Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет59/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Қыздар, қыздар, кiмсiңдер?
Қызғалдақтай гүлсiңдер.
Қыздар, қыздар, гүлсiңдер.
Кiмдерменен жүрсiңдер?
«Теңiн тапса – тегiн бер» 
Деп жүрегiм дүрсiлдер.


260
...«Қызға – қырық жерден тыйым» дейдi қазақ. Жалпы, қыз 
туралы қилы-қилы мақал көп. «Жол мұраты – жету, қыз мұ-
раты – кету», «Қызың үйде болғанмен, қылығы – түзде», «Қи-
қар қызды алғаннан, қыдырып өткен артық», «Қыз бен қой-
дың жүрмейтiн жерi жоқ»...
– Қызым,
Сен тайтаңдама, күлме.
Бастықтың машинасына мiнбе!
– Мама, онда тұрған не бар?
– Бастық басыңды айналдырып
«Айым!» дейдi,
«Күнiм!» дейдi.
Бетiңе өп-өтiрiк ыржиып күлiмдейдi.
Сосын
«Қасың қандай,
Қиылған шашың қандай!»
Деп əндетедi.
Əндеткесiн қыз байғұстан əл кетедi.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Айналайын-ау, бiлесiң бе,
Бүгiнгi бастықтар
Қыздарға «золота» обещайт етiп,
Морожный сатып əпередi.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Бастықтың машинасына мiнсең,
Ол сенi тiке тауға апарады.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Айтқанына көнсең – көндiң,
Көнбесең – тастап кетедi.
– Мамочка,
Əлi күнге алдаған жоқ менi ешкiм.
Тауға қанша барсам да,
Жаяу қайтқан емеспiн!..
Қыздар – ай, қыздар – жұлдыз, қыздар – спорт. Қыздар – 
мойынның массажы. Жаныңнан өткен жайсаң қыздарға жал-
тақ-жалтақ, жалтақ-жалтақ қараған сайын мойның шыны-
ғып, «остеохондроз» деген аурумен ауырмайсыңдар.


261
Қаз бен қыздың осал жерi қайсы? Мойын! Ендеше, қаң-
қылдаған қаздарымыздың да мойны мықты болсын, аңқыл-
даған қыздарымыздың да мойны мықты болсын!
...Уh!
Ырду-дырдудың соңы концертке ұласты. Қазақстанның 
халық əртiсi Досхан Жолжақсынов домбырасының құлақ-
күйiн келтiрiп, қыздарға қырық кеңес айтты. 
1. Бойдақ жiгiттi сүйiп қалма. Өйткенi, ол саған дейiн 
үйленбеген и саған да үйлен-
бейдi.
2.Ажырасқан еркектерден 
аулақ жүр, сенi де жер қапты-
рып кетуi ықтимал.
3. Бала-шағасы бар ерто-
қымды еркекке жабыс. Өйтке-
нi, ондайлар өз əйелiн де жақ-
сы көредi, саған да өлiп-өшедi, 
екi жаққа бiрдей. Суда да, құр-
лықта да жүретiн қосмекендi 
жəндiк секiлдi еркекке тоқал 
боп қалуың ғажап емес.
4. ?.. 
Ақылды азырақ айтып, кеңе-
сiн келте қайырған Досхан то-
қал алғыш шал-шауқандардың 
құрметiне «Ауыл қарттары» деген əйгiлi əнiн айтып, залды 
күңiренттi.
Дүниеге келер бiр рет
Өзiңе-өзiң жаумысың.
Бəйбiше, саған құрмет,
Тоқалым, аман-саумысың?
«Қос кеменiң құйрығын
Ұстаған кетер суға» деп,
Тоқал алсаң – шүйлiгiп,
Шиебөрiдей шулап ек.


262
Тiлекке тiлек қосқандай
Махаббат – жүрек өлшемi.
Ұл туып берсе қошқардай
Тоқал да – жардың бөлшегi.
Орныңды басар ол тұрып,
Үкiдей ұлың үлпiлдеп.
Айтады ауыз толтырып
«Ассалаумағалейкум!» деп.
Керер деп тағы кереге
Жəутеңдеп жəрдем күтiп ек.
Бiр тоқал алып бере ме
Депутат я Үкiмет?
Андай да мұндай айтысып,
Сап жүрген кезде бұлтақты.
Менiмен бiрге шайды iшiп,
Тоқалым тағы ұл тапты.
Алмасаң да некелеп,
Тоқалға алғыс жаудыршы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет