделін одан əрі өсіреді, сонымен 
бірге ол билеген Қазақ хандығының халықаралық жағдайы арта түседі. 
Жалпы алғанда, Шайбани хан жорықтарына қарсы күресі, оны талқандауы 
Қасым ханның қазақ халқы алдында сіңірген үлкен еңбегінің бірі болып 
саналады. 
Қазақ жұрты алдында беделінен жұрдай болғанын сезген Бұрындық 1511 
жылы Мауреннахрға кетеді. Ешбір деректе жазылмаса да, осы жылдан бастап 
Қасым 
ханның 
ресми 
хандық 
дəуірі 
басталады. 
Қасым хан Қазақ хандығын 10 жыл (1511-1521 жж.) басқарады. Қазақ халқы 
үшін ол осы 10 жыл ішінде бірнеше хан ұрпағы атқаратын іс атқарып кетті. 
Ол хандық құрған жылдар ішінде қазақ елін, қазақ жұртын іргесіндегі 
көршіден 
алыстағы 
Еуропа 
халқына 
дейін 
танып-біледі. 
1510-1513 жылдары Шайбани хан өлгеннен кейін, Орта Азияда саяси 
бытыраңқылық белең алып, Сыр өңірінде оның ықпалы əлсірейді. Сондай-ақ 
Жетісу мен Шығыс Түркістанда бір жарым ғасырдан астам өмір сүрген 
Моғолстан мемлекеті де осы тұста ыдырап кетеді. Осындай Қазақ хандығы 
үшін қалыптасқан қолайлы сəттерді шебер пайдалана білген Қасым хан 
Жетісуда, толығымен Сыр өңірінде Қазақ хандығының билігін орнатады. 
Мұнда бір ескеретін жай, бұл аталған аймақтар ешбір ұрыссыз қазақ 
халқының этникалық аумағына енеді. Себебі мұндағы тайпалар қазақ 
халқының 
этникалық 
құрамының 
бірі 
болатын. 
Салыстырмалы түрде айтсақ, дəл осы жылдары орыс халқынын этникалық 
аумағының қалыптасу үрдісі, сонымен қатар саяси үрдісі бір орталыққа 
бағындырылған мемлекеттің құрылып жатқан кезі еді. Ал XVI ғасыр 
басындағы Қасым ханның билігі тұсында қазақ халқының этникалық 
аумағының қалыптасу үрдісінің Жетісу, Сыр өңірлерінде бейбіт өтуі бірнеше 
мəн-жайдың бетін ашады. Біріншіден, этникалық үрдістің біртұтас 
этноаумақта жүруі этникалық компоненттердің этнопсихологиялық жағынан 
жақындасуын тездетеді. Сол себепті де Жетісу мен Сыр өңіріндегі этникалық 
топтар саяси кедергілер жойылғаннан кейін өзінің негізгі этникалық 
ұйытқысына қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі этноүрдістің қырғын-
соғыссыз, бейбіт түрде өтуіне өз заманының ұлы қайраткері Қасым ханның 
жүргізген көреген саясаты тұрды. Жеке адамдардың тарихи кезеңдердегі 
орнын Қасым ханның атқарған рөлі арқылы түсінуге жəне түсіндіруге 


болады. Түбінде болатын объективті тарихи үрдіс – қазақ халқының 
этникалық территориясының қалыптасуы мүмкін басқа хандар тұсында 
басқаша жүрген болар ма еді немесе орыс тарихындағыдай соғыстар арқылы 
жүрген болар ма еді. Нақты оқиғалы кезеңдерге жеке тұлғалардың араласуы 
ол үрдісті не тежейді, не тездетеді, бірақ тоқтата алмайды. Біз бұл арада қазақ 
халқының этникалық аумағының қалыптасуы Қасым хан тұсында бейбіт 
түрде жəне тез жүргенін көрдік. Қасым ханның қазақ тарихындағы тарихи 
рөлдерінің 
бірі 
осында 
болса 
керек. 
Қасым хан қазақ халқының аумағын қалыптастырумен қатар, оның 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де бар күш-жігерін салады. Оған дəлел – 
1513 жылғы оның Ташкентке жорық жасауы болды. Осы жылдары 
Ташкенттің Қазақ хандығына өтуі бірнеше мəселені шешкен болар еді. 
Біріншіден, Ташкентті алу арқылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар 
мен елдімекендердің бейбіт өмірін сақтау, хандықтың оңтүстік шекарасын 
қауіпсіздендіру жəне бір саяси кеңістіктегі Дешті Қыпшақ пен оңтүстігінде 
Сайрамға дейін Сыр өңірінің этникалық тұтастығын қамтамасыз ету, дамыту 
болды. Екіншіден, дəл осындай мақсаттар Жетісуға да қатысты еді. 
Мауреннахр тарапынан Жетісуға жəне Сыр өңіріне апаратын қысқа жəне 
төте жол Ташкент арқылы өтті. Сондықтан да қаланың қазақтарға өтуінің 
əскери-стратегиялық маңызы болды. Үшіншіден, Қасым хан алдында саяси 
міндет 1513 жылдың басынан қайта күшейе бастаған шайбанилық 
сұлтандардың күшін, олардың Ташкент аймағындағы ықпалын əлсірету 
болды. Міне, осындай маңызды мақсаттар Қасым ханды Ташкентті алуға 
итермелейді. Жорықтың басталуына Сайрам қаласын өз еркімен Қасым ханға 
берген Қатта-бектің ұсынысы түрткі болды. Бірақ та Қасым ханның 
Ташкентке жасаған 1513 жылғы жорығы сəтсіз аяқталады. Кейін шегінген 
қазақ əскері Ташкенттің солтүстігіндегі қала – Сайрамға келіп тоқтайды. 
Уақытша болса да бұл қала əскери, стратегиялық маңызға ие болды. 
1513 жылдан кейін қайта бірігіп, күшейген Мауреннахрдағы шайбанилық 
сұлтандар Қазақ хандығының Сыр өңіріндегі ықпалын жою мақсатымен 
1516-1517 
жылдың 
қысында 
жорық 
ұйымдастырады. 
Шайбанилық 
тарихшылар жорықтың ұйымдастырылуын қанша марапаттаса, жорықтың 
немен аяқталғандығы туралы сонша аузын ашпайды, яғни, біздің ойымызша, 
шайбанилықтардың тағы да бір ірі жеңілісін жазуға олардың дəті бармаған. 
Бұл жолы да қазақ ханы Қасым хан жаудан айласын асырып, 
шайбанилықтарға күйрете соққы береді. 1516-1517 жылғы оқиғадан соң 
Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр өңірі мен Жетісу аймағындағы саяси 
талас-тартыс 
аяқталып, 
бейбіт 
өмір 
қалыптасады. 
Қазақ хандығының оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бағыттардағы сыртқы 
саясатын сəтті аяқтаған Қасым хан 1517 жылдан бастап күш-жігерін батысқа 
– Еділ, Жайық бағытына қарай жұмсайды. XVI ғасыр басында екі өзен 
аралығындағы Ноғай Ордасы ауыр саяси дағдарыста болатын. Ру-тайпа 
көсемдері билік үшін өзара күресте мемлекетті толығымен ыдыратып, бір-
біріне бағынбайтын, дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай 
мырзаларының өзара күресінен əбден шаршаған ру-тайпалар өздерінің 


этникалық ортасы, этникалық кеңістіктегі құрамдас бөлігі – қазақ этносына 
қосыла бастайды. Этникалық бірігу саяси тұрғыдан қолдауға ие болды. Қазақ 
ханы Қасым хан мұнда да көрегендік танытып, қазақ халқының этникалық 
аумағының қалыптасу үрдісін соғыссыз, бейбіт түрде жүзеге асырады. 
Тарихшы А.Исиннің зерттеулерінде кейбір ноғай мырзаларының 1519 жылы 
Еділдің оң жағалауына ығыстырылғандығы жөнінде айтылады. Ал сол 
жағалауда Қазақ хандығының билігі жүре бастайды да, ол енді Астрахан 
хандығымен шектеседі. Өз кезінде бұл жағдай Қазақ хандығына Алтын Орда 
ыдырағаннан кейін, оның батыс бөлігіндегі саяси қарым-қатынастарға 
белсене араласуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазан, Қажытархан, Қырым 
хандықтары 
жəне 
Москва 
княздықтарымен 
Қасым 
хан 
кезінде 
дипломатиялық 
қатынастар 
орнатылады. 
Алтын Орданың мұрагері болуға ұмтылған Қазан, Қырым жəне Қажытархан 
хандықтары бір-бірімен күресте өздеріне мықты одақтас іздестіреді. Москва 
княздығы бұл кезде əлі де болса қуатты емес еді. Сондықтан да күшті одақтас 
Қасым хан деп танылады. Орыс деректерінде 1520 жылы Қырым хандығында 
қазақтардан елші келгендігі айтылады. Жазба деректер бұл жөнінде 
мардымды ештеңе айтпаса да, осы жылдардағы үздіксіз болған байланыстар 
халық ауыз əдебиетінде жақсы сақталған. Тарихи батырлык жырларда 
Қырым, 
Казан 
хандықтарына 
байланысты, 
жекелеген 
батырларға 
байланысты 
көптеген 
оқиғалар 
баяндалады. 
Бұрынғы Жошы ұлысы, одан кейінгі Алтын Орда жерінде XVI ғасырдың 
басындағы ең қуатты мемлекет – Қазақ хандығы болды. Оның ханы – Қасым 
хан еді. Дəл осы кезде Москва княздығы Қазақ хандығымен байланыс 
орнатуға ұмтылады. Бұл байланыс арқылы Москва қазақтар туралы, Қазақ 
хандығы жəне Қасым хан туралы көп мəлімет алуға тырысты. Өйткені енді-
енді Алтын Орда езгісінен құтылған Москва княздарының есінде кешегі күн 
елестері көп еді. Олар Алтын Орда аумағында жаңа қуатты мемлекеттің 
пайда болуынан қатты сескенді. Мұрагерлікке таласқан үш хандықтың өзара 
күресі Москваға өте тиімді болатын. Бірақ та 1519 жылдан бастап Қазақ 
хандығының бұл іске араласуы Москваға өте қауіп туғыза бастайды. 
Сондықтан да Москва қазақтармен байланыс орнату арқылы олар туралы көп 
білмек болды. XVI ғасырдын 70-ші жылдарында құрастырылған патша 
архивінің тізімінде: «38-жəшік. Онда Қасым хан тұсындағы қазақтар туралы 
қағаздар бар» деп жазылған. Өкінішке орай, бұл қағаздар бізге дейін жетпей, 
өртеніп кетті. Москваның Қасым ханға жеке көңіл аударуы, біріншіден, 
Қазақ хандығының қуаттылығына байланысты болса, екіншіден, оның 
мемлекет қайраткері ретіндегі рөліне байланысты туындаған деп санаймыз. 
Ортағасырлық тарихшылар қазақ хандары ішінде Қасым ханнан басқа 
ешкімге көп баға берген емес. Бұл жай оның тарихи тұлғасын сол кездің 
өзінде-ақ көпшіліктің танығандығын көрсетеді. Ал ол туралы қалың қазақ 
жұрты біле ме екен? Ірі тарихи тұлға туралы замандастарының пікірін 
тыңдап 
көрелік. 
Захир ад-дин Бабыр: «Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен 
сұлтандарының бірде-бірі бұл халықты дəл осы Қасым хан сияқты 


бағындыра алмаса керек. Оның əскерінде 300 мың адам болған» десе, 
Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, 
оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дəл мұндай 
күшті хан болған жоқ» деп жазады. Ал Қадырғали Жалайыр болса, «Жəнібек 
хан ұлдары ішінде аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының 
ұлысына патшалық етті. Төңірегіндегі уəлаяттарды өзіне қаратты» дейді. 
«Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, 
оның əскерінде 200 мыңнан аса адам болды» деп Махмуд ибн Уəли баяндаса, 
Хайдар Рази: «1515-16 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тəртіпке 
келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, 
оның халқының саны миллионға дейін жетті» деп хабар береді. Ал Гафари 
деген тарихшы «Қасым хан Дештінің ханы болды. Шайбани хан екеуінің 
арасында кикілжіңдер болып, 1509-10 жылы Шайбани хан оған қарсы 
аттанды, 
бірақ 
жеңіліс 
тапты» 
деп 
айтады. 
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабарлар Еуропа елдеріне 
де жетеді. 1525 жылы Москва княздығы туралы кітап жазған итальяндық 
əдебиетші Иовий Московияның шығысындағы көршілерді жалпы атаумен 
«татарлар» деп, «олардың территориясы Қытайға дейін созылып жатыр» деп 
түсіндіреді. Ал 1516 жəне 1526 жылдары Москвада екі рет болған австриялық 
елші Сигизмунд Герберштейн «Волга бойындағы бұл патшалық (Қазан 
хандығын айтып отыр – Б.К.) оңтүстікте жəне шығыста далалық аймақпен 
шектеседі. Шығыста олар шайбанилар жəне қазақтар деп аталатын 
татарлармен араласып тұрады» деп баяндайды. Бұл тұңғыш рет қазақ деген 
халықтың Еуропа халықтарына таныстырылуы, белгілі болуы еді. 
Қасым ханның тарихи рөлі жоғарыда айтылған ойлармен шектелмейді. 
Қасым ханның билігі тұсында бұрыннан қолданылып келе жатқан «Дешті 
Қыпшақ», «көшпелі өзбектер», «өзбек-қазақ» деген əртүрлі мəні бар 
атаулардың орнына бір ортақ этноним – «қазақ» жəне этносаяси термин – 
«Қазақстан» 
қолданыла 
бастайды. 
1512-13 жылдардағы оқиғаларды баяндайтын Мұхаммед Талибтың «Матлаб 
ат-талибин» атты шығармаларында алғаш рет «Қазақстан» термині 
айтылады. Одан кейін 1537 жылғы оқиғаларға байланысты Зайн ад-дин 
Васифидың «Бадай ал-вакай» еңбегінде де бұл термин тілге тиек болады. 
«Қазақ», «Қазақстан» атауларының көршілес елдерінің тарихына енуі де 
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығайғандығына байланысты 
болса керек. Жоғарыда келтірген ортағасырлық авторлар мəліметтерінен біз 
осындай 
ойларды 
табамыз. 
«Қасқа жол» деп аталатын заң – қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан əдет-
ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына 
себеп 
болған 
жағдайлар 
мыналар: 
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жəнібек жəне Бұрындық хандар 
кезіндегі 
қазақ 
қоғамы 
анағұрлым 
жоғары 
сатыға 
көтеріледі; 
2. 
Қазақ 
халқының 
этникалық 
аумағы 
толығымен 
біріктіріледі; 
3. Хандық билік этникалық аумаққа толық тарап, рөлі артады; 
4. 
Халықтың 
саны 
Қасым 
хан 
тұсында 
бірнеше 
есе 
өседі; 


5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы əдет-ғұрып 
заңы сай келмейтіндіктен, оны жаңа дəуір талаптарына сай бейімдеу 
қажеттілігі 
туады. 
Міне, осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге əкеледі. Бұл заңның 
жазбаша мəтіні болмаса да, қазақ халқының санасында заң атауының жарты 
мың жыл бойы сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық 
қатынастарға 
үйлесімді 
болғанын 
көреміз. 
Ендігі айтар бірер сөз Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде. 
Шығыс жазба деректеріндегі мəліметтер əртүрлі жылдарды айтады. Дулати 
мен Хайдар Рази 1518-19 жыл десе, Гафари жəне басқалар 1523-24 жылды 
көрсетеді. Қазіргі кездегі оқулықтар мен кейбір зерттеу еңбектерінде ұлы 
тұлғаның қайтыс болған жылын 1518-23 жылдар аралығындағы кез келген 
жылды көрсетуде. Оның қайтыс болған жылын анықтауда орыс деректерін 
зерттеген 
тарихшы 
А. 
Исиннің 
материалдары 
жəрдемдеседі. 
Жоғарыда 1519 жылы Қазақ хандығының шекарасы Еділге дейін жетіп, 
Астраханмен шектеседі дедік. 1520-21 жылдың қыс айларында Астраханда 
Занко Зудов деген рязаньдық 3-4 ай тұтқында болады. Қазақ хандығында 
болып жатқан оқиғалардың бірталайын ол тұтқында жүріп естиді. 1521 
жылдың сəуірінде оның Москваның ұлы князі ІІІ Василийге жіберген 
хабарламасында «Осы жылы қыста қазақ патшасы қайтыс болды» деп 
жазады. Бұдан басқа көздер арқылы да Москваға Қасым ханның қайтыс 
болғандығы туралы хабарлар жетсе керек. 1521 жылы маусым айында 
Түркияға бара жатқан бояр ұлы Василий Михайлович Третьяк-Губинге ІІІ 
Василий «Қазақ Ордасы туралы анықтау, қазіргі кездегі қазақтардың 
патшасы кім жəне олар қай жерде көшіп-қонып жүргенін анықта» деп 
тапсырма береді. Бұдан көріп отырғанымыздай, Қасым хан 1518 жылы не 
1523 жылы емес, 1521 жылдың қысында қайтыс болған. Қадырғали 
Жалайыри Қасым хан Сарайшықта жерленген деп жазады. Ол түсінікті де, 
өйткені Қасым ханның соңғы 3-4 жыл өмірі Еділ-Жайық бойында өтеді. 
Қайтыс 
болғанда 
Ұлы 
хан 
75-76 
жастар 
шамасында 
болады. 
Қорыта айтқанда, XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне 
жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мəңгі орын 
алып, жарты мың жылдан аса сақталып келе жатыр. Қасым ханның қазақ 
билеушілерінің болашақ өкілдеріне қалдырған өнеге жолы – елдің саяси 
бірлігін сақтауы мен мемлекеттіліктің ең басты көрсеткіші хандық билікті 
нығайтуы, оны мойындатуы еді. Қасым ханның өмірі мен қазақ тарихында 
алатын орны, міне, осындай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет