Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет62/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

2000 жыл
ЌАЙНАЄА МЕН КЕЛIННIЅ ЌАЌТЫЄЫСЫ
Айтыс ақындары
ШОРАБЕК пен АЙНҰРДЫҢ сарыны
Жүрсiн: – Ассалаумағалейкум, айтыс сүйер алқалы қа-
уым. Айтысымызды əрi қарай жалғастырамыз. Кешiгiп кел-
ген көрермендерге əдiл қазылар алқасын тағы да таныстыра 
кетейiк. Көрiп отырсыздар, кiлең ығай мен сығай.
«Асанқайғы атамыз азанғы сағат алтыда туған» деп жер-
жаhанға жар салған ғалым ағамыз Дүйсенбай – мiнеки! 
«Асанқайғы атамыз азанғы сағат алтыда емес, алтыдан 
тұп-тура он екi минут кеткенде шыр етiп дүниеге келген» 
деп кандидаттық диссертация қорғаған Сейсенбай ағамыз – 
əнеки!
«Олардыкi əшейiн гəп, жорамал. Асанқайғы алты жа-
рымда туған» деп докторлықтың атын ертерек ерттеп 
мiнген Сəрсенбай ағамыз да бүгiнгi қазылар алқасының 
мүшесi.
«Асанқайғы бiздiң ауылда туған. Оның азан шақырып 
қойған аты – Асанқайғы емес, Асанғали болатын. Бала кезiм-
де көкемнiң көзiн көргем» деп академик атанған Бейсенбай 
ағамыз – əдiл қазылар алқасының төрағасы.
Тыныш... Шуламаңыздар! «Сөз қадiрiн бiлмеген шағала-
ша шулайды» деп бабаларымыз айтқандай, кiшкене сабыр 
сақтап отырыңыздар. Қазiр айтысты бастаймыз.


280
Баяғыда... Бiздiң ауылда... Ұлытауда... Бiр үй өртенiп 
жатса ауыл-аймақ, көршi-қолаң жиналып, үдерiсiптi. Бiреуi 
шелекпен су шашып, ендi бiреуi киiз басып шат-шəлекейi 
шығып жатса, бiр əйел жүгiрiп келе жатыр екен. Қолында 
айыр. Айырға қойдың бас-сирағын шаншып алыпты.
– Ау, жеңеше, қайда барасыз?
– Өй, əдiрə қалғыр, ақыры өрт боп жатыр ғой, бас-сира-
ғымды үйтiп алайын деп ем.
Сол айтпақшы «Ақыры айтыс боп жатыр ғой, қатарды 
көбейтiп қатыса салайын» деген қара жаяу ақындар жоқ. 
Кiлең бұлбұл, кiлең дүлдүл.
Октябряттар орнына
Ақпақұлақтар келдi ғой.
Пионерлер орнына
Зиян ерлер келдi ғой.
Комсомолдар орнына
Нан соғарлар келдi ғой.
Коммунистер орнына
Коррупистер келдi ғой! – деп бебеу қаққан Бекжан ақы-
нымыздың өнерiн тамашалайсыздар.
Базарың да – «Евразия».
Ажарың да – «Евразия».
Баспанаң да – «Евразия».
Астанаң да – «Евразия».
Университетiң де – «Евразия».
Шаш ал десе, бас алған,
Что за безобразия? – деп жер тепкiлейтiн Жетiсудың жор-
ғасы Айтақын да алдарыңызға шығады. Арыны қатты. Алды-
нан арқан кермесеңiздер тоқтамайды. Əрi қарай шауып өтуi 
мүмкiн.
Жоққа жүйрiк жете ме? Демеушiмiз жоқ. «Атамұра» кор-
порациясын, оның президентi Мұхтар Құл-Мұхаммед мыр-
заны қашанғы қаужаймыз? Айтыстың үстiнде атып тұрып 
жүлдегер ақындарға екi мəшине мiнгiзген Өмiрзақ Сəрсенов 
ағамыз да бейнеттен зейнетке кеттi. Оның пенсиясына жар-
масамыз ба? Ұят шығар. Құрылыстан бұрылыс тауып, көп-
теген айтысқа көмектескен Ермегяев көкемiз бiр көзiн қысса, 


281
бiз екi көзiмiздi қысып жүрдiк. Қазiр ол көкемiз де көп көз 
қыспайтын боп барады. 
Демеушi болам деген бiр кəсiпкер iнiмiз кеше аяқ асты-
нан ауырып қалды. Анализ тапсыру үшiн жүз грамдық бар-
мақтай шишаны емханаға апарайын десе, iшiндегi бiр-екi 
тамшы «зеленкасын» қимаған. «Зеленканы» төгiп тастайын 
десе – обал. Ақшаға келген дəрi ғой.
Демеушi iнiмiз жалма-жан бас бармағын тiлiп жiберiп
«зеленканы» жаққан да босаған шишасын ауруханаға алып 
кеткен. Мiне, бiздiң демеушiлерiмiздiң хал-жағдайы. Қазiр 
дiмкəс. Ендiгi айтысқа дейiн ауруынан айығып кетуiне тiлек-
теспiз.
Жеребе бойынша ендi екi ақынды сахнаға шақырамыз. 
Екеуi де Тараз қаласынан. Қарсы алыңыздар – Айнұр Тұр-
сынбаева жəне Шорабек Айдаров. Бiрi – келiн, бiрi – қайнаға.
Ақындар, сiздерге құлаққағыс: əңгiменi əлхиссадан баста-
май қысқа қайырып, тiке тақырыпқа көшiңiздер.
Көп шапса қара айғырдың əлi кетер,
Көп шайнаса қазының дəмi кетер! – дегендей, ауыз тұщы-
татын айтыс болсын. Бүгiнгi тақырып – қой туралы. Саясатты 
қайтесiңдер, қойды жырлаңдар. Қойы маңыраған, қозысы 
жамыраған баяғы елу миллион қой қайда? Соны тiлге тиек 
етiңдер!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет