Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет63/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Шорабек:
– Армысың, ағайын жұрт, халқым, елiм,
Сақтаған сары алтындай салты-жөнiн.
Дамытып дарындылар келе жатыр
Қазақтың қасиеттi фольклорын.
Айтыстың айдынында бiрге жүзген
Армысың, Айнұр деген партнерiм!
Айнұр:
– Ардақты ақын едiңiз
Басынан бағы таймаған.
Айтысқан сайын айғайлап,
Саласың ылғи байбалам.


282
Екi бүктелiп келiпсiң,
Есен бе елiң – айналаң.
Иiлiп сəлем берейiн,
Армысың, ақын қайнағам.
Шорабек:
– Алдыңда не деп ендi шолжаңдайын,
Мен емес бос сөз айтар сандалбайың.
Айнұрмен айтыстырып қойғаннан соң,
Тағы да тiл-ауыздан қалғандаймын.
Кəрi қызбен айтысам-ау деп келiп ем,
Келiнге кез болды ғой сор маңдайым.
Айнұр:
– Қайнағама қарасам,
Бұлданып тұрған секiлдi.
Бұлданам деп барынан
Құр қалып тұрған секiлдi.
Кəрi қыздар қарамай
Жынданып тұрған секiлдi.
Сол жынды Айнұр қағатын
Күн болып тұрған секiлдi.
Шорабек:
– А-а-а-ау, ағайын!
Алсам мен Айнұржанға екi-үш қарап,
Бiткендей болар едi оқыс қанат.
Келiндi қолмен ұстап көре алмайсың,
Секiлдi музейдегi экспонат!
Айнұр:
– Экспонат сый деймiз,
Тiрлiктi алға сүйреймiз.
Намысқа тиер жан болса,
Əзiлмен жаншып түйреймiз.
Бiр терiнiң пұшпағын
Жеке-дара илеймiз.


283
Əлемдi ерлер билесе,
Ерлердi бiздер билеймiз.
Шорабек:
– А-а-а-ау, Айнұржан!
Қызығар жансың кiсi тұлғасына,
Шыға бер өнердегi шың басына.
Абыройың асып тұр бұл күндерi,
Айтыс сайын мiнесiң бiр машина.
Қораға қой қамамай гараж салған
Мəшинең еркек пе өзi, ұрғашы ма?
Айнұр:
– Ақ маңдай, ақ қайнаға деп отырмыз,
Айтыстың алаңына кеп отырмыз.
«Қайнаға қарап тұрмас» деген сөз бар,
Дегенмен көңiлiмiз тоқ отырмыз.
Қиқу мен бытпылдығы келiспейтiн
Тырна мен бөденедей боп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет