VІ. Қазақ Хандығының дәуірі. ХV ғасырдың терең дағдарысын
(көшпелі өркениет үшін) эволюционизм көзқарасынан түсіндіру аса қиын.
Бірақ сонда да жол табылды және оны көбісі қабылдады. Тарихи процестің
алшақтығын
«этноәлеуметтік
ортақтықтың
меншікті
әлеуметтік-
территориялық мемлекеттік ұйым құруға ұмтылуы» ретінде түсіндіру
бәрінен де оңай болды. Тарихқа жүйелі ыңғай бұзылды. Жеке факт-
элементтер шешуші ұстаным ролін атқарды. Керей мен Жәнібектің көшіп
кетуі «этносаяси процестердің заңды қорытын-дысы», яғни «ұлыстың
қалыптасуының ұзақ процесінің аяқталуы» болып табылды. Бұл тезис
«қазақ» сөзінің «қазақтар туралы» ұғымына тәуелділікке қойылатынын
көздейді. Номадтарда этникалық атаудың екі қосарлы мағынасы бар екенін
есте сақтау керек: 1) этникалық топтың (тайпаның немесе халықтың) тікелей
атауы; 2) тіпті егер оған кіретін тайпалар әр түрлі текті болса да, белгілі
мәдени немесе саяси кешенді құрайтын, тайпалар тобы үшін жинақты атау.
Ш. Уәлиханов өзінің зерттеулерінде осыған байланысты былай дейді:
«қазақтар өз руларының аттарын ру басыларының, ата-бабаларының аттары-
мен түсіндіреді... ал олардың қазіргі заманда ордалардың ортақ одағына
қосы-луы - қосылғандардың әрбір тайпасы бөлінбейтін бірдеме, тұтас деп
қабылда-нады және генеалогиялық мағынаны қабылдайды». Қазақтар
өздерін ерікті, Тәңірден туған деп санады, бірақ әр түрлі рулардың шығу
тегі ата-бабасының әр түрлі кейіпкерлерімен байланысты болды. Мысалы:
Алаш, Жанарыс, Бекарыс, Ақарыс және т.б. Мұндай майда-шүйделер
барлық номадтарға, соның ішінде қазақтарға да тән. Шығу тегінің ортақтығы
туралы түсінік қоғамдық ықпалдасудың идеологиялық негіздемесі болып
табылады. Дала дәстүрі осын-дай болды. Сондықтан тарихқа жүйелі амалды
қолдану мақсатқа сәйкес болды. Онда жеке фактілер емес, ал оқиғалар
арасындағы байланыстар қарастыры-лады және сенімді нәтижені алу үшін
және тарихи әділдік үшін де байланыс-тырушы жіптер анықталады.
Егер жүйе салтанат құрса - этногенез қалыпты жұмыс істеуін жалғасты-
рады, егер антижүйе жеңсе – этнос құлайды, әлсірейді және көршілердің
олжасына айналады. Бірақ мұндай реакция процесі ұзақ болады. Тіпті
қарама-қарсы күштердің өткір қақтығулары ғасырлармен есептеледі.
Сондықтан антижүйені тарихтың кең төсемдерінен ғана көруге болады.
Бізді қызықты-ратын сұраққа жауап беру үшін Ұлық Ұлыспен (Алтын Орда)
біріктірілген, Ұлы Даланың ХІV ғасырда нені білдіргенін түсіндіру қажет.
Қытайда қытайлардың үйлерінде болған, монғол әскерлері (Юань
әулеті) бір түннің ішінде бауыздалып өлтірілген, сонан соң тірі қалған
монғолдар ханымен бірге 1369 ж. Монғол даласына қайтып келген. Орта
Азияда және Иранда Алтын Орда көшпенділеріне реакция пайда болды. Оны
түркіленген монғол Темір басқарды. Шығыс Еуропа нені білдірді?
ХІІІ-ХІV ғғ. шебінде орыстар, әлдің саяси бытыраңқылығына
қарамастан (сегіз жарты мемлекет), тек гректерге емес, поляктарға,
шведтерге, венгрлерге, немістерге қатысты өзінің жүйелі бірлігін сезінді.
Католиктік – бір суперэтностың, ал православие екіншінің индикаторы
болды. Орыс террито-риясында және орыстардың қолдарымен соғыс жүргізу
үшін, католиктерге орыстарды дала адамдарына қарсы көтеру ұтымды
болды. Ал сонан соң олардың жазаларын тарттырып, Орыс жерінде екінші
Латын империясын құруға болар еді. ХІV ғасырда Батыс Русьте осылай
болды да, ал Шығыс Русь күштерін басқаларға ұқсатпай орналастыруының
арқасында бұзылмай қалды (тұжырым: Даниил батысшыл болды, Александр
Алтын Орда үшін болды). Орыстарда көшпенділермен соғыс іздеуге себеп
болмады. Алтын Орданың саясаты Русьте ХІV ғасырда православиелік
дінді сақтап қалып, жаңа дәуірді – жерлерді «жинастыруды» кездестіру
үшін, бытыраған держава-ның идеяларына сәйкес келді. Александр
Невскийдің еңбегі мынада болды: ол Алтын Ордамен тіпті ХV ғасырдың
аяғына дейін сақталған, болашақты болжайтын саясатты орнатып,
православиелік Ресейді қорғап қалды. Литва-лықтар поляктар жаулап алған,
Галициядан басқа, бұрынғы Киев Русінің барлығының билеушілері болды.
Енді еуропалық өркениеттік үлесін өзіне жинап алған Польша католиктік
болды. Бұл азғырушылыққа Литва да үйренді.
Орыстардың Мамайды жеңгенін барлығы біледі. Бірақ, осы ұлы
әрекеттің маңызын сезіну үшін, оған басқа жағынан қарау керек. Бүгінгі күні
орыстардың татар-монғол «езгісіне» қарсы соғысы туралы пікірталас
жосықсыз. Өйткені Орданың ыдырауын литвалық князь Ольгерд
пайдаланды және бұрынғы Киев Русінің барлығы оның қолында болып
шықты. Карл ІV Люксембург император-дың елшілеріне: «Барлық Русь
Литваға тиесілі болу керек» деп мәлімдеп, Ольгерд өзінің бағдарламасын
тұжырымдады және оларға қолайсыз ұсыныстар жасады: орденнің жаулан
алған жерлерін Литваға қайтару, Ордамен күресу үшін крест тағушыларды
далаға орналастыру және орденнің «орыстарға құқығынан» бас тартуы.
Литва Шығыс Еуропада гегемонияны жеңіп алатын-дай мүмкіншілікті алды.
Бірақ уақыт Ольгердке қарсы жұмыс істеді. Мәскеу төтеп берді, өйткені
«мәскеулік саяси идеология шіркеулік болды... мәскеулік патша
соншалықты ұлттық патша ретінде емес, қаншалықты барлық әлемнің
православиелік
христиандығының
патшасы
ретінде
өзінің
қарамағындағылар-мен ойымен бөлісті». Троицк лаврасының игумені
Сергий Ражонежскийдің көмегімен Митрополит Алексей (1353-1378)
тұрғызған, православиелік теокра-тияның ғимараты нығая түсті. Бұл
жылдары орыс шіркеуінің Мамаймен дауы лап етіп тұтанды. Төменгі
Новгородта Дионисий Суздальскийдің бастама-сымен Мамайдың елшілері
өлтірілді. Ауыспалы сәттілікпен өткен, Куликов шайқасымен және Ордаға
Шыңғысшы Тоқтамыстың қайтып келуімен аяқтал-ған, соғыс пайда болды.
Шіркеу зорлап міндеттеген бұл соғысқа екі коалиция қатысты: Мамайдың
химерлік державасы, Генуя және Ұлы Литва князьдігі, яғни Батыс, және
Мәскеудің Ақ Ордамен құрылған блогы – оның басын Александр Невский
құрған, дәстүрлі одақ. Мамай және Тоқтамыс бір-біріне жау болды. Русьтің
дәстүрі Ордамен, ал осыдан, Тоқтамыспен құрылған одақ болды, ендеше
оппозицияның Мамаймен одақ іздеуі, бірақ егер олай болса, онда
Мамайдың одақтасы Литвамен де татуласу жолын іздеуі керек болды.
Шіркеу партиясының ұлы князьдік партияны Мамаймен ұрыстыруы керек
болды... және ол оны ақылға сыймайтын өнерлілікпен жасады. Мамай
Дмитриймен және Митяймен одақ құруға барлық күшімен тырысты. Митяй
өлген соң заттар күші Дмитрийді - Куликов даласына, ал Мамайды керексіз
досты уландырған, сатқын-генуялықтардың уысына итермеледі.
Мамайдың қайғылы өлімі өнеге аларлық болды. Ол сыртқы саяси жағдайда
соншалықты сақ болмай, қастық-тың құрбаны болды, оны пайдаланды.
Және де ол суперэтникалық деңгейде байланыстың құрбаны болды
(Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. М., 2003. С. 602-606).
Алтын Ордада, онда «ұлы бөгеліс» пайда болған соң (ХІV ғ. екінші
жартысында), мемлекет дағдарысты ыдырады және қазандық, қырымдық,
астрахандық, сібірлік, ноғайлық татарларға және қазақтарға этникалық
бөлінді. Алтын Орда ханының вассалдарының конфедерациясы орнында
ұлы Ресейдің дәні – Мәскеу мемлекеті пайда болды. Конфедерациялық
Русьтің ұрпақтары-ның бір бөлігі - сенімі мен мәдениетін сақтап,
полиэтникалық Мәскеуге қызмет етуге, екіншілері - дінін жоғалтып, бірақ өз
ұрпақтарына туған жерін қалды-рып, Польшаға, ал үшіншілері ретсіз
қақтығыстардан босап қалған, оңтүстік шекараға аттанды. Және онда
шоқынған қыпшақтармен араласып, олар жаңа этнос құрды - дәстүрлі
славяндық тиістілік «ов» жұрнағын (Иванов) түркілік «енко» жұрнағына
(Иваненко) ауыстырып, соңғылардың ұрпақтары запорожье-лік және
слободалық казактар (адамдардың түркілік аттары) немесе украин-дықтар
болды (оларды поляктар осылай атаған).
ХV ғасырдың ортасында ежелгі орыс этносының орнына үш жаңа этнос:
орыстар, белорустар және украиндар пайда болды – олар православиені
сақтап қалды, бұл олардың этногенезінің бағытын анықтады. 1439 жылы Ұлы
Еуропаның және батыс Еуразияның бытырауын күшейткен «оқиға» болды.
Папа тағы қайтадан крест жорығын басқарды. 1438-1439 жылдары Әлемдік
ғибадатхана өзінің жұмысын бастады. Онда екі шешім қабылданды:
шығыс және батыс шіркеулерінің униясы және түріктерге қарсы жорық.
Крест жорығы 1444 жылы Варнадағы жеңіліспен аяқталды. Соған
қарамастан уния ресми түрде жойылған жоқ, бұл оның барлық
православиелік мемлекеттердің алдындағы беделін түпкілікті түсірді. Сөйтіп
Батыс еуропа мен православиелік Ресей арасында нақты шекара құрылды.
Түріктердің Варнадағы жеңісі Мәскеу-ді Литвамен жекпе-жекте құтқарды,
және екінші жағынан Мәскеуді Орданың ыдырауы құтқарды. Бір-бірімен
пышақтасу Мәскеу князіне мардымсыз жалақы-ға қызмет ету үшін көптеген
ордалықтардың Руське лап қоюына әкелді. Мәскеуге қызметке мұндай
жаппай қабылдау Орданың қайтымсыз аяқталуын білдірді, ал Мәскеу
князьдіктен патшалыққа айналды. ХV ғасырдың өзінде-ақ ордалықтар атты
әскер сапы және маневрлік соғыс бойынша әлемдегі ең үздік мамандар
болды. Василий ІІ князь өзіне қызмет ететін, және де аса білікті адамдардың
жаңа құрамын алды. Мәскеу әскерінің ұрысқа қабілеттілігінің жоғарылағаны
соншалықты, Мәскеудің Новгородпен кезекті дауы кезінде (1456) екі жүз
салт аттылар 5 мың новгородтық әскерді қаусатты. Новгород тізе бүкті. Бұл
ордалықтар орыстар үшін бөтен болса да, бірақ олар орыс әйелде-ріне
үйленді де, олардың балалары мен немерелері ресейліктер болды.
Ордалықтармен қатар орыс этносына угрофиндік тайпалар енді: олардың
біреуі православиені қабылдап славяндармен бірлесті (мерлер, муромдар,
голядь); басқалары өз ата-бабалырының аттарын сақтап қалды – чкваштар,
черемистер (мари), вотяктар (удмурттар), мордва, ижорлар, вепстар және
т.б., бірақ бұл олардың орыстармен қатынасуына кедергі болмады. Бұл
қатынасты этникалық жүйені күрделілендіретін және сонымен оны
нығайтатын, симбиоз деп атау керек. Енді тұжырым жасауға болады. Мәскеу
князьдігі толық жүзжылдық бойы митрополит Алексей мен Сергий
Ражонежскийдің принцип-терінің арқасында «қызмет етушілерді» өзіне
тартты. Осылай 1380 жылдан бастап 1452 жылға дейін Мәскеу князьдігі –
Ресей, ал бұрынғы Русь Польша басшылық еткен, Литваның шеті болды.
Ұлық Ұлыста (Жошы ұлысы) жағдай басқаша болды. Темірдің берген
соққыларын емдеп жазу сәтті болмады. Темір Ордаға тойтарыс бере алса
да, ол Орданың түпкілікті ыдырауына әкелетін, Едіге мырзаны қалдырды.
Ноғай-лықтар Еділ бойындағы және қырымдық ордалықтарға өшпенділікпен
қарады. Сондықтан олар Темірдің пікірлесі – Едігені өздерінің билеушісі деп
мойын-дады, ол хандарды Сарайдың тағына оңайлықпен отырғызып, тура
сондай оңайлықпен оларды орнынан алған. Іс жүзінде Едігенің көзінің
тірісінде-ақ ноғайлықтар тұтастықтан шығып, ХV ғасырда Үлкен Орда деп
атала бастады, бірақ 1438 жылы Сарай әлі де үлкен қала және ірі сауда
орталығы болды. Соған қарамастан Орданың ыдырауы жалғаса берді. Таққа
отыруға үміткерлер бірде литвалық Гедиминовичтерге, бірде самарқандық
Теміршілерге сүйеніп, бір-бірін өлтіріп жатты, ал этностар оқшаулануын
жалғастыра берді. 1428 жылы онда Әбілқайыр хан «өзбектер» атауын
қабылдаған, Тюмень бөлініп кетті. 1438 жылы Қырым мен Қазан бөлініп
кетті. Мәскеу алымды үнемі төлеуден бұлтартса да, Ордамен бәрінен де ұзақ
одақтас болды. 1480 жылы Сарай жойылды - бұл ноғайлықтар мен
қырымдықтардың ісі болды. Жошы ұлысының этномәдени жүйесінің
бытырауы ұрыс-таластар мен соғыстардың тікелей салдары болды.
Дегенмен Жошы ұлысы бәрінен де ұзағырақ шыдап тұрды.
1434 жылы Монғолияда шығыс монғолдар өздерінің батыс көршілері –
ойраттардың құрбаны болды. Ойраттар – төрт тайпа одағының аты:
чоростар, дербенттер, хошоуыттар және торғауыттар, оларды Шыңғысхан
Батыс Монғо-лияға айдап жіберген. 1259-1301 жылдардағы өзара қырқыс
соғыс кезінде батыс монғолдар Құбылайға қарсы Хайду жағында
шайқасты. Бұл олардың шығыс монғолдардан алшақтануына әкелді,
оларды Мин империясы қолдай бастаған. 1449 жылы ойраттар қытай
әскерлерінің әбден быт-шытын шығарды, бірақ Шығыс Монғолияны
жаулап алудан бас тартты. Сонымен бірге ойраттар батысқа орасан зор
шапқын жасады. 1452 және 1455 жылдар аралығында олардың әскерлері
Моғолстан арқылы өтті, Сырдария алқабымен оңтүстікке бұрып, Шығыс
Дешті-Қыпшаққа басып кірді, Ташкентке дейін өтіп, үйлеріне бай олжамен
оралды. Осы талқандаудан кейін Ақ Орда жоғалды, оның орнында қазақтар
ресімделді.
Ұлы Далада болған өзгерістерді кері кету ретінде қарастыру керек.
Өйткені әлемдік империяны құрған кезде ХІІІ ғасырдың артығы болмады,
жоғалғанды қалпына келтіруге ғана күші жетті. Әлеуметтік-экономикалық
аспектіде көшпелі әлем артқа қадам жасады.
Сөйтіп, Алтын Орда химера болды (Л.Н. Гумилевтің айтуынша - бір
экологиялық қуыста екі және одан көп бөтен суперэтникалық этностардың
бірге бар болуы), ал бұл кезде Ақ Орда жаңа дербес этностың –
қазақтардың құрылуының ядросы болды, онда республикалық құрылыс –
жүздер қалпына келтірілді. ХVІ жүзжылдықтың басында Шибанидтердің
көшбасшысы Мұхаммад Шейбани Шығыс Дешті-Қыпшақтан шығып,
Теміршілердің иелік-терін жаулап алды. Мавераннахрда екі тәуелсіз өзбек
ханы - Бұхар мен Хивиннің негізделуі - этносаяси тарихта өзбек халқының
құрылуы болып табылды. Қырым хандығы өзінің тағдырын Осман
империясымен байланыстырды.
ХV ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейін Қазақ хандығы
бірыңғай саяси құрылым болды. ХІХ ғасырда патша үкіметі хандық билікті
жойғанға дейін Қазақ даласында саяси үстемдік Орыс ханның Жошылықтар
ұрпақтарынан басқа Шыңғысшылар тармағының өкілдеріне өткен жоқ. Бұл
бірлестік
Жошылықтардың
бір
тармағына
қатысты
жалпы
бағыныштылықпен байланыстырылған тек саяси топтама түрінде ғана емес,
конгломерат типті субэтникалық ортақтық түрінде ұсынылған.
ХV ғасырдың ортасында «қазақ» сөзінің тарихының жолын ұстаушы
адамдардың тарихы ажырамайтын тұтастыққа біріктіріледі. Дәл осы уақытта,
Еуразияда жаңа геосаяси жағдай туындағанда, дәстүрлі мәдениет және оның
дүниетанымы қайта қалыптастырылып, ауыз әдебиетте бейнеленеді
(астыртын діни). Қазақстан Даласында жаңа мектеп – шежіре
(генеалогиялық тарихнама) – пайда болуы қазақ халқының ұлттық сана-
Достарыңызбен бөлісу: |