Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

ІІ. Жаңа Патшалық. Ұлы Даладағы арийліктердің мирасқорлары 
олардың ұрпақтары - киммерийліктер, савроматтар және сақтар болды. Жаңа 
эраның пайда болуы осылармен байланысты. Олар адамзат тарихына 
бірнеше оқиғалар әкелді. Атап айтқанда, темірдің игерілуі және таралуы. 
Мал шаруашылығының жаңа типі – көшпелі шаруашылықты құру, осыдан – 
көшпелі өркениеттің орнауы. Егін шаруашылығы саласында ірі жер 
суландыратын жүйелерді жасаумен байланысты, жерді өңдеу тәсілі
түпкілікті қалыптасты.
Киммерийліктер туралы алғашқы мәліметтерді бізге грек жазушылары 
қалдырды және алдыңғы азиялық сына жазу деректерімен бекітті. «Илиада-
ның» мәтіні қалыптасқанға дейін және Геродоттың сақтардың 
амазонкалармен некесінен савроматтардың қалай құрылғаны туралы 
әңгімесіне дейін, амазон-калардың Еуропа мен Кіші Азияға, тіпті Афина мен 
Трояға дейін жорығы тура-лы аңыз қалыптасты. Бұл аңыз тіпті әйгілі паросс 
мәрмәрінде – б.э. дейінгі 264-263 жж. оқу хронологиялық кестесінде өзінің 
мектептік көрінісін тапты, кесте бойынша бұл жорық б.э. дейінгі 1256/1255 
жж. болды. Грек авторлары оларды алдымен - Қара теңізге, ал сонан кейін 


Жерорта 
теңізіне 
таратты. 
Гомердің 
хабарламалары 
бойынша 
киммерийліктер ең күтпеген жерлерде болды. 
Геродот оларды Қара теңіздің солтүстік жағалауында, әсіресе Керчен
түбегінде шектейді. Онда олардың этнонимінен туындайтын атаулары бар
жер-лер болды: Киммерий қабырғалары, Киммерий өткелдері, Киммерий
облысы және Киммерийлік Босфор. Алайда Геродоттың киммерийлік
патшалардың молаларын Тира қаласының маңында, Днестрдің сағаларында 
шектеуі, кимме-рийліктердің сол немесе өзге топтарының Қырымның 
шекарасынан тыс, Еура-зияның далалы аудандарында бар болуын 
жорамалдайды. Страбон Геродотқа жақын, бірақ басқа нұсқаны пайдаланған 
қандай да бір әдебиет көзінен алын-ған, тура сол мәліметтерді хабарлайды. 
Ол сондай-ақ киммерийліктердің Кавказ бен Кіші Азия арқылы жорықтары 
туралы хабарлайды. Лигдамий патшаның басшылығымен киммерийліктер
Эфеске, Калинге жақын келгенде, б.э. дейінгі ҮІІ ғасырдың ортасындағы 
ақын жастарды отанын қорғауға шақырды. Сол кезде киммерийліктер
Сардыларды да жаулап алды. 
Сына жазу көздері (ассириялық және вавилондық патшалар деректері
және көптеген басқалар) гамирра халқы туралы айтады, олар б.э. дейінгі
ҮІІІ ғасырдың соңғы тоқсанынан бастап алдымен Урартудың солтүстік 
шекара-ларын қобалжыта бастады, ал сонан соң Ассирия мен Кіші Азияға 
кірді. Осының барлығы киммерийліктер мен гамирраның бірлігін айтады. 
Б.э. дейінгі ҮІІ ғасырдың 70-50 жылдарында сына жазу құжаттарында 
ишкуза-ашкуза (скифтер) және гамирра-гимирра (киммерийліктер) іргелес 
еске алынады. Б.э. дейінгі ҮІІ ғасырда ассириялық хроникалар Солтүстік-
Каспий далаларынан Каспий теңізінің батыс жағалауы бойымен өткен, 
көшпенділердің шапқыншы-лығын атап өтеді. Оларды Испака патша
бастады, оның өзіндік аты ишгуз
болды. Ассириялық жазбашылар Испака 
патша жетекшілік еткен, ишгуздардың өзіндік атын аса дәл берген. Ішкі-
оғыз ұлы этнонимі «Менің Қорқыт атамның кітабы» атты оғыз эпосының 
арқасында біздің күнге дейін жетті. Эпосқа сәйкес жиырта төрт ру екі ірі 
бірлестікке бөлінді – ішкі-оғыз және сыртқы-оғыз. Жазбаша эпикалық 
ескерткіш, кейінірек түрікмен, әзербайжан, түрік және қазақ халықтарының 
құрамына енген, оғыз тайпаларының тарихын, тұрмысын, салт-дәстүрін 
көрсеткен. Ескерткіш екі жазумен белгілі, оның біреуі - Дрезденде, ал 
екіншісі - Ватиканда сақталған. Дрезден қолжазбасы - он екі, Ватикан
қолжаз-басы алты дастаннан тұрады. 
Киммерийліктердің, ишгуздардың, соның ішінде басқа көшпелі 
тайпалар-дың да өзіндік атау мен тілдік жақындықтың бірлігімен айтылған
генеалогия-лық 
және 
мәдени 
ортақтықты 
сезінгені, 
жергілікті 
этнотерриториялық топта-малардың бар болғанын жорамалдайды. Олардың 
кейбіреуінің атаулары кейбір қазіргі уақытқа дейін сақталған көршілерден 
алынған жазба мәтіндерде белгі-ленген.
Тарихи әдебиетте сақтар дәуіріне қатысты «темір ғасыр», «ерте 
көшпенді-лер дәуірі», «скифтер дәуірі» терминдері қолданылады. Сақ 
тайпалары андронов халқының – арийлердің, турлардың, Авестаның 


дахтары мен данда-рының тікелей ұрпақтары болды. Бұл тұжырымды 
археологтар, сондай-ақ сақ уақытындағы халықтың андроновшылар дәуірінің 
халқына генетикалық сабақ-тастығын анықтаған, антропологтар да растайды. 
Саяси ұйым ғылымда «әскери демократия» деп аталды, ол ру-тайпалық 
және әскери-мемлекеттік қатынастардың симбиозы болып табылды.
Археологиялық материалдар сақ қоғамының заттық полярлануын және 
саралануын көрнекті сендіреді. Бірақ, бұл теңсіздіктер генеалогиялық 
байланыстардың күшті жамылғысымен байла-нысқан және жасырылған 
болды. Одан мұрагерлік билеушілер шыққан, «патша тегі» болды. Ал 
биліктің идеологиялық негізі оның діни шығу тегі туралы түсінік болды. 
Биліктің және билеудің этногенетикалық жүйесін автор Авеста деректерін
талдау мысалында көрсетті. Патша қорғандарының ескерткіштері
айтылғаннның дәлелі болады. Мысалы, Алматы облысының Ыссы
қаласының жанында барлық әлемде кеңінен белгілі «Алтын адамның» 
табылуы. Сақ қоғамында әскери-тайпалық аристократия маңызды роль 
атқарды. Халық жиналысының ролі жоғары болды. Халық жиналысы патша 
атынан өкілеттілер-ді ұсынды. Бұл сайланған өкілдер көсемдердің билігін 
шектей алды. Қоғамдық құрылыс тұрғысында: патронимия (отбасы-рулық 
топ), тайпа (бірнеше патро-нимиялық топтан тұратын, көшпелі қоғам), 
тайпалар 
одағы 
(биліктің 
протес-танттық 
функциялары 
және 
мемлекеттіліктің бастапқы нысаны бар, бір генеа-логиялық тамыр 
тайпаларының конфедерациясы). Бұл енді оған әскери-демо-кратиялық 
құрылыс жұмылдырылған, билік пен басқару ұйымы болды. Тайпалық 
одақтар әлеуметтік ұйымның жаңа және жоғары типтері болды. 
Идеологиялық және әлеуметтік жүйелерге тән құрылымдар: үштік 
әкімші-лік-саяси бөлу, үш әскер тобы, үш қоғамдық қабатша және бірінші 
атаның үш батыр ұлы. Мысалы: бірінші аталары – Тарғытай және Қолақсай, 
көктің қасиетті сыйлары; және Жанарыс, Бекарыс және Ақарыс туралы 
генеаология-лық аңыз. Қасиетті сыйлар туралы аңыздың бар болуы 
қоғамдық құрылыстың символы болды. Бұл кезде басты даму бағыты 
барлық сақтардың шығу тегінің ортақтығын атап көрсетуге, оларға тиесілі 
әлеуметтік қатынастардың құдайшыл анықталуын негіздеуге ұмтылу болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет