Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет28/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Баламын ғой, имандай сеніп бере салдым. Осы күнге 
дейін не велосипед жоқ, не 100 сом жоқ. Со құсап жүрме 
сен! – деп əңгімесін əзілге бұрып аяқтады. 
Мəссаған! Өмекең Парижге бармай қалды. Қап, əттеген-
ай! Қара тоннан сабақ алғанымда, қарап тұрып 900 дол-
лардан да қағылмайтын ем ғой.
 
 
 
 
 
 
(Болған оқиға) 
«Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар»
 
 
 
 
(Халық мақалы)
Ой бомбасын жарайын – дүрсілдесін,
Қанағатсыз сүйрейді құр сүлдесін.
Қызыл түлкі – дүние,
Біз – тазымыз,
Сезесің бе осыны, Жүрсін досым?
Ой бомбасын жарайын – дүрсілдесін,
Қанағатсыз сүйрейді құр сүлдесін.
Іздеймін деп апыр-ай, іңгеніңді,
Мінгеніңнен айрылдың, Жүрсін досым.
Көңіліне ешкімнің кір сіңбесін,
Тығырыққа тіреліп, күрсінбесін.
Дағдарыстан Өмекең шыққан күні
Дайындай бер сүйінші, Жүрсін досым!..


95
№51
Ж±МА С¦ЛЕМ
«Дүние – мүминнің абағы, кəпірдің жəннаты»
 
 
 
(Имам Мүслим жеткізген хадис)
Ептесеміз, біреумен септесеміз,
Шындықпенен біз қалай беттесеміз?
Бала-шаға қасыңда бас аман боп,
Айтасыз ба тəубаны ет жесеңіз?
Бірлік түбі білгенге — бітімшілік,
Ошағынан тұратын түтін шығып.
Езу майлар ет болмай қалған сəтте
Етесіз бе құр шайға шүкіршілік?
Күн кешсең де жыртықты бүтіндеумен,
Шүкір!
Шүкір!
Бас аман, бүкіл кеудең.
Қанағатшыл қазақтай ел жоқ, сірə,
«Шүкір!» деумен келеміз, «Шүкір!» деумен...
№52
Ж±МА С¦ЛЕМ
Фирдоуси хан сарайында ақын боп жүрген. Абыройлы 
болған. Шахтың өзі сыйлаған. Қартайған шағында Шахин 
Шах Фирдоусиге «Елдің тарихы туралы поэма жаз!» деп 
ұсыныс жасаған. Жай əншейін ұсыныс емес, өлеңнің əрбір 
жолына алтынмен төлеймін деген.
Қысқасы, не керек, екі жыл мұрсат сұрап жас ақын 
елге кетеді. Парсылардың қышлағында жатып, алты том-
ды күндіз-түні жазып бітіреді де ханға тапсырады. 
Сарайдағылардың бəрі оқып шығады да, «Дүниеге ұлы шы-
ғарма келді» деп қуанады. Шах поэманың жолын есепте-


96
се, екі қап алтын болады. Бірақ, қазынада сонша алтын 
жоқ екен. Шах амал ойлап, екі қап алтынның орнына екі 
қап күміс жібереді. Фирдоуси моншаға түсіп жатыр 
екен, қаптың ауызын сөксе, алтын емес – күміс. Шахқа 
қатты ренжиді де, екі қап күмісті монша иесіне бере са-
лады. Шабарман бəрін айтып келеді. Қартайған шахтың 
мұрагері 14-15 жасар бала үнемі қасында отырады екен. 
Фирдоусидің қапаланғанын естіген жас мұрагер жерге 
кіре жаздайды. Бес-алты айдан соң шах қайтыс болып, 
таққа отырған жас мұрагер бала уəзірлеріне «Жерден қаз-
саңдар да екі қап алтын табыңдар!» деп нұсқау береді. 
Екі қап алтынды есекке артып, Фирдоусидің үйіне əкеле 
жатса... Қызықты қараңыз, қарсы алдынан қайтыс болған 
Фирдоусидің сүйегін молаға қарай əкеле жатқан жұртты 
көреді.
Осы оқиға өмірі есімнен кетпейді. Алтыны түскір ақынға
да бұйырмай, айдалада қалған жоқ па?
 
 
 
(Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ айтқан əфсана)
Көңілімде көптен жүрген түйткіл еді,
Ойпыр-ай, өмір неге сүйттіреді?
Алтын артқан керуеннің
Айтшы неге,
Алдында есек, артында ит жүреді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет