1.
Жəнібек
пен
Керей
хандығының
құрылуының
əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси алғышарттары.
2. Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін шайбанилерге
қарсы күресі.
3. Түркі ру-тайпаларының Қазақ хандығы туы астына жиналуы.
Дəрістің мақсаты:
ХҮ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақ хандығының
нығаюы мен көрші мемлекеттермен қатынасы туралы баяндау.
Дəрістің мазмұны:
XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон,
Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге
қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының
солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам
қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі. Қазақ хандары Дешті –
Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз
иеліктерін едəуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды
Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға
ығысуға мəжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Əмір Темір əулетін талқандап,
Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани əулетінің негізін қалады.
Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар
бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен
мəдениетін
қабылдап,
өздерінің
бұрынғы
Дешті
–Қыпшақтағы
өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –
Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың
байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса,
жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани
ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы,
əсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ
хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты.
Бұрынғы дəуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір
жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола
ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата
аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Əбілқайыр хандығында
қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ»
термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан
халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге
еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана
қолданылатын болды.
Достарыңызбен бөлісу: