2002 жыл
268
ƏДЕМI ƏУЕН
Бокстан əлем чемпионы Бақтияр Артаевтан:
– Музыкаға əуессiң бе? Қай əуендi естiсең құлағыңның
құрышы қанады? – деп сұрап едiк, ол ойланбастан:
– Олимпиада ойындарында алтын медальды алқымы-
ңа тағып тұрып Қазақстанның əн-ұранын естiгенге не жет-
сiн! – дедi жымиып.
269
ТОР ДОРБА
Спорт комитетiнiң төрағасы Дəулет Тұрлыхановтан:
– Құдайға шүкiр, Қазақстанда бокс жақсы дамыған. Кү-
рес те күштi, палуандарымыз арыстандай атылып тұр. Ал,
ендi көңiлiңiзге келсе де айтайық, елiмiзде ең оңбай қалған
спорттың түрi – баскетбол. Неге? – деп сұрап ек, ол қысқаша:
– Қазiргi нарық заманында бiреудiң торына бiрдеңе тас-
таған бiр қазақты көрдiң бе? Қанында жоқ нəрсеге қазақ жү-
гiрмейдi! – дедi жымиып.
2005 жыл
270
ЕКI НҐЛ
Стадион. Ығы-жығы. У-шу. Қыз бен жiгiт футболға кешi-
гiп келдi. Жанындағы жанкүйерден:
– Есеп қанша? – деп сұрады жiгiт. Көршiсi қазақ болса да
қазақша сөйлемейтiн қисық екен:
– Два ноль! – дедi қитығып.
– Оһо-о-о! – дедi жiгiт делеңдеп. Наши?
– Да нет... Ты не понял! – дедi əлгi қисық. – Там ноль, там –
ноль – два ноль!
– Есеп қанша, ағай? – деп сұрады қыз да жанындағы жан-
күйерден. Онысы қазақшаға судай қазақ екен:
– Нөл де нөл! Итжығыс! – дедi.
– О-о-о, тамаша! – дедi қыз кəдiмгiдей қуанып. – Бiз еш-
теңе жоғалтпаппыз ғой!..
Ана тiлiмiз бен халықаралық қатынас тiлiн футбол ко-
мандасына теңей қалсақ, кiм ұтып жатыр деп ойлайсыз?
Қазақ тiлi алда ма? Əй, қайдам? Есеп 1 де 0 – орыс тiлiнiң
пайдасында!
Елбасымыз «гол» соқпаса, есептi теңестiру қиын-ау. Қа-
зақ тiлi қоғамының су жаңа Президентi Өмiрзақ Айтбайұлы
да шабуылға шығатын шығар.
2003 жыл
271
ЕПТЕП
ЕЅКЕЙIЅIЗ!
Бойы көк тiреген
бəйтеректей жазушы-
ғалым Тарақты Ақселеу
Мемлекеттiк сыйлықтың
лауреаты болғасын
базарға барыпты да:
– Маған бiр кiлə алма
тартыңызшы! – дептi.
– Ала бұлттың ар-
жағынан қарамай, ептеп
еңкейiңiз! – дептi са-
тушы. – Бұл алма емес,
асқабақ қой, аға!
Алыстан қараған ға-
лымға асқабақ та алма-
дай боп көрiнедi екен-ау,
ə?..
2004 жыл
КҐП ПАРТИЯ
– Бокс деген не?
– Құшақтасып жүрiп «пышақтасу».
...Қазiргi көп партияның көптеген мүшелерi боксшыдан
аумайтыны несi?
2001 жыл
272
СЎЛАТЫП САЛДЫ
– Каратэ деген не?
– Бiр ұрып ұзынынан түсiретiн спорттың түрi.
– Қалай?..
– Былай!
Қара таяқты алды да, қақ маңдайдан бiр-ақ пердi. Əлгi
бейбақ ауруханаға түсiп, ертесiне есiн жиған кезде:
– Мiне, каратэ деген осындай! – дедi. – Бiрақ онда таяқпен
емес, қолмен ұрып сұлатады.
... Оған несiн күлесiз? Намысына тисең, кез келген қа-
зақ – каратист.
2006 жыл
ТАПЌЫШ БОЛСАЅ, ТАПШЫ!
Мəртебелi мырзалар мен ханымдар! Айдай сұлу арулар
мен бикештер! Сəлеметсiздер ме? Ешкiм амандаспайды ғой,
ей? Сiздер немене, амандасуды ұмытып қалғансыздар ма? Е,
мейлi! Ендеше, ескiше... Баяғыдай бас салып құшақтасып,
жер тепкiлеп желпiнiп тұрып амандасайықшы. Сағынған
шығарсыздар.
– Здравствуйте дорогие товарищи!
– Бəрiмiз бiрiмiз үшiн, бiрiмiз бəрiмiз үшiн – физкульт-
привет!
– Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын!
Əй, қайдам, сол жүз досың бiр-бiр сомнан бере қояр ма
екен қазiр?
Бiз не көрмедiк? Коммунизмдi көрдiк. Социализмдi көрдiк...
Коммунизм кезiнде жұмыссыздық жоқ болатын, бiрақ
ешкiм жұмыс iстемейтiн.
Ешкiм жұмыс iстемейдi, бiрақ жоспар асыра орындалады.
Жоспар асыра орындалады, бiрақ дүкендерде түк жоқ –
жылан жалағандай.
Дүкендерде түк жоқ, бiрақ жұрттың бəрiнiң қарны тоқ.
Жұрттың бəрiнiң қарны тоқ, бiрақ ешкiм еш нəрсеге риза
емес.
273
Ешкiм еш нəрсеге риза емес, бiрақ бəрi бiр кiсiдей бiр кi-
сiге дауыс беретiн.
Ендеше, бiр кiсiнi қошеметтегендей бəрiмiз ду қол шапа-
лақтайықшы.
Е-е, кiмге қол соқпадық? Кiмге дауыс бермедiк? Бұрынағы
жылы сайлау болды. Депутаттыққа кандидат бiреу:
– Дауыс беруге бара жатырсыз ба? – дедi.
– Иə.
– Кiмге?
– Оны өзiм бiлем.
– Мə, маған дауыс бер! – деп сыңар туфлидi қолтығыма
қыстырды.
– Əй, сыңар туфлиiң не, ей, сенiң? Менi немене, бiр аяғы
жоқ ақсақ деп тұрсың ба?
– Егер маған дауыс берiп шықсаң, екiншi сыңарын ала-
сың! – дедi. Ашық сауда.
Ертеңiне көшедегiнiң бəрi көңiлдi. Бүкiл ауыл-аймақ су
жаңа туфли киiп жүр екен.
Сол су жаңа туфлиiмдi киiп тырпылдатып келе жатсам
бiр қу жiгiт қутыңдап:
– Ағай, ағай? – дейдi.
– Е, не?
– Сiзге жұмбақ жасырсам табасыз ба? – дейдi.
Ерiккенге ермек керек:
– Қандай жұмбақ? – деп таңырқаған болдым.
– Жұмбағым былай, аға: егер осы жұмбағымды тапсаңыз
бар ғой, сiзге айдың бетiнен алты сот жердi жекешелендiрiп
берем! – дейдi.
Жерде жекешелендiретiн ештеңе қалмағасын, алты сот
болса да айдың бетiнен алып қалайын деп арам ойладым да:
– Жасырсаң жасыр, бала, жұмбағыңды! – дедiм.
– Жұмбағым былай, аға: «Бiр қарасаң – бар, бiр қара-
саң – жоқ».
– Осындай да жұмбақ бола ма екен? Оп-оңай. Мұның
шешуi – қазiргi министрлер.
– О-о, таппадыңыз, аға!
– Ендi не?
– Бұл жұмбақтың шешуi – аспандағы бұлт.
274
– Бұлт?
Негiзi, оныкi де дұрыс, менiкi де дұрыс. Министрлерiң де
аспандағы бұлт секiлдi, аспандағы ала бұлт та жердегi ми-
нистрлер секiлдi бiр қарасаң – бар, бiр қарасаң – жоқ.
Ендi кетейiн десем:
– Ағай, ағай! – дейдi əлгi қу бала қутыңдап. – Тағы бiр
жұмбағым бар. Егер осы жұмбағымды тапсаңыз бар ғой, мен
сiзге үш бөлмелi үй беремiн... Жаңатас қаласынан!..
Е, мейлi, бiреуден – екеу жақсы, екеуден – үшеу жақсы.
Жүгiргеннен – тұрған жақсы, тұрғаннан – отырған жақсы,
отырғаннан – жатқан жақсы. Жаңатас қаласында жатсам да
жаман болмаспын.
– Жасырсаң жасыр жұмбағыңды! – дедiм.
– Жұмбағым былай, аға: «Бiр жылда екi рет өседi».
– Сондай да жұмбақ бола ма? Оп-оңай. Оның шешуi –
тағы да министрлер.
– Жоқ, аға. Тағы да таппадыңыз. Шешуi – қойдың жүнi.
– Қойдың жүнi?
Негiзi, оныкi де дұрыс, менiкi де дұрыс. Министрлер де
қойдың жүнi секiлдi бiр жылда екi рет өседi, екi рет қырқып
алып отырады.
– Ағай, тағы бiр жұмбағым бар!
– Əй, бала, асығыспын! – деп сiздерге жеткен жерiм осы.
Ет қызуымен ендi сiздерге екi-үш жұмбақ жасырайын.
Егер шешсеңiздер бар ғой, социализм кезiнде кассаға салып
күйiп кеткен ақшаларыңызды пайызымен қайтарып берем.
Келiстiк пе? Ендеше, былай:
Маған,
Маған,
Маған,
Маған.
Бұл не? Ауыз? Жоқ. Қасық? Жоқ. Таппадыңыздар. Бұл
жұмбақтың шешуi – кетпен. Тағы бiр жұмбақ:
Бiрде маған,
Бiрде саған.
Бiрде маған,
Бiрде саған.
275
Бұл не? Сыбайлас жемқорлар? Жоқ, ол емес. Қарыз? Жоқ,
дұрыс емес. Шешуi – ара. Иə, ағаш аралайтын ара.
Ендi ақырғы жұмбақ:
Мен оған қараймын,
Ол маған қарайды.
Бұл не? Тапқыш болсаң тапшы, ал! Айна? Ол емес. Қыз
бен жiгiт? Жоқ! Шешуi – сiздер мен бiздер. Яғни? Көпен мен
көрермен.
(Осы тұста əлгi қу жiгiт айғайлап келедi).
– Ағай, ағай!..
– Қыр соңымнан қыдыңдап қалмай қоймадың-ау. О не?
– Ағай, ағай! Бiр жұмбағым қалып қойыпты.
– ХХ ғасырдың жұмбағы таусыла ма?
– Бұл – ХХI ғасырдың су жаңа жұмбағы.
– Онда жасыр.
– Жасырсам былай:
Бержағынан кiрiп,
Аржағынан шығады.
Аржағынан кiрiп,
Бержағынан шығады.
– Бар болғаны осы-ақ па? Оп-оңай. Шешуi – жағымпаз.
– Қаңғып кеттiңiз, аға.
– Онда шекесi жылтыраған шенеунiктердiң кабинетi!
Олардың кабинетiнiң екi жағында екi есiк. Баяғы бала кезi-
мiзде басы тесiк етiк айдалада жатушы едi ғой. Тышқан қоны-
шынан кiрiп, басынан шығады да, басынан кiрiп қонышынан
шығатын. Дəл сол сияқты шенеунiктер де кабинетiнiң бер-
жағынан кiрiп аржағынан шығады, аржағынан кiрiп бержа-
ғынан шығады. Шешуi сол.
– Маңына жуымайды.
– Ендi не?
– Шешуi – ине.
– Ине?
– Иə, ине.
– Сонда ине қанша рет кiрiп, қанша рет шығады?
– Ол, инеге емес, түймеге байланысты.
– Сонда... Түйме кiшкентай болса, ине аз кiрiп, аз шығады
да, түйме үлкен болса көп кiрiп, көп шығады ма?
276
– Солай, аға.
– Өзiңде түйме бар ма?
– Мiнеки, аға.
«Омырауда он түйме қатар-қатар,
Ағытқанша түймеңдi таң да атар».
– Омырауда он түйме дейсiң. Бiр түймең түсiп қалған ба?
Тоғыз-ақ түйме ғой.
– Санау бiлесiз бе, аға?
– Бiлем.
– Санаңызшы.
– Бiр, екi, үш...
– Сосын?
– Төрт, бес, жетi...
– Ой, аға, алтыны ұмытып кеттiңiз.
– Ə, алты бар екен ғой? Алты, жетi, сегiз...
– Сосын?
– Тоғыз, он, валет, дама, король, тұз!
– Картаны қатырады екенсiз, аға. Карта ойнайсыз ба?
– Картаң бар ма?
– Жоқ.
– Ендi немен ойнаймыз?
– Ақшамен.
– Ақшаң бар ма?
– Болмаса болады да.
– М-м... Ұтам дегенiң ғой.
(Екеуi ақша шығарып, карта секiлдi жүре бастайды).
– Жасыңыз үлкен ғой, аға. Сiз жүрiңiз.
– Iрiсiнен жүрейiн. 20 теңге.
– 20 теңгеңдi 50 теңгемен бастым, аға!
– Мə, 50 теңгенi бас.
– 50 теңгеңдi еңiретiп 100 теңгемен бастым.
– Мə, 100 теңге жүрдiм. 200 теңгемен басасың ба?
– Жоқ, 1 доллар. Бастым.
– Ойпырмай, 1 доллардың алдында 100 теңгенiң жүзi жар-
қын болмай қалыпты-ау. Мен саған басқанды көрсетейiн.
Мə, 100 доллар! Басқыш болсаң басып көршi.
277
– 100 доллар? Оны
немен бассам екен, ə?
Қарызға басуға бола ма?
– Болмайды.
– Ендеше, баса алмай-
мын, аға. Көтердiм!
– Əй, сенiмен
ойнамаймын. Қу бала
екенсiң.
– Тағы бiр су жаңа
ойын бар, аға.
– Қандай?
– ХХI ғасырдың
ойыны. Музыкалық
ойын.
– Дискотека ма? Əлде,
казино...
– Соған ұқсас.
Магнитофонның
кассеталарымен карта
ойнаймыз.
– Өнер жұлдыздарын
картаға саламыз ба?
– Иə, дəп солай. Мiне, кассеталар... Жасыңыз үлкен ғой,
жүрiңiз.
– М-м... Ермек Серкебаев!
– Көзiр ғой, аға.
– Е, көзiр екен ғой. Онда Роза Рымбаева!
– Ол да көзiр.
– Ендеше Қайрат Байбосынов!
– Өңшең көзiрдi қайдан жинап алғансыз?
– Қазiр, құдайға шүкiр, көзiрлер көбейiп келедi. Бiр əн
айтса – клип, екi əн шырқаса – көзiр.
– Жай кассетамен жүрсеңiзшi.
– Мақұл. Мə, ендеше. Бақыт Шадаева, Меруерт Түсiп-
баева, Гүлнəр Сиқымбаева.
– Халық қаһарманы Роза Бағлановамен басам оны.
278
– Қашанғы басасың,
мен де iрiсiнен жүрейiн.
Мə! Халық қаһарманы
Əзiрбайжан Мəмбетов!
– Тұңғышбай Жаман-
құлов! Бастым.
– Атаңның басы! Халық
қаһарманын Тұңғышбай
қалай басады?
– Қазiр оған қарамай-
ды, аға. Баса бередi. Жүрi-
ңiз.
– Жолыңа қақпан құ-
рып əзiл-сықақ театрла-
рын жүрейiн. Мə! «Терiс-
қақпай», «Күлкi керуенi»,
«Шаншар».
– Халық əртiсi, экс-депу-
тат Құдайберген Сұлтан-
баев. Бастым.
– Дұры-ы-ес. Ендi не
жүрсем екен? (Мына жақ-
тан бiр қыз Мақпал Жүнi-
сова секiлдi ыңылдап өлең айтады).
Адамдар сұрамаңдар, сұрамаңдар,
Өмiрде мен сүйетiн бiр адам бар.
– Ə-əй, қыз, «подсказ» берме. Шошаңдамай тұр.
– О-о! Жүрдiм. Мақпал Жүнiсова! Көзiр, аға. Басыңыз.
– Ə, балақай «мəш» бердiң. Мə! Заманбек Нұрқадiлов.
Басылды ма?
– Басылды, басылды. Тамаша басылды! (Əндетiп). Тама-
ша, тамаша, тамаша!
– О-о, онда «Тамаша».
– «Көпен келе жатыр!..» Бастым.
– Баса алмайсыз, аға.
– Е, неге!
279
– «Тамашаны» басу үшiн Көпенге көбiрек ойлау керек,
көсiлтiп ойнау керек.
– Ойбай, көкем келе жатыр!
– Көпен келе жатыр!..
– Көкемiз бiздi басып жiбермей тұрғанда тезiрек бұл ара-
дан тайып тұрайық.
...Жұмбақ. Тапқыш болсаң тапшы, ал. Келе жатқан көке-
мiздiң аты кiм екен, ə?
Достарыңызбен бөлісу: |