Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет57/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1.
ХҮІ ғасырдың басында Қазақ ханы кім болды? 
2.
Қасым хан туралы жазылған тың деректерге сипаттама беріңіз. 
Əдебиет:
1. Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, 
Атамұра, 1998. 373-393 бб. 
2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: 
история, политика, 
дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 89-177 стр. 


3. http://kultobe.kz 
4. 
http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_history_kasym_khan_manuscript_iran
_malek_library 
№20 дəрiс
Тақырып:
ХҮІ ғ. ІІ ширегіндегі хандықтың саяси ахуалы 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Хандықтағы саяси бытыраңқылық 
2. Қазақ əміршілері жəне ішкі саяси оқиғалар 
3. Хандықтың сыртқы саясатындағы сəтсіздіктер 
Дəрістің мақсаты: 
ХҮІ ғасырдың ІІ ширегіндегі қазақ хандығындағы саяси 
жағдайларға сипаттамма жəне хандар билігі кезеңіне шолу. 
Дəрістің мазмұны: 
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына 
қарамастан , ол əлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым 
хан өлгеннен кейін бірден байқалды.
Қазақ хандығын нығайтуға жəне күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған 
Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне 
таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси 
жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары 
хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол 
жəне өзбек хандарының одағы қалыптасты.
Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза 
тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).
Тахир хан əскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол 
астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен 
феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің 
бəрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани 
əулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен 
Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де 
жауласты.
Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен 
қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске 
ұшыратты.
Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. 
Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол 
астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан 
айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: 
алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 
мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек əскерден кейін 2 лек əскер қалған 
екен .
1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-
1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар 
Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы əбден əлсіреп, 
бірнеше иеліктерге 
бөлініп 
кетеді. 
Мəселен, 
Қазақстанның батыс 
аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл 


Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық 
қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің 
белгісі.
Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси 
дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық 
соғыстардың ауыртпалығы жəне күн санап күшейген феодалдық езгі мен 
қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да 
əбден əлсіретті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет