Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

ІҮ. Түркілер империясы. Әрбір халықтың тарихы өзінің тамырларын
ежелгі заманның тереңіне жайса да, барлық дәуірлердің тарихшыларында ха-
лықтың пайда болуын анықтайтын күннен бастап сипаттауды бастауға ұмты-
лыс бар. Осылай, римдіктердің шартты күні болды – Римнің құрылуы, 
арабтар-да әбден нақты - Мұхаммедтің Мекеден Мәдинеге қашуы, орыс 
жылнамашы-лары 862-ші жылды таңдады және оған орыс тарихының
басталуын тура кел-тірді, француз хроникашылары Хлодвиг Меровиннен 
бастау алды. Түркілер үшін тарихи әдебиетте мұндай күн 545-ші жыл болып 
саналады (әлі негіздел-меген). 
Солтүстік Қытайда (қытай патшалығы Вэй 386-534) кенеттен соғыс 
болды да, екі бөлікке – шығыс және батыс Вэй болып ыдырады. Шығыс 
Вэй өзінің бақталасын қатты қысты. Сонда, Батыс Вэй императоры Вэнь-Ди 
жақтаушы-ларын іздеу үстінде шешім қабылдайды және түркілерге елшілікті 


әзірлей бастайды. 545-ші жылы елшілік достық қатынастарды орнату үшін 
Бумын ордасына келеді. Осы сәттен бастап түркілер мемлекеті халықаралық 
статусты иеленеді. «Бүгін бізге ұлы державадан елші келді, жуырда біздің 
мемлекеттің де беделі артады деп айтып, Ордада барлығы бір-бірін 
құттықтай бастады». Бұл факт Бумынның Батыс Вэйдің астанасына 
жауаптық елшілік жіберіп және онымен өз одақтасының жауымен әскери 
одақты нығайтып, өзінің сюзереніне - жужан ханына адалдық білдірмегенін 
көрсетті. Түркілердің бостандығы үшін соғыстың шарасыздығы оларды 
қорқытпады. Бұл елдіктер Солтүстік-Шығыс Қытайға қарсы бағытталған
батыс Вэйдің одақтастары және оның жужан хандығының одақтастары 
ретінде түркі державасының шығыс саясатын ширек ғасырға анықтады.
Ол кездері, түркілер территориясы Алтайдың оңтүстік тау бөктерінде 
орналасты. 534-ші жылы олардың «ұлы жағбуы» Бумын болды. Формалды 
түрде ол жужан ханының бағыныштысы болып саналды. Ал шындығында 
Бумын өзінің сюзеренімен санаспаған және түркілердің иеліктерін алыс 
шығысқа қарай жылжытқан. 542-ші жылы оның иеліктері Алтайдан Хуанхэ 
жағалауларына дейін жетті. Оңтүстікте мықты тірек тауып, Бумын 
солтүстікті өзіне қарата бастады. Бірінші болып оғыздарды өзіне қаратты. 
Күштерімен біріккен Бумын, жужандармен шайқаста толық жеңіске жетті. 
Жужандар мемлекеті құлады, Анахуань өзін-өзі өлтірді. 551-ші жылы 
Бумынды ақ киізге отырғызып көтеріп, Түркі Елінің қағаны етіп 
жариялады. Ұлы Дала жаңа империясының күндерін санау басталды. 
Біздің эрамыздың І мыңжылдығының екінші жартысының басында
Ұлы Далада пайда болған саяси бірлестік, номадтықтың ілгерілемелі 
дамуының бірыңғай процесінің нәтижесі болып табылды. Онда өзіндік және 
өзгеше мәдениет құрылды. Еуразияның түркі тілдес халықтарының, олардың 
ізашар-лары сияқты, көптеген ғасырлар бойы олардың ортақ мұрасы
болған, ортақ тарихы және шығу тегі бойынша ортақ мәдениеті болды. 
Еуразияның кең далаларында түркілер ондаған мемлекеттер құрды – Көк 
Түркілер Қағанаты, Шығыс-Түркі Қағанаты, Батыс-Түркі қағанаты, Түркеш 
Қағанаты, Ұйғыр Қағанаты, Қарлұқтар, Қарахандықтар, Қидандар, Оғыздар, 
Қимақтар, Қыпшақ-тар, Наймандар, Керейіттер, Хазар Қағанаты, Ұлы
Бұлғар. Тарихи алаңда бір тайпалық бірлестіктің екіншімен ауысуы 
біріншілердің толығымен жойы-луын еш білдірмейді - ежелгі тайпалар жаңа 
пайда болған этникалық және саяси құрылымдарда көбінесе басқа аттармен 
сақталды, және өз түрлерінің өзгеруін басынан кешкен, жаңа халықтар 
құрады. Түркі дәуірінде (VІ-ХІІІ ғ. аяғы) номадтық классицизм кезеңіне 
жетеді, оның көрінісі империялық билік ортануға ұмтылу болды. 
Түркі кезеңі мемлекеттерінің әлеуметтік табиғатын түркі жазуы 
ескерткіш-терінің декларацияларынан, және әсіресе Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білім» еңбегінен алуға болады. Оларда түркі ақсүйектерінің саяси 
доктринасы, әлемдік үстемдікке ұмтылу, қоғамның сословиелік
ерекшеліктері және биліктің «Бодун – Ел – Төре», «Халық – Мемлекет - Заң» 
парадигмасы көрсетіледі. Ғұндардың дәстүрін жалғастырып, түркі тайпалық
одағы Ел-империялық құрылым болып саяси ұйымдастырылды. Түркі Елін 


тайпалық аристократияға сүйенген, қаған басқарды, одан «қызмет етуші 
сословие», яғни әскери-әкімшілік сословиесі жинақталды. Өз қолдарында 
әскери және азаматтық функцияларды жалғайтын шенеуніктердің орасан 
зор жүйесі құрылды – жабғу, шадтар, тегін және т.б. Әлеуметтік 
титулатураның мәні мынада - екі сословие – ақсүйектер және халық атап 
көрсетіледі.
Ақсүйектер отбасылары қатарына жататындық белгісі мемлекетте
жоғары лауазымдарды алу кезінде маңызды рольді атқарды. Әлеуметтік 
титулатура-ның мәні әскери және тайпалық құрылысты бірлестіруден 
тұрады. Практикада бұл мынаны білдірді: бейбіт уақытта хан, қаған 
титулдары – «мемлекет басшысын», ал әскери иерархияда «жоғарғы бас 
қолбасшыны» білдірді. Жабғу, шад терминдерімен қағаннан кейінгі
жоғарғы рангты әскери-әкімшілік шендер белгіленді және тек хан тегінен 
ғана тағайындалды. Бұйрық терминімен коман-дирлер белгіленді,
мемлекетте бұйрық бас уәзірдің постына қызметке орна-ласқан. Бек титулы 
ханнан төмен иерархиялық сатыда болатын, феодалдық билеушінің 
білдіреді, әдетте бұл автономдық бірлестікті (тайпаны, руды) билеуші. Тегін 
титулы «хан отбасының кіші мүшелерінің аттарына қосылатын титул, 
ханзада» дегенді білдіреді. Атқаратын лауазымына байланыссыз, ол қаған 
өлген соң таққа жалғыз өзі үміткер болған. Тархан титулы түркі 
халықтарында өте кең тараған. Шамасы тархандар алымдар жинаумен 
айналысқан және мемлекетте фискальды қызметті орындаған (Фиск – латын-
ның fiscus сөзінен - император қазынасы. Фискальды – қаржылық, салықтық, 
мемлекеттік табыстарды, қазынаны шоғырлауға қатысы бар). Түркілердің 
титулдары мен шендері мынадай: қазынашы, кеңесші, басшы, атақ разряды,
дәрежесі, шен, елші, бақылаушы, сарай қызметшісі, жүздік, ондық және т.б.
Қытайдың әдебиет көздерінде 28 шен разряды келтірілген. Тармақталған 
әскери-шенеунікті аппараты және осындай әлеуметтік титулатурасы бар 
мемле-кетте, 
мұндай 
мемлекет 
әскери-адамгершілік 
принциптерде 
ұйымдастырылған, орталықтандырылған империя ретінде ғана бар болуы 
мүмкін.
Түркі тұжырымдамасында жоғарғы билік доктринасы былай 
сипаттайды: «Біріншіден, «қаған» деген түркі титулы және қағандық 
титулатураның толық формуласы билеушінің Аспан Тәңірімен киелі 
байланысты сипаттайды. Толық титул конструкциясы, сондай-ақ қаған
харизмінің аспаннан Жер-Ана арқылы жердегі таңдаулыға қозғалысы 
туралы, еркін орындаушы және құдай берген күштердің рахатын тасушы 
ретінде монархтың әрекеттері туралы түсініктер. Екіншіден, осы 
идеологиялық дәстүрлер сарайдың маңызды салт жораларын орындау 
тәртібімен толықтырылды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет