Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

Ү. Алтын Орда империясы. ХІІІ ғасырда бар әлемді орасан ұлы
оқиғалар шын мәнінде қатты толқытты. Византия латындықтардан
босатылды (1261 ж. латындықтардың Константинопольден аластатылуы) 
және өз ғасырын 1453 ж. дейін жасарын жасап, асарын асады. Ежелгі Русь 
оған славян тайпа-ларының күші негізделген, қауымдық-рулық тұрмыстың 


қалдықтарын жоғалт-ты. «Русь» этникалық жүйесінің тұтастығын сезіну 
енші жерлерден вотчи-наға айналған, князьдіктердің ұсақталуымен бірге
жоғалды. Кертартпа және кез келген өзгеріске қастықпен қараған көшпелі 
түркілер бір саяси орталықты мемлекеттік құрады. Дамудың көп салттылығы 
және элементтердің алуан түрлілігі кез келген жүйенің тұрақтылығының 
міндетті шарттары болып табылады. Осыдан, полиэтникалылық және көп 
салттылық түркілік супер-этникалық тұтастықты бұзбай, нығайтты. Бірақ
ХІІІ ғасырдың басына қарай бәрі өзгерді. ХІІ-ХІІІ ғасырлардың шебінде 
Монғолияның өзінде болған, объективті үрдістер түркілердің тағдырына әсер 
етті: біріншіден, этностың емес, Ұлы Даладағы мемлекеттердің саяси ыдырау 
жолағы басталады; екінші-ден, Еуразия кеңістігінде ашындардың билеуші 
әулеті көшпелі мемлекеттің шыңғысшыларымен
 
ауыстырылады.
1196-1205 жж. кампания нәтижесінде Темучин Монғол далаларының 
барлық басты тайпаларын (керейіттерді, меркейіттерді, наймандарды және 
т.б.) өз билігіне біріктірді. 1206 ж. көктемде Онон өзенінің бастауларында 
құрыл-тай өтті – онда Темучин монғолдардың жоғарғы әміршісі болып 
жарияланды.
Шыңғысхан құрған мемлекеттің негізіне әскери ұйым принципі
салынды. Өз билігімен Қиыр Шығыстың, Алдыңғы Азияның және Шығыс 
Еуропаның көптеген халықтарын, елдері мен мемлекеттерін біріктірген 
империя, ұзақ тіршілік ете алмады. Монғол империясының бірлігі, Ұлы 
Мөңке ханның өлімінен кейін оның екі бірдей інісі – Арық Бұға және
Құбылай бір мезгілде ұлы хан болып жарияланғанда, 1260 ж. бұзылды. 
Жошы ұлысындағы Берке және Шағатай ұлысындағы Хайду батыс
әміршілері оларды мойындамады, және істің шын мәнінде, тәуелсіз 
әміршілер болды. ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғына қарай Монғол 
империясы төрт ұлыс-мемлекетке ыдыра-ды, олардың әрқайсысын хандар – 
Шыңғысханның ұрпақтары биледі. Олар: 
1. Алтын Орда, шығыста – Ертістен бастап батыста – Дунайға дейін 
және барлық орыс князьдіктері. Бұл мемлекетті Шыңғысханның үлкен ұлы - 
Жошының (1227 ж. өлген) ұрпақтары биледі, оның әулеті Ұлы Далада және
шектес аймақтарда жоғарғы билікті өте ұзақ уақыт бойы – ХІХ ғасырдың
ортасына дейін сақтады. 
2. Шағатай мемлекеті, ол Мавераннахрдан, Жетісудан, Қашқариядан
құралды және Шыңғысханның екінші ұлы – Шағатайдың атымен аталған, 
оның әулеті ХVІІ ғасырға дейін тіршілік етті. 
3. Хулагуидтар мемлекеті, Иранда Шыңғысханның төртінші ұлы, Тулуй-
дың ұлы Хулагу ханмен (1265 ж. өлген) құрылған. Хулагу әулеті сондай-ақ 
«Елхан» титулын иеленді, сондықтан Иранның монғолдық билеушілерін
Елхандар деп жиі атайды. Елхандар мемлекеті ХІV ғасырдың ортасында
ыдырады.
4. Орталығы Ханбалықта (Пекин) болған Монғолия мен Қытайдың 
өзіндегі мемлекетті Тулуйдың (1233 ж. өлген) ұрпақтарының басқа тармағы 
– Құбылай (1294 ж. өлген) биледі. Бұл мемлекет Юань империясы деген 
қытайдың ресми атын алды. Тулуйдың ұрпақтары Монғолияның өзінде ХVІІ 


ғ. дейін билігін сақтады, ал Қытайда олардың орнына Мин әулеті келгенде, 
олар 1368 ж. дейін ғана биледі. 
Аталған төрт монғол мемлекетінен Алтын Орда мемлекетінің – Ұлық
Ұлыс Жошы билеген мемлекеттің түркілердің саяси тарихы үшін ерекше
маңызы болды. Осы мемлекетті белгілеу үшін орта ғасырдың мұсылман 
авторлары келесі атауларды қолданды: Ұлық Жошы, Дешті-Қыпшақ, Берке 
елі, Солтүстік Патшалық және т.б. – ал зерттеу әдебиетінде ол Алтын 
Орда ретінде белгілі. Ш. Уәлихановтың сөздері бойынша: «Барлық
жапсырмаларда Алтын Орда Ұлық Ұлыс деп аталады және түркі 
тарихшылары мен халық аңыздарында... ешқашан Орда деп аталмаған». 
Алтын Орданың құрамына Шығыс Дешті-Қыпшақ (Ертіс өзенінен батысқа 
қарай Еділдің сағаларына дейін Қазақстанның далалық аймағы), Батыс 
Сібір, Хорезм және Солтүстік Кавказ, еділдік Бұлғар, Қырым жерлері 
кіреді. Тәуелділікті мойындаған және оның хандарының қолынан 
«князьдіктерге 
жапсырмалар» 
алған, 
алым-салық 
төле-ген, 
бірақ 
салыстырмалы түрде дербестілікті сақтаған, орыс князьдіктері Алтын 
Ордадан вассалдық тәуелділікке түсті. Алтын Орданың орталығы Еділдің 
төменгі жағалауы болды, онда Бату ханның кезінде астанасы Сарай-Бату 
қала-сы болды, ХІV ғ. бірінші жартысында оның астанасы Сарай-Беркеге 
(қазіргі Волгоградтың жанында) ауыстырылды. Өз кезегінде Алтын Ордада 
ұлыстық жүйе қалыптаса бастады. Ауылғазының (ХVІІ) аңызы бойынша, 
Бату «солтүс-тік елдерге» - Еуропаға жеті жылдық жорықтан кейін (1236-
1242) - өзінің інісі Орда Едженге былай депті: «Бұл жорықта сен біздің 
ісіміздің аяқталуына қолғабыс тигіздің, сондықтан сенің әкең өмір сүрген 
жерде, халқың саған беріледі», яғни ол - Шығыс Қазақстан. Әдет-ғұрыптарға 
бағынып, Бату өзінің басқа інілеріне де енші жерлерін берді. Орда Едженнің 
ұлысынан батысқа қарай Шайбанның жерлері жатты. Ұлыс шайбанның
бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай хабарлайды: «Жошының ұлы... 
Шайбан хан Бату ағасынан сыйлық ретінде төрт аймақты алды». Орда 
Едженнің жерлері - Көк Орда, ал Шайбанның жерлері Ақ Орда деп аталды. 
Шайбан ұлыс Орда Едженнің құрамына кірген соң барлық территория Ақ 
Орда деп атала бастады. Ақ Орда Орыс ханның кезінде (1361-1380) едәуір
нығаяды. Алтын Орданың басты ордасын Батудың ұрпақтары биледі.
Алтын Орданы басқарушы хандарға Жошы Үйінің барлық ханзадаларының 
қожалықтары бағынды. 
ХІV ғ. ортасында оларға Орта Азияның солтүстік-шығысы, Жетісу мен
Шығыс Түркістан кірген территорияларда, Моғолстан мемлекеті
құрылды. Оны билеушілер әулетінің негізін қалаушы шағатайшы Тоғлық
Темір (1347-1362) болды. Батыс бөлігінде – Мавераннахрда әмір Темірдің 
(1370-1405) мемлекеті пайда болды. 1428 жылы Ақ Орданың билігіне 
Шайбанид Әбіл-қайыр келді. ХV ғ. ортасына қарай Батыс Қазақстан 
территориясында – Ноғай Ордасы пайда болды. Алтын Орданы билеген, 
Едіге ханның кезінде (1396-1411) Алтын Орданы оңашалау басталды. Ол
Едігенің ұлы Нұраддиннің кезінде (1426-1440) түпкілікті оңашаланды. ХV ғ.


20-60-шы жылдарда Сібір, Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары
пайда болды. 
«Дешті-Қыпшақтағы» (Ұлыс Жошымен біріктірілген, Ұлы Дала) әлеу-
меттік қатынастар белгілі өзгерістерге ұшырады, бірақ түбегейлі 
өзгерістер енгізген жоқ. Пайдалануда оның ескі нысандары біртіндеп
қалпына келтірілді немесе сақталды. Саяси билікті ұйымдастыруда
орталықтандыру және тәртіп талап етілді, оның негізгі доминанты 
Шыңғысханның жасасы болды. Сондық-тан олар ондық жүйе негізінде
құрылған, нақты әскери ұйымы бар, әскер-халыққа айналды. Мұндай ұйым 
Ұлы Дала номадтарында ежелден болды. Шыңғысхан оған тек аса
аяқталған нысандарды берді. Дәстүрлі әлеуметтік-саяси ұйымның жоғары 
буындарын бұзған, сонымен, сепаратизмнің айқын-далу қаупін жойған, 
Шыңғысханмен құрылған әскери-саяси жүйе жаңаның өзі болды. Бұл 
қоғамда топтар мен таптар арасындағы басты айырмашылықтар меншіктің 
түйінді ресурстарға қатынастарынан емес, ал билік пен басқаруға
қатынастан құралды. Билеушілердің басқарылушыларға салған, тікелей 
міндеткерліктері айрықша құқықты топтың пайда болуының себебі емес,
салдары болып табылды.
Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдай өте ерекше нысанды 
қабылдады, өйткені жалпы империялық деңгейде монғол аристократиясының 
және араттар-дың қатынастары негізгі болмады. Ұлық Ұлыста Жошы (және 
оның ұрпақтары) керексіз бұзылыстарды болдырмауға тырысты. Алтын 
ордалық хандардың саясаты өз мемлекетінің онда көшпенділер мекендеген 
территорияларында қалалардың жылдам құрылысына және осы қалаларды 
саудалық-кәсіптік орталықтарға айналдыруға бағытталды. 100-ден артық
болған, алтын ордалық қалалардың ашық және синкреттік мәдениеті тура 
осындай тәсілдермен құрылды. Олардың 20-на жуығы монета соғу құқығы 
бар ірі орталықтар болды. Олардың ең ірісі Сарай Бату, Сарай Әл Жедид, 
Жайықтағы Сарай, Азау, Бақшасарай, Үкек, Солтүстік Кавказдағы Маджар, 
Еділ атырауындағы Қажы-тархан, Мордовиядағы Мохим, Сібірдегі Чилын 
Тура болды. Көптеген қалалар шығыста ғана емес, сонымен бірге барлық 
әлемде ең ірі болып саналды. Сонымен, Сарай Бату халқы 100 мың адамнан
асты (ХІV ғ. халқы 5-10 мың адам үлкен болып саналды). Билеушілердің 
арқасында Ұлық Ұлыстың территориясында Батыс Еуропа елдерінің, 
әсіресе Генуя мен Венецияның сауда факторияларын аша бастады. Бұл 
факториялар ірі қала орталықтарына жылдам өсе бастады – Кафа 
(Феодосия), Солдайя (Судак), Чембала және т.б. 1321 ж. Кебек ақша 
жүйелерін есепке алып жүргізген реформа, бірдей салмақты және сынамалы 
күміс монеталарды тұрақты соғуға өтуді құрады және енді барлық Ұлық 
Ұлыста монеталардың салмағы бірдей болғандықтан, ішкі де, сыртқы да
сауданың жандануына мүмкіндік туғызды. Керуен саудасы едәуір
кеңейтілді. Батыс қазақстанда және Еділ бассейнінде жаңа қалалық
орталықтардың пайда болуы Азия мен Еуропадан керуен жолдары орталығы-
ның шоғырлануына әкелді. Керуен жолдары көркейтілді. Ұлық Ұлыс


хандарының бұйрықтары бойынша, сауда жолдарында құдықтар қазылып,
керуен-сарайлар салынды.
ХІV ғ. бастап ислам үстемдік етуші дін болды. Бұған Ұлық Ұлыс 
хандарының, әсіресе Өзбек ханның саясаты мүмкіндік туғызды. Қазақстанда
исламды насихаттау үшін діни сопылық ордендер – Яссавия мен
Накшбаидия пайда болды. Өзіндік дін ілімін зерттеулер қыпшақ тілінде 
арнайы трактатпен жазылды. Осылай, 1430 жылы Құранның ережелерін
түсіндіретін, «Мұқаддим кітабы» атты еңбегі жазылды. Исламның әдет-
ғұрыптық жағы, тәртіп нормалары және діни құқық – шариғат 1421 ж. 
шыққан, «Ад-Дачва кітабы» атты кітапта толық сипатталды. Бұл кітаптар
исламмен танысу үшін, Ұлық Ұыс халқының арасында мұсылмандық
идеяларын аса кең ендіру үшін үшін тағайындалған. 
Жоғарғы биліктің жоғарғы органы құрылтай болды, онда ірі әскери
кісіпорындармен 
байланысты 
мәселелер, 
ішкі 
саясат 
мәселелері, 
шыңғысшылар арасында облыстарды бөлу және т.б. мәселелер шешілді.
Шыңғысшылар мен әскери-көшпелі ақсүйектер съездері сондай-ақ 
ұлыстарда да жиналды. Ибн Баттутаға сәйкес, мұндай жиналыс түрікше 
«той» деп аталды және жыл сайын шақырылды. Батуттаның сөздері 
бойынша, тойға Шыңғысханның ұрпақтары, әскери бастықтар, облыстар 
билеушілері және ақсүйек әйелдер келген.
Жергілікті халыққа салық салудың өзіндік жүйесі анықталды.
Көшпелі-малшылар «копчур» - жүз мал басынан бір басты, «тағар» - 
әскерлерді жабдықтауға арналған салық төлеуге міндетті болды, ол екі 
бөлікке бөлінді – «азық» - азық-түлік жинау және «алық» - мал азығын 
жинау. Егіншілер «қаржы-қаражат» салығын төледі. Тура салықтардан 
басқа, халық «конгла» - тұрған әскерлерді асырау, «жамалғы» - хабаршылар
мен әкімшілік тұлғаларды қамтамасыз ету міндеткерлігі, пошта 
станцияларын ұстау міндеткерлігін атқарды. Көпестер тауарлардан баждар
- сауда салығын төледі. Ұлық Ұлыста салықтар жинаудың анық жүйесі 
болды, арнайы реестрлер – «дафтари» бойынша есеп жүргізілді. Орыс 
князьдіктері «шығыс» - әрбір шаруашылықтан мүліктің көлемінен 
проценттер мөлшерінде алым-салық төледі. Салық жинауды - басқақтар, ал
ХІV ғ. бастап қотара сатып алушылар мен жергілікті ақсүйектер жүзеге 
асырды. Мемлекеттік кеңселерде іс жүргізу түркі дәстүрлерінде түркі 
тілінде жұмыс істеді. Елді тәкелей басқару атқару билігінің арнайы органы 
– диуан арқылы жүзеге асырылды, оған дамирлер - хатшылар, битакчи – 
көшірушілер, салықшылар – салық шенеуніктері, қазынашылар -
қаржылық ведомство шенеуніктері және олардың көмекшілері - 
тұтқауылдар, бақауылдар және есауылдар кірді. Тіпті ХVІІ ғ. аяғына дейін
олардың мемлекеттері Алтын Орданың үйінділерінде пайда болған, Қазақ 
хандығының билеушілері және Мәскеудің ұлы князьдары мен патшалары,
алтын ордалық хаттамалық дәстүрлерде әр түрлі мемлекеттермен арнайы
хат жазысты, бұл олардың бөтен бірдеңе сияқты қабылданбаған, ордалық
рәміздерді шектеулі, үйреншікті пайдалануы туралы куәландырды.


ХV ғ. басына қарай Алтын Орда біртіндеп жеке саяси құрылымдарға
ыдырайды, олардың әрқайсысына, көшпенділерден басқа, тиесілі
отырықшы аудандар енді. Бірақ соңғылары біртіндеп құлдырай бастады 
(ашық теңіз жолдарынан Жібек жолы өзінің бұрынғы ұстанымдарын
жоғалта бастады). Сондықтан көшпелі аристократия тәуелділік пен
пайдаланудың жаңа сыртқы көздерін іздеуге жаңа күшпен ұмтылады. Ол 
оларда үстемдік етуші тап болу үшін, отырықшы аудандарды өзіне 
бағындыруға қайта ұмтылды. Бірақ, Шығыс Еуропадағы және Алтын 
Орданың өзіндегі саяси жағдай Алтын Орданың пайдасына шешілмейді.
Ақырында, Алтын Орданың сынықтарында құрылған мемлекеттер, әр түрлі
өзгертілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет