94
– құрлық омыртқалыларының (қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
тынысалу мүшесі – өкпе.
Тыныс алудың негізгі мәні – ағза оттегімен үздіксіз қамтамасыз етіліп, одан көмірқышқыл
газы үздіксіз шығарылуы, яғни газалмасу болып табылады.
СҰРАҚТАР
1. Суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі:
2. Балық желбезегі:
3. Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің реті:
4. Қосмекенділерде қосымша газ алмасу:
5. Жорғалаушылар тыныс алады:
V ТАРАУ. КӨПЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЗӘР ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ЗӘР
ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жануарлар ағзасы айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз денеге жеткізіп,
оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті заттарды алады. Сырттан
келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды денесінен шығару да тіршілік үшін өте
қажетті процесс. Ағзада түзілетін әр түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және газ күйінде
болады.
Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы кеңірек
кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның ұшы тері жабыны
арқылы сыртқа ашылады (1-сурет).
Ұлуда зәршығару қызметін шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Оның
құрылысы күрделірек болғанымен, ол шұбалшаңның жұлдызша түтіктеріне ұқсас.
Шұбалшаңның зәршығару жолдары Жұлдызша тәрізді түтік
Достарыңызбен бөлісу: