Әкесіне немесе анасына тіл тигізген немесе ұрған ұлын мойнына
ескі киіз байлап, қара сиырдың құйрығына қаратып отырғызады:
бұл сиырды ауыл төңірегінде алып жүріп, үстінде отырған кісіні
қамшымен сабайды; ал қызы байланып анасына өз озбырлығы
бойынша жазалау үшін беріледі.
Егер жауапкер соттан күмәнданса, ол оларды шеттетуге құқылы.
Қылмысты растау үшін екіден кем емес, ал кей жағдайда үш
куәгер талап етіледі. Егер куәгерлер жоқ болса ант беруге болады;
бірақ бұл антты талапкер де, жауапкер де өздері бере алмайды:
олар үшін антты өз адалдығымен белгілі адамдар беруі керек.
А.Левшиннің жазбасындағы Тәуке ханның «Жинағының» қысқаша
мазмұны осындай. Жеті Жарғыда әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық
нормалары, салық туралы ереже, діни көзқарастар, бір сөзбен айтқанда, қазақ
қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылды.
Достарыңызбен бөлісу: