85
№42
Ж±МА С¦ЛЕМ
Ғалым жігіт ұстазына келіп, түнде бір ұлықтың үйінде
қонақта болғанын, жаны қалмай жақсылап күткенін баян-
дайды да:
– Бірақ қатты қапа болып қайттым, – дейді.
– Е, неге?
– Ол сыртыңыздан сізді жамандап, ғайбат сөздер айт-
ты.
Сонда ұстазы шəкіртінің қолына алтын ұстатып:
– Мə, мынаны сол кісіге апарып бер! – дейді. – біреуді
сыртынан ғайбаттаған кісі көп кінəні өзіне артады. Ол
өзінің сауабын маған жазғанын білмепті-ау, ə? Маған жа-
саған жақсылығын алтынға айырбастап ала алмаймын,
менің атымнан оған рақмет айт!
Ал, саған қайран қалып тұрғаным: тамақ сыйған ішіңе
бір ауыз сөз неге сыймады? Бұдан былай біреудің сөзін біре-
уге жеткізбе, айналайын.
Сөз төрт түрлі болады:
1. Білуге де, айтуға да қажетті сөз.
2. Білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөз.
3. Білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөз.
4. Білу керек, бірақ айтуға болмайтын сөз.
(Ғибратты хикая)
Жамандады баз біреу министрді,
«Адам ба?» деп шекесін тырыстырды.
Біреулерді біреуге айдап салып,
Енді біреу біреуді ұрыстырды.
Өсектеді бір ақын ірі ақынды,
Ірі ақын да салып жүр сұрапылды.
«Екеуінің енесін ұрайын!» деп,
Енді біреу тастады бір атомды.
86
Тілім қышып барады сірə, менің,
Сөйлейін деп рұқсат сұрап едім...
Айтқым кеп тұр бір сөзді,
Əттеген-ай,
Айтуға болмайтын сөз бірақ оным.
№43
Ж±МА С¦ЛЕМ
«Жар таңдайтын кезде, оның ораза тұтып, намаз оқи-
тынына алданып қалмаңдар. Иманын тексеріңдер» деген
хадисті көңіліне тоқыған патшаның баласы үйлену үшін
маңдайын сəждеге тигізген 100 қызды сынаса керек. Қалай?
Бəрін теңіздің жағасына шақырыпты да, əрқайсысына бір-
бір алтыннан үлестіріпті. Сосын:
– Енді осы алтынды теңізге лақтырыңдар! – депті. Əр
қыз əртүрлі ойлайды. Көбісі «Алтынды суға лақтырғаны
несі?» деп іркіліп қалса, енді бір сыпырасы қымбат дүниені
қимай-қимай ойланыңқырап барып тастапты. Тек жалғыз
қыз ғана естіген заматында алақанындағы алтынды теңіз-
ге лақтырып жіберіпті.
Еркектің сөзін екі етпеген сол қызды жар болуға лайық
деп таңдапты.
(Ғибратты хикая)
«Таумын!» дейсің, тұрсаң да етекте сен,
Жетекке де жүрмейсің жетектесем.
Жүз алтынды берер ем бір өзіңе,
Ердің сөзін,
Ей, жаным,екі етпесең.
87
№44
Ж±МА С¦ЛЕМ
Менің кемшіліктерімді кім көрсетсе, сол – менің ең сүйік-
ті адамым.
(Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбармыздың сүйікті сахабала-
рының бірі халифа Омардың айтқаны)
«Ұлтыңның болмасаң да ұйытқысы,
Билікте отырсың-ау, биік кісі!»
Деп біраз кемшілігін бетке бассам,
Мен оның бола алам ба сүйіктісі?
№45
Ж±МА С¦ЛЕМ
Адам үш түрлі болады:
1. Біледі жəне білген сайын білгісі келеді. Бұлар ғалымдар
тобына жатады: айтқанына құлақ түріп, ықыласпен тың-
дау керек.
Достарыңызбен бөлісу: