Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет64/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Шорабек:
– Арлы таз басын елден ар қылып па,
Шыдаймын бүгiн сендiк бар қылыққа.
Айнұр-ау, ақ маңдай деп кекетесiң,
Қап-қара екенiмдi мəңгi ұмытпа!
Қап-қара болсам егер несi жаман,
Тумай ма қара тауық ақ жұмыртқа?
Айнұр:
– Екпiндеп келiп сөйлейсiз,
Айнұрға кезеп мылтықты.
Сөйлейiн десем дес бермей,
Жанымды алдың тым тiптi.
Тауық қуып жүрсiз бе,
Мұндайды сiзден кiм күттi!
Қарап тұрған бүркiттi 
Қайнағам келiп үркiттi!


284
Жүрсiн:
– Ау, ақындар! Тақырып қайда? Қой қайда? Қой туралы 
ой қайда? Қойды жырлаудың орнына қай-қайдағы ақ тауық, 
қара тауық, бүркiт, тырна, бөдене, бытпылдық, жұмыртқаны 
дəрiптегендерiң не? Қане, қой қораның маңынан ұзамаңдар. 
Қой туралы əрi қысқа, əрi нұсқа айтысыңдар.
Айнұр:
– Қазақтың дархан жерiнде
Мерейiм ассын менiң де.
Жұлдызы ермен жанатын
Əйел заты едiк тегiнде.
Жоқ қойды жырла дегесiн,
Айтысу қиын келiнге.
Екi ешкi қосылса,
Қой түседi егiнге!
Шорабек:
– А-а-а-ау, ағайын!
Бұл күнi қой қалмады қорамызда,
Қорамыз қаңыраса оңамыз ба?
Қой деген момын малды көру үшiн,
Бiз ендi зоопаркке барамыз ба?
Айнұр:
– Қиялдап, кəне көрейiк,
Екi мың отыз елесiн.
Миронос қой көбейiп,
Қырқымға сен де келесiң.
Тықырлап қырқып алыпты
Миронос қойдың денесiн.
Қайнаға, сонда не дер ең,
Ақ қойды жырла дегесiн?
Шорабек:
– Жүндерi жiбек болып есiлгендей,
Ақындар бiр күй бастан кешiргендей.


285
Мериносты тықырлап қырқып алсаң,
Болады орыс қызы шешiнгендей.
Айнұр:
– Қиялдап тағы көрейiк
Екi мың отыз елесiн.
Қаракөл қой көбейiп,
Қырқымға тағы келесiң.
Тықырлап қырқып алыпты,
Қаракөл қой денесiн.
Қайнаға, сонда не дер ең,
Қара қойды жырла дегесiн?
Шорабек:
– Жүндерi жiбек болып есiлгендей,
Ақындар бiр күй бастан кешiргендей.
Қаракөлдi тықырлап қырқып алсаң,
Болады негр қатын шешiнгендей.
Айнұр:
– Алатауым биiк тұр,
Төбесi бұлтқа тиiп тұр.
Сол таудың ақ бас шыңдарын
Сəулесi күннiң сүйiп тұр.
Қасиеттi жердiң мойнына
Алма-тал басын иiп тұр.
Қиялына қазақтың
Алматы қалай сыйып тұр?
Шорабек:
– А-а-а-ау, ағайын!
Қалайды тiрлiктегi кiм митыңды?
Бұзбасын əлдекiмдер түнгi ұйқыңды.
Айтысқа бəрiң келiп отырғанда,
Кетпесiн бiреу тонап үй-мүлкiңдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет