(Қазіргі заманның қалжыңы)
Орыс тілін теңесем «Мерседеске»,
Түсіреді шүлдірлек кеңсені еске.
«Ана тілім «Запорож» сияқты» деп,
Айта қалсам, ағайын, ерсі емес пе?!
№39
Ж±МА С¦ЛЕМ
Бірінші көрініс.
Əзəзіл Пері бір бүкірден «Бүгін сейсенбі ме?» деп сұраса,
ол бейбақ жұма екенін біле тұра «Иə, сейсенбі, сейсенбі...»
деп жалбақтапты. Не десе де құрақ ұшып, құлдық ұрып
тұрған ыңғайлы пенденің ығына жығылғанына риза болған
Əзəзіл оның бүкірін жазып жібереді.
Екінші көрініс.
Ну орманның ішінде Əзəзіл Пері:
– Бүгін сейсенбі! Бүгін сейсенбі! – деп айғайлайды. Оны
естіген бір жігіт:
– Бүгін сейсенбі емес, жұма ғой, – деп түзетіпті.
– Жо-жоқ, бүгін сейсенбі! – деп Əзəзіл де айтқанынан
қайтпайды.
– Бүгін – жұма! Сіз жаңылысып тұрсыз!
Өтірік болса да өзін қостамаған əлгі жігітті Əзəзіл əп-
сəтте бүкір қылып жібереді.
(Драматург Туфан Минуллиннің «Достар жиналған жер-
де» пьесасының желісі бойынша)
Саясат та сайтанның ойыны ма,
Мініп алған қоғамның мойынына.
Жел жағынан жүрем деп,
Қанша шындық
Əзəзілдің жығылды сойылына.
Жезге балап алтын мен күмістерді,
Шындық өлсе, шуламай тыныш көмді.
... Леп белгідей қақиған ақиқатым,
Сұрау белгі секілді «құныс» болды.
83
№40
Ж±МА С¦ЛЕМ
Қалтасы қалың «жаңа қазақ»:
– Бір миллионда қанша «нөл» бар? – деп сұрапты.
– Алты «нөл», – десе:
– Айттым ғой, алты «нөл» болады, – деп қатты қуанып-
ты. – Мен білем, бір миллионда – алты «нөл», ал екі мил-
лионда он екі «нөл» болады!..
(Қазіргі заманның қалжыңы)
Көргенімнен көп екен көрмегенім,
Онша жақсы сан емес «нөл» дегенің.
Ата салтың «нөл» болса,
Қайнағадан
Бұрынырақ шығады төрге келін.
«Нөлдер» үшін өмірдің қызығы не,
Ілінбесе байлардың тізіміне.
100 доллардың «1» саны – жалғыз саусақ,
Ал, екі «00» ұқсайды жүзігіне.
«Нөлге» «нөлді» қосқанда «нөл» болады,
Сан қойсаңыз алдына мол болады.
Бір миллион соңында тұрған «нөлдер» –
Аумай қалған машина доңғалағы.
Садақасын қимайтын сыйлы қартқа,
Байдың көбі сауна мен бильярдта.
Түрің құрғыр түрмеде
Шылдырлаған
Шынжырларың ұқсайды миллиардқа.
84
№41
Ж±МА С¦ЛЕМ
Аты ащы ішектей шұбатылған «бірдеңе-бірдеңе» деген
өндірістік мекеме жұмысқа тұрғысы келгендерді алдын
ала ауызша сынақтан өткізеді екен.
– Екі жердегі екі қанша? – дейді əуелгі келгенге.
– Үш.
– Дұрыс емес.
– Бес.
– Дұрыс емес.
– Алты.
– Дұрыс емес. Əйтсе де ізденгіштігің, əсіресе айналысқан
ісінің ақырына жетпей тынбайтын қайсарлығың бізге
ұнады, бала. Сені жұмысқа аламыз.
– Екі жердегі екі қанша? – дейді одан кейінгіге.
– Үш.
– Дұрыс емес.
– Үш.
– Дұрыс емес.
– Жо-оқ, үш!
– Дұрыс емес. Бірақ айтқанынан қайтпайтын «прин-
ципиальный характерің» үшін сені жұмысқа қабылдаймыз.
– Екі жердегі екі қанша? – дейді үшінші үміткерге де сол
сұрағын қайталап.
– Төрт.
– Дұрыс! Өкінішке қарай, саған бізде орын жоқ. Кеше
ғана екі маманды қабылдап қойдық.
Достарыңызбен бөлісу: |