Көтермесатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау мақсатында, мемлекеттік мұқтаждықтарды қамтамасыз ету үшін, мемлекеттің, өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін және басқа тауар түрлерін, сатып алу бағасы.
Көтерме сатып алу бағасын теңестіру – зона, сорт, түр, аймақтар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдеріне мемлекеттік бірыңғай есептелінген бағаларды белгілеу және өнеркәспте баға деңгейінің өсіміне байланысты бірыңғай есептелінген бағаларды өсіру.
Күні бұрын сату – тауар және қызметтерді өткізуді қамтамасыз ету әрекеті;
Жасау мезгілінде мөлшері мен ассортименті анықталынбаған, алдын – ала жасалынатын сатып алу – сату келісімі.
Қалыпты, стандарттық баға – 1. сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болған жағдайдағы тауардың әлде қызметтің теориялық бағасы. Шын бағаның деңгейіне көптеген қысқа мерзімдік факторлар әсері білінгенімен, ұзақ мерзімді жоспарда ол қалыпты, стандарттық бағаға қарай қозғалыс тенденциясын жасайды. 2. тауарлар мен қызметтердің икемді ұсынысының ұзақ өсімі үдерісінің нәтижесінде анықталатын баға.
Құндылық негізінде баға белгілеу – «құндылық / шығындар» ара қатынасының ұтымды деңгейі есебінен фирмаға мол пайданы қамтамасыз ететін бағаны белгілеу.
Құн заңы - тауарөндірушілер арасындағы байланысты реттейтін, тауар ақша қатынастары жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу және ынталандыруды реттейтін әділ экономикалық заң; оған сәйкес тауарларды өндіру және алмастыру тауардың құнына байланысты жүзеге асады, оның шамасы қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен, сұраныс және ұсыныс деңгейімен өлшенеді.
Лимиттік баға - өнімнің осы түрінебелгіленген баға деңгейінің жоғарғы шегі;
Өнімді істеудің басында алдын ала (есептелген) деректер негізінде белгіленеді.
Маржа – бағалы қағаздарды сатып алуда сатып алушы бағасы мен сатушы бағасы арасындағы айырма; белгілі бір шамалар арасындағы айырымды көрсететін шама.