Бақыттың кілті


және бақыттың мекені етті.»



Pdf көрінісі
бет4/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
және бақыттың мекені етті.» (Нахл 80) делінген. Ал 
үйлеріміздің тыныштық және бақыт отауына айналуы 
Аллаһу та’аланың білдірген үкімдеріне мойынсұнуымызға 
байланысты. Бұларға неғұрлым көп мойынсұнатын болсақ, 
бақытпен тыныштық та соғұрлым арта түседі. Мойынсұн-
байтын болсақ, әркім өз бетінше ереже, үкім шығаратын болса, 


ЖАНҰЯ
- 7 -
үйлерде тыныштық қалмайды. Үйінде тыныштығы болмаған 
қоғамның, көшелерінде де тыныштығы болмайды. Ол қоғам 
қашан, қай жерде жарылатыны белгісіз қозғалыстағы минаға 
айналады. Мұның зардабын бүкіл адамзат тартады.
Хақ та’ала бәріміздің үйімізді, отбасымызды бақытты 
етсін. Амин.
ДІНІМІЗДЕ ЖАНҰЯ
Ислам діні қоғамның бақыты және адам ұрпағының дені 
сау, салауатты жалғасуы үшін жанұяның қажетті екендігін 
білдірген. Осы себепті некені халал қылып, зинаны және 
зинаға жол ашатын еркін қатынастарға тиым салған. 
Әйелдерге ешбір діннің, ешбір жүйенің бере алмаған 
қадірін, мәртебесін берген. Расулуллаһ алейһиссаламның 
“Уәда 
хұтбасындағы” 
насихаттарының 
бірінде: 
«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер. Олар Аллаһу та’аланың 
сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ, жылы 
мәміледе болыңдар, оларға жақсылық жасаңдар» деп 
бұйырған. Тағы бір хадис шәрифте «Жаннат аналардың 
аяғының астында» деп бұйырып әйелді қорғауда теңдесі 
жоқ мәртебе танытқан.
Бірақ еркектер ислам бойынша “жанұяның басшысы” 
деп саналады және әйелдерге қарағанда жоғары дәрежеге 
ие. Хақ та’ала әйелді еркектің қамқорлығына берген. 
Құран кәрімде: «Еркектер әйелдердің басшысы және 
қорғаушысы» (Ниса 34) деп бұйырылған. Сонымен 
қатар еркектердің әйелдерге қатысты шариғи ақылары 
болғаны секілді, әйелдердің де оларға қатысты ақылары, 
міндеттері бар. Жанұяның бақыты және әлеуметтік өмірдің 
тыныштығы, жанұяны құрайтын әйелмен еркектің өз 
міндеттерімен жауапкершіліктерін біліп, орындауларына 
байланысты.


ЖАНҰЯ
- 8 -
Жанұя ішінде әйелмен еркектің бір-бірлерін түсініп, 
сабырлы, кешірімді болулары жанұя бақыты үшін 
шарт болып табылады. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне 
құрметпен қарауы және міндеттерін білуі ұяның бақытына 
апаратын маңызды қағидалардың бірі. Жанұяда тәртіпті 
әке орнатады. Әке әділетті болса жанұяда бақыт болады. 
Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірлерін ренжітпейді. Соңғы 
дәуірдің ислам ғұламаларынан Хусейн Хилми Ышык 
“рахметуллаһи алейһ” еркектің әйелімен қарым-қатынасы 
жөнінде былай деген:
«Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірін ренжітпейді. 
Өмірлік жарын ренжіту жанұя бақытының бұзылуына 
себеп болады. Залым, жаман мінезді адамның өмірлік 
жолдасы тұрақты ренжи беруден жүйкесі тозады. Жүйке 
ауруына шалдығады. Жүйкенің тозуымен түрлі аурулар 
да шыға бастайды. Өмірлік жолдасы ауру болған адам 
құрыды деген сөз. Бақытының соңы келді, жолдасының 
қызметінен, көмегінен махрұм қалды деген сөз. Өмірі 
оның дерттерін тыңдаумен, оған дәрігер іздеумен, оған 
үйренбеген қызметтерді жасаумен өтеді. Бүкіл бұл 
пәлекеттерге, бітпейтін қиыншылықтарға әйелдің немесе 
күйеудің жаман мінезі себеп болады. Бұлардан ұзақ, 
бақытты ұяның негізі екі жақты күлімдеген жүзбен жылы 
сөз және түсіністікпен кешірімділік. Ал бұларды дініміз 
әмір етуде. Бұларға мойынсұнған адам дүниеде де ахиретте 
де бақытқа қауышады.»
Жанұядан мақсат ұрпақты жалғастыратын балалар. 
Адамның өлгеннен кейін жақсылықпен еске алынуы 
үшін қоғамға пайдалы туынды немесе пайдалы ғылым 
немесе қайырлы бала-шаға қалдыруы керек. Барлық нәрсе 
ұмытылған күнде де бұлар ұмытылмайды және өлген 
адамның игі істерінің жалғасуын қамтамасыз етеді. 


ЖАНҰЯ
- 9 -
Олай болса баланы жақсы, үлгілі қылып жетілдіру әке-
шешенің ортақ міндеті. Ана баласын тікелей өзі емізіп, 
өсіретіні, үнемі жақсы мінезді үйретіп жүретіні секілді 
бұлардың баспанасын, азық-түлігін, материалдық және 
рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету де ең алдымен 
әкенің міндеті болып табылады. 
Ислам діні мінез-құлық тәрбиесі мен ілімге қатты 
мән берген. Надандық пен тәрбиесіздікті қайтарған. Сол 
себепті әрбір ата-ана баласына ілім, көркем мінез (тәрбие) 
және діни міндеттерін үйретуі тиіс. Үйретпесе олардан 
жауапкер болады. Өйткені барлық бала жақсы көруді, 
жақсы көрінуді, құрметті осында үйренеді. Тәрбиені және 
жүйелі өмірге осында дағдыланады.
Аллаһу та’алаға сенуді, пайғамбарға деген сүйіспен-
шілікті, отанға, ұлтына, салт-дәстүріне және әдет-
ғұрыптарына деген құрметті осында үйренеді. Балалар 
алты жасқа дейін адамдық ерекшеліктерін жанұядан 
алады. Сондықтан жанұяның ұқыпты, сапалы болуы өте 
маңызды. 
Жанұялық өмірдің жүйелі, дұрыс болуы балалардың 
көркем мінезбен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп 
өсулеріне ықпал етеді. Тәрбиелеу мақсатымен әке-шеше 
баласына қаталдық танытуы мүмкін. Бірақ бұл қаталдық 
жазықсыз баланың жүрегінде терең жара ашатын таяқ 
түрінде болмауы тиіс. Шамадан тыс қаталдық таныту 
көпшілік балада өтірік айту әдетін, қулықты және 
әрекеттерінде тұрақсыздықты қалыптастырады. 
Әке-шеше ұл-қыздарын үнемі қадағалап отыруы керек, 
әсіресе олардың жаман достардан ұзақ жүрулеріне мән 
беруі керек. Жаман дос баланың ең үлкен дұшпаны. 
Балалардың үлкені де кішісі де де ата-анасына мойын-
сұнумен, құрмет көрсетуде кемшілік етпеуі тиіс. Өмірдің 
түрлі қиындықтарымен, зардаптарына төзіп балаларын 


ЖАНҰЯ
- 10 -
өсірген ата-ана әрине құрметпен, мойынсұнушылыққа 
лайықты. Құран кәрімде «Аллаһу та’алаға мойынсұның-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет