идеяларының басты өкілдері болып саналған.
Ходжа – Мұхаммед
пайғамбардың серіктерінің, атап айтқанда: төрт тақуа халифтер - Әбу Бәкір,
Омар, Осман және Әлидің ұрпақтары болып саналады (соңғысының
Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимамен некесінен туған ұрпақтарынан
басқа). Ходжылар рулық және тайпалық қауымдардан тыс тұрған. Олар,
сұлтандармен және сайидтермен қатар тұйық аристократтар сословиесін
құрап, әлеуметтік пирамида шыңындағы орынды алған.
Аристократтық
сословиеге қарағанда, «қара сүйек» өкілдерінде жеке
рулар мен тайпаларға бөліну бөліну қатаң сақталған. Осыған сәйкес әр жеке
қара сүйек өкілінің қоғамдық жағдайы оның руы мен тайпасының
артықшылық дәрежесімен анықталған. Жеке тұлғаның тек ру бөлігі ретінде
ғана маңынасы болған және тек ру заңды бірлік болып табылған. Қара сүйек
әлеуметтік тобынан тек «билер» - рулар мен тайпалар басшылары ғана
ерекше саяси құқықтарға ие болған. Билер ықпалы олар басқаратын
рулардың күшімен, сонымен қатар шығу тегінің көнелігімен және
үлкендігімен анықталған. Өздері билік ететін
рулар шегінде билерге сот,
әкімшілік және әскери билік тиесілі болған. Билер, сұлтандармен қатар
жалпы мемлекеттік мәселелер шешілетін жыл сайын өткізілетін
«құрылтайларға» қатысқан. Ең беделді ру басшылары хан жанындағы «билер
кеңесіне» кірген. Билер, Шыңғысшыларға қарама-қарсы қара сүйектер
әлеуметтік тобының элитасын құраған. Кей жағдайда хан билігі дала
аристократиясының өкілдеріне (билерге), жеке әр ең беделдісіне, сондай-ақ
барлығына бірге тәуелді болған.
Қазақ қоғамында сондай-ақ мүліктік жағдайы бойынша да тұлғалар
бөлінуі орын алған: байлар және кедейлер. Бай атағына екі белгі енген –
экономикалық және саяси. Байдың қоғамдағы экономикалық мағынасы оның
байлығымен анықталған, ал байлық оған саяси мағына және салмақ берген.
Батырлардың да
алатын орны ерекше болған, олардың ролі әскери
өмірдегі кәсіптілігімен анықталған. Мәртебесі бойынша батырлар қазақ
қоғамының дәрежесі жоғары тұлғалар тобына жатқан.
Ақсақалдардың
әлеуметтік құрылымдағы орындары ерекше болған. Олар ауылдық бірлік
басында тұрған.
Құқықсыздарға
құлдар мен
күңдер жатқан. Құлдарды толтырудың негізгі
көздері тұтқындау және құл саудасы болған. Барлық құлдардың жалпы
сипаты – қожаға жеке тәуелділігі, яғни ие меншігі.
Тарихи-этнографиялық материал жетіспеушілігі
билік жүргізу жүйесінің
болмысы немесе қазақ қоғамының
әлеуметтік-саяси ұйымдастырылу
формалары туралы тақырыптарды толық көлемде баяндау мүмкіндігін
бермейді. Егер ХV-ХVІ ғасырларда басында сұлтандар тұрған ұлыстық жүйе
орын алғандығын, ал жүздер басында – билер тұрғандығын ескерсек (ХУІІ-
ХУІІ басы), онда мұнда әлеуметтік-саяси ұйымның екілік формасн аламыз.
Осыған сәйкес ұлыстар мен жүздер бір-бірімен бір уақытта орын алған ба,
жоқ әлде бұл формалардың бірі екіншісінің тарихи алдында орын алған ба
деген сұрақ туындайды. Егер олай болса, онда көшпелі қазақ қоғамында
республикалық құрылыстың рәсімделуі туралы сеніммен айтуға болады.
Қазақ хандығының аймақтық шектелуі және Қасым, Есім және Тәуке ханның
Жеті Жарғы заңдарымен саяси негізделуі, көшпенді тайпалар бірлестігі бола
тұра, өз құрамына қалалық және отырықшылық-егіншілік мәдениеттің көне
орталықтары бар аймақтарын енгізген. Қазақ хандығы қоршаған дала халқы
үшін шаруашылық және мәдени өзіне тартудың белгілі аймақтарын құрды.
Аталған факторлар жаңа жерге орналасу, шаруашылық
жасау және тұрмыс
жүргізудің ауылдық жүйесін қалыптастырды. Жаңа аймақтық-рулық
байланыстар басқа реттеушілерді талап етті, бұл реттеушілер –
билер,
«ұлттық аристократия», құра сүйек әлеуметтік тобының элитасы болды.
Көпғасырлық
халық құқығын түсіндіріп бере алатындықтары үшін
құрметтелетін билер, далада номадтарға тән әлем құрылғысын сақтап қалуға
мүмкіндік беретін. Дәл осы
билер төңірегінде оларды шаруашылық және
мәдени бірлестікке түрлендіретін генеалогиялық және иерархиялық өзара
қатынастар бекітілетін ру аралық және аймақ ішілік байланыстар құрылымы
қалыптаса бастады. Жоғарғы әскери-саяси басқарумен байланысты әкімшілік
құрылымның
генеалогиялық
және
иерархиялық
қарым-қатынастар
орнатылуын сәйкес терминмен белгілеу қажет болды. Мұндай термин
ретінде
басында билер тұрған жүз пайдаланылды. Әкімшілік-құрылымдық
қайта құру бұл биліктің саяси түрін республикалық құрылыс етіп қайта құру
және ұлыстық негіздерде сұлтандар сепаратизмінің көріністерін жою үшін
әлеуметтік-саяси ұйымдастырудың екілік формасын рәсімдеу болып
табылды. Бірақ ХVІІІ ғасыр оқиғалары сұлтандардың бұл әлеуметтік-саяси
ұйымда өз орындарын тез табуына әкеліп соқтырды. ХVІІІ ғасырдан бастап
сұлтандар үш жүздің толық билеушілері болмаса да, билеуші басшы топ
болды. Бұл олардың саяси жекеленуіне әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: