Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет60/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Жас тоқалды жетелеп,
Қарттарым, аман, сау жүршi!
Уh!..
Сонымен, Парламент мəжiлiсiнiң депутаттары халықтың 
санын көбейту мақсатында «Еркекке екi əйел алу туралы» 
заң жобасын бiр ауыздан мақұлдай алмай, бастары қатты. 
Алда-жалда «Тоқал» партиясы құрыла қалса, оның прези-
денттiгiне Заманбек Нұрқадiлов, вице-президентi болып 
Алматы қаласының əкiмi Виктор Храпунов, жауапты хат-
шысы Тұңғышбай Жаманқұлов, көп тоқалдың көркемдiк 
жетекшiсi Əкiм Таразиды сайлау туралы шешiмдi кейiнге 
қалдырды. 
Өзеуреген депутаттар өзбек əуенiнiң мақамымен «Тоқал 
туралы» жаңа əндi жамырап айтып тарқасты.


263
А-а-а... байқадым,
Басты сосын шайқадым.
Тоқал алған ерлəриңə
Тоба, шүкiр айтамын.
Майға тоқаш пiседi,
Көкем көк шəй iшедi.
Ерлi-зайып арасына
Есi кеткен түседi.
А-а-а-а-а-а-а!
Тоқал, тоқал дермəсəң,
Тоқаш берсем жермəсəң.
Тоқал алған ерлəриңнəн
Айналайын дермəсəң.
А-а-а... байқадым,
Басты сосын шайқадым.


264
Тоқал алған ерлəриңə
Тоба, шүкiр айтамын.
Салма жаным, айғайға,
Перiште жолдан таймай ма?
Шал да болса тиiп ал,
Бас-басыңа бай қайда?
Бұ жұрт не деген пысық-ей! Жер сiлкiнiп, су таситынын 
ең əуелi мысық пен жылан сезедi деушi едi. Бiздiң пысықтар 
ол екеуiнен де озып кеттi. Заманбек Нұрқадiловтiң сөзiне 
жазылған «Өмiр де, өмiр, өмiр-ай!» əнiнiң əуенiмен «Тоқал 
да, тоқал, тоқал-ай!» деген əндi күн iлгерi дайындап қойыпты. 
Сөзiнiң нобайы мiнеки...
Өмiр де, өмiр, өмiр-ай,
Бiрде тұнық, бiрде лай.
Тоқал алам дегенге
Жасама бөгет – тұр былай!
Тоқал да, тоқал, тоқал-ай,
Əр түрлi əуен, нотадай.
Нар жiгiттер бұйдалап
Боздатып жүрер ботадай. 
Ақылды болса бəйбiше,
Тоқалды өзi-ақ ап берер.
Алқым жүнiң ағарса,
Жас иiс бiрақ жат келер.
Бiлмесең егер бағалай,
Түсiрер бiр күн сабаңа-ай.
Махаббат оты маздаса,
Маған да – жұлдыз, маған – ай.
Бəйбiше, тоқал, жас иiс,
Құрдымын бiлмей құмарсың.


Қайсысымен сен тұрсаң,
Соған ғана ұнарсың.
Өмiр де, өмiр, өмiр-ай,
Бiрде тұнық бiрде лай.
Тоқал алам дегенге
Жасама бөгет, тұр былай!
...Заман да заман, заман-ай!
2001 жыл


266
МАЗМЎН
Əу баста «Бутя» деген есiммен елге танылған Болат 
Əбiлев бармағынан бал тамған бiр суретшiге өз бейнесiн 
салдырыпты. Кел деген кезiнде барса – суретi дайын. Ғажап! 
«Ұқсамасаң тумағыр» дегендей, тұп-тура өзi. Айнымайды.
– Қанша берейiн? – дейдi Болат риза болып. Суретшi ас-
пандағы бағаны айтады. Тарс ашуланған Бутя:
– Не болды сонша қымбаттатып? – дейдi шекесi тыры-
сып. – Көп болса бiр-екi қорап бояуың кеттi. Бiр-екi қылқала-
мыңның ұшы тозған шығар. Қымбат! Өте-е-е қымбат!..
Сонда суретшi:
– Мəселе қылқаламның тозған-тозбағанында емес қой! – 
дейдi жайбарақат. – Тиын-тебен тұратын бояумен мен сенiң 
суретiңе мазмұн бердiм. Мə, бiр жəшiк бояу! Өз суретiңе 
өзiң мазмұн берiп көршi, қане?!
2004 жыл


267
МАЌЎРЫМ
«Қазақ тiлiн қалай үйренем?» деп қамықты ма екен, əлде 
талқаны таусылды ма, қызмет бабымен жүрген үш мили-
цияның бiреуi кенеттен қайтыс болады.
«Бала-шағасына қалай естiртемiз?» деп екеуi ақылдасады.
– Сен бар! – дейдi бiреуi.
– Да, нет... Лучше ты иди. Ты же чуть-чуть казахша зна-
ешь! Я вообще ноль! – деп екiншiсi ат-тонын ала қашады.
– Бiздiң министрiмiз Зауытбек Тұрысбеков қазақша бiлсе 
де, жиналыстарда қазақша сөйлемейдi.
Сен де орысша айта бер! – дейдi.
Ол келiспейдi. Амал жоқ, «чуть-чуть казахша» бiлетiн 
милиция қайтыс болған досының үйiне кеп, есiгiн қағады. 
Ештеңеден бейхабар марқұмның əйелiне табалдырықта тұ-
рып:
– Күйеуiңiз үйде ме? – деп сұрайды.
– Жоқ!
– Қайда?
– Жұмыста.
– Қашан келедi?
– Кешке...
– Шынымен кешке келе ме?
– Иə, кешке келедi.
Қазақша қалай естiртудiң жөн-жоралғы, дəстүрiнен мақұ-
рым милиция:
– Кешке келе ме? – деп қайта сұрайды.
– Иə, кешке келедi.
Сол сəтте ол бас бармағын екi саусағының арасынан 
жылт еткiзiп:
– Мə, келедi! – дептi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет