Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет30/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

нумент құрылымының бір ерекшелігі Түркіменбасшының 
мүсіні ұдайы Күннің жылжу бағыты бойынша қозғалып
айналып тұрады екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарба-
ев Түркіменстанға барған сапарында өз əріптесімен бірге 
қаланы аралап жүріп, осы мүсінді көрген кезде: 
− Сапар, мына жерде сен күнмен бірге қозғалып тұрған 
жоқсың, осы жарық көзінің өзі сенің саусағың нұсқаған
бағытпен жылжып тұр ғой деймін, – депті астарлы əзіл-
дей сөйлеп. 
− Нұрсұлтан Əбішұлы, сіз ғой Қазақстанға көп жақсы-
лық жасадыңыз, тамаша астана салдыңыз. Халқыңыз неге 
сізге ескерткіш қоймайды? – депті Сапармұрат Ниязов та 
сөз қарымтасына.
Нұрсұлтан Əбішұлы оның бұл əзіліне: 
− Баяғыда бір атақты Рим императоры айтқандай, біз-
дерден кейінгі ұрпақ: «Бұл ескерткіш кімдікі?» деместен: 
«Осыған неге ескерткіш қойылмаған?» дегеніне не жет-
сін! – деп жауап беріпті».
Айтары жоқ, əдемі уəж. Ескерткіштей шаhарды орнат-
қан Елбасымызға түрік елінде ескерткіш қойылды. 
Ақындардай арқаланып, жүрегімнен жыр шумақтары 
тамшылады. 
«Күн-көсемді» пір тұтып баяғыдай,
Күнде сəлем бермейміз Кремльге.


100
Тілімізді жұтып ап, 
Тірлік үшін
Ойнамаймыз кəуірдің рөлінде.
Ұлықтаған «Ұлы!» деп көп көсемнің,
Аты түгіл ұмыттық түр-өңін де.
Бодан болмай, 
Босаған белді буып,
«Қазақ елі»
1
тұғыр боп тұр елімде.
Ел-жұртымның ең үлкен ескерткіші,
Елбасының орнаған жүрегінде.
1
Астанадағы ескерткіш.


101
№54
Ж±МА С¦ЛЕМ
«Бокс − екі қара нəсілдінің бірін-бірі қалай ұрып соққа-
нына ақ нəсілділердің қаумалап қарап тұруы»
 
 
 
 
 
(Мұхаммед Əлі)
Бабаларым күн кешті соғыспенен,
Кейінгілер көз ашты сөгіспенен.
Соғыспен де пара-пар, 
Сөгіспен де,
Біздің елде басқаша бокс деген.
Обырлар жүр аяғын оқыс басып,
Оларменен келеміз көп ұстасып.
«Жегендерін желкеден шығарам!» деп,
Кейде билік қояды « бокстасып».
Білінбейді жемқордың шаршағаны,
Желпіндіріп жұрт оны қарсы алады.
Түсірмейтін бірін де нокаутқа,
Еһе-е-ей, елім – жемқордың шаршы алаңы.
№55
Ж±МА С¦ЛЕМ
«Айтуын Қоңқыш айтса да, ұялуын мен ұялам»
 
 
 
(Атамның əңгімесінен)
Күлдіруді əйтеуір талап қылып,
Кейбір əртіс сөйлейді балақ түріп.
Анайы сөз аузынан төгілгенде,
Қара жерге кіремін қарап тұрып.


102
№56
Ж±МА С¦ЛЕМ
Бір жігіт көл жағасында балық аулап отырыпты. Оң 
қолында – қармақ, сол қолында – кірпіш. Өкпе тұсынан өтіп 
бара жатқан бұраңбел келіншек бұрылып кеп: 
− Балық аулап отырып кірпіш ұстағаныңыз не? − деп қы-
зықтаса,ол:
− Қармағымның қанша балық қапқанын білмеймін, бірақ 
мына кірпішке түсіп тұрған сен төртінші келіншексің! − 
депті.
 
 
 
(Тұрсын Ахановтың əңгімесінен)
Жасағанда біреулер жарнамасын,
Жағаңды ұстап апыр-ай, таң қаласың.
Кереметке бұрылған келіншектей
Алданасың, 
Немесе арбаласың.
Жасағанда біреулер жарнамасын,
Жағаңды ұстап тағы да таң қаласың.
Күркедей деп алғаның 
Сіркедей боп,
Аузыңды ашып апыр-ай, алданасың..
Ал, інімнің жасасам жарнамасын,
Алымды жан екенін аңғарасың.
Күннен күнге биіктеп келе жатыр,
Қайта-қайта игесін ханға басын.
Өскің келсе несіне дал боласың,
Інімді сап біреуге қарманасың. 
Бара беріп алдына, 
Пара беріп,
Жанын қоймай інімді жалға аласың.


103
Қолында қармағы мен кірпіші бар
Жоғарыда «крыша» бір кісі бар,
Қаппай қалсаң «қармағын»
Қақ маңдайдан
Қайқайтып кеп кірпішпен ұрғысы бар.
№57
Ж±МА С¦ЛЕМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет