Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет3/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
Алғы сөз
Жанұя – жанды жаратылыстардың ішіндегі тек қана 
адамға тән болған ерекше құнды құрылым. Адамды басқа 
жандылардан бөліп тұрған маңызды ерекшелік.
Жанұя – қоғамның негізі, іргетасы болып табылады. Әрбір 
ғимарат іргетастардың үстіне қаланады. Ғимараттың іргетасы 
мықты болмаса ғұмыры ұзаққа бармайды, титтей сілкіністе-
ақ қирап қалады. ХІХ ғасырда индустрияның жаңаруымен 
бірге бірнеше елдерде, әсіресе батыс елдерінде капиталист 
басшылардың әйелді экономикалық тұрғыда қолдана 
бастауымен бұл іргетастар орнынан айнып, жанұялар үлкен 
сілкіністі бастан өткізді. Мұнымен байланысты қоғамдар 
да сілкініс зардабын тартты, бақытсыздық, рухани аштық 
шырқау шегіне жетті. 
Бұл сілкіністің ұшқыны біздің елде де әлсін-әлсін 
көрінуімен қатар күн өткен сайын әсері күшейіп келеді. Батыс 
елдеріне жету жарысы жүруде. Сол себепті жанұя ішіндегі 
келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер, ажырасулар қарқынды 
жылдамдықпен көбейе түсуде. 
Бүкіл бұл қасіреттердің себебі жанұя ғимаратында тірек 
тастарының қызметін атқаратын ана, әке және балалардың 
орындарынан ауытқуы, өз орындарында болмауы. Өйткені 
ғимаратта қаланатын әрбір тас, кірпіштің орны бөлек, ерекше 
болады. Жанұяда, қоғамда қайтадан тыныштық орнауы – 
бұл тірек тастардың өз орындарына орнатылуы және табиғи 
қызметтерінің қалпына келуімен мүмкін болады.
Біз бұл еңбегімізде жанұя ішіндегі адамдардың өзіндік 
рөлдерін және жанұяның қоғамдағы орнын көрсетуге 
тырыстық. Онда да өз ойымызды емес, қаншама ғасырлар 
бойы қалыптасқан, орныққан әдет ғұрыптарымызды 
және хақ дініміз исламның әмірі мен тыйымдарын негізге 
алдық. Сондықтан келтірілген мәліметтер үйреншікті 


ЖАНҰЯ
- 6 -
өмірімізге қайшы болып көрінсе де, нәпсімізге ауыр тисе де 
«заманымызға жараспайды» деместен қолымыздан келгенше 
орындап, орындай алмағандарымыз үшін Хақ та’аладан 
кешірім тілеуіміз керек. 
Бәріміз де алған жиһазымызды қолданбастан бұрын 
оны жасап шығарған инженерлердің дайындаған “қолдану 
нұсқаулығын” оқимыз. Өйткені бұл жиһаздан ең тиімді
сапалы түрде өнім ала алу үшін мұны қалай қолдану 
керектігін ең жақсы білетін осы инженерлер екеніне сенеміз. 
Сол секілді адамды және жанұя құрылымын жаратқан 
Аллаһу та’ала да олардың ең жақсы түрде өмір сүруі үшін, 
жанұяның бақытқа бөленуі үшін әрбір жанұя мүшесінің 
рөлдері қандай болуы керектігін өте жақсы біледі. Ал дінге 
жат мәліметтер сынақтан өткізуге, қателесуге келіп тірелетін 
жарым-жамау нәтижелердің жиынынан құралады. Мұндай 
мәліметтер адамдарды, қоғамды қателіктерге түсіруі мүмкін. 
Бүгін пайдалы сияқты болып көрінген қаншама істердің
ертеңгі күні қаншалықты зиянды екені анықталып жатқанын 
көп көріп жүрміз.
Барлық мәселедегі секілді жанұялық өмірде де қалай 
әрекет ету керектігін және жанұядағы рөлдеріміз қандай 
болу керектігін ислам ғалымдарының құнды кітаптарынан 
үйреніп, соған сәйкес өмір сүруге тырысуымыз керек. Біз 
бұл кітабымызда ислам ғұламаларының құнды кітаптарынан 
пайдаланып, бұл теңдесі жоқ ілімдерді сіздерге ұсынуға 
тырыстық. 
Құран кәрімде «Аллаһ үйлеріңді сендер үшін тыныштық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет